Урок по теме Ерлік мәңгі есте

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тәрбие сағат тақырыбы: «Ерлік мәңгі есте»

Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

Видио көрсету.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.





1-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Мад тобы оқушылары.

2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.







Интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі:





4-інші сынып оқушы қыздардың орындауында «Катюша» биі биленеді.





1-жүргізуші:



Тастар көкке атылды,



Орман шулап, тау құлап,



28 батырды жеңе алмады жау бірақ.



Жамылды жер тұманды,



Өрт ішінде қалды бақ.



28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.



2-жүргізуші: Оқ астында зулаған,



Туған жермен бір болып,



Жау алдында тұр олар 28 мың болып,



28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

2-жүргізуші:



Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!

Ахмет Жайна «Мәншүк»

Сағындық Аружан «Жеңіс күні»

3-оқушы: «Әлия»



3-інші сынып

Тақпақ:Гүлсезім,Жапырақ,Қамар



1-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.

Ән сарбазым Айқын,Қамар

2-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

Жанеркем:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық,ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

Аманай:

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты.

Сымбат:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды

Хор:Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.

Ханзада:

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

Қалжан:

Әлия,Мәншүк анамыз,

Бауыржандай атамыз,

Фашистерден отанды

Қорғап батыр атанды.

Біз еліктеп өсеміз,

Батырларың десе кім ?

Әлия,Мәншүк анамыз,

Бауыржан біздің атамыз

2-жүргізуші:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.

1-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

2-жүргізуші:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!