Урок Шынықсан шымыр боласын

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Алматы облысы, Талғар ауданы. Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:

Жаксыбаева Салтанат Саимовна



Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс

Мақсаты:

  1. Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

  2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Түрі: Эстафеталық жарыс

Өтілетін орны: Спорт зал

Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, шарлар.

Өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

1-жүргізуші: Назира

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.

II. Негізгі бөлім

2-жүргізуші: Салтанат

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер бүгінгі «Оқыса білім бұлағы, білімді елдің ұланы» атты бастауыш сыныптар апталығына орай ұйымдастырылған салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2-ші сынып оқушылары қатысады.

1-жүргізуші: Назира

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Жылдам да шапшаң,

Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.

(әр топ сап түзеп, орындарына  келіп тұрады)

  1. «Қырын» тобы, 2«А» сыныбы

  2. «Жалын» тобы, 2 «Ә» сыныбы

  3. «Сұңқар» тобы, 2 «В» сыныбы

  4. «Жүйріктер» тобы, 2 «Г» сыныбы

2-жүргізуші: Салтанат

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер! Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

  1. Мектеп басшысы: Бекбосынов М.Р.

  2. Мектеп басшысының орынбасары: Дуйсенова А.Т.

  3. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Ракымжанова А.Д.

1-жүргізуші: Назира

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :

  1. «Өз тобыңды таныстыр»

  2. «Эстафета»

  3. «Арқан тарту»

  4. «Мерген»

  5. «Навигатор»

  6. «Жүгіріп барып берілген тапсырманы орындау»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

2-жүргізуші: Салтанат

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

Өнер қуып топ өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

1-жүргізуші: Назира

1-тур: «Өз тобыңды таныстыр»

Олай болса,  ортаға «Қыран», «Жалын», «Сұңқар», «Жүйріктер» топтарын ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Салтанат

Әділ-қазыларға сөз береміз!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Олай болса, екінші турымызға өтеміз.

2-тур: «Эстафета»

3-тур: «Арқан тарту»

4-тур: «Мерген»

Ойынның шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.

 5-тур: «Навигатор»

Ойынның шарты: Топ мүшесінен  ұлы мен қызы жұптасып бір-біріне арқа сүйеп допты түсірмей кедергі арасымен алып жүру.

III. Қорытынды бөлім

1-жүргізуші: Назира

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады, —демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

ІІІ орын 2 «А» сыныбы. ІІ орын 2 «В» сыныбы

І орын 2 «Ә» сыныбы Бас жүлде 2 «Г» сыныбы

2-жүргізуші: Салтанат

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан  астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!

Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!