|
Әдебиеттік оқу 3-сынып Бұршақ
Автор публикации: Джумагулова Ж.Т.
Дата публикации: 2016-04-02
Краткое описание: ...
Пәннің аты: Әдебиеттік оқу
| Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім | Сабақтың атауы | Е. Елубаев. Бұршақ. Кемпірқосақ | Мақсаты | Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу. 3. Жаңа сабақты меңгереді. 4. Болашақта өз керегіне жарата біледі. | Күтілетін нәтиже | Психологиялық ахуал | Әппақ болып таң атты, Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
| Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | Қызығушылықты ояту | Қанша сәбіз еді? Біздің үйде көжек көп, Іштерінде өжет көп. Әсіресе бес көжек Маған нағыз дос көжек Қолымнан кеп жем жейді, Басқалары келмейді. Бес көжекке достасқан Сәбіз бердім қос-қостан. Бір сәбізім соңында, Қалып қойды қолымда. Сәбізімді әуелгі Санап берші ал енді.
| Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | Мағынаны тану | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Автормен танысу. Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. [pic] Шығармашылығы: Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды.Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кино-фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген. Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984; Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984. | Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді,шашағандары басылады | Ой толғаныс | [pic] [pic] Кемпірқосақ,бұршақ тақырыбында жұмыстар жүргізу. | Үйге тапсырма | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. | Күнделіктеріне жазып алады | Бағалау | [link]
| Бағалау парақшасын толтырады. | Кері байланыс | [pic] [pic] | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|