Мерзімі:18.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Жаңа жылды қарсы алу»
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: лексиканы меңгеру, сауатты жазу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Антоним, синоним, омонимд еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қиын сөздер :
Диктант.
Жаңа жылды қарсы алу.
Жаңа жылды былай қарсы алады:жаңа жылға арнап шырша орнатылады.
Шыршаға әдемі ойыншықтар,түрлі түсті электр шамдарын іледі.
Түнгі сағат он бірде шыршаның шамын жағады.Отбасы мүшелері дастарқан басына жиналады. Олар түнгі сағат он екіде бір-бірін құттықтап,жақсы денсаулық, бақыт тілейді. Жаңа жыл-қуанышты мереке.
Балалар үшін үйлерде,мектепте,театрларда шырша орнатылады. Олар шыршаны айналып билейді,өлең,тақпақ айтады, ән салады. Жаңа жылдық мереке Аяз ата мен Ақшақар келеді. Олар балаларға сыйлықтар таратады.
(78 сөз)
Тапсырма: сын есімді тап.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
Өткенді қайталау
VІ. Бағалау бөлімі
Диктант жұмысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау