Әдебиеттік оқу тест 3-сынып 3 тоқсан
1. Бөлімдегі оқиғасы жақсылыққа жамандық бар деген пікірге құрылған мәтінді ата.
А) Ы. Алтынсарин « Таза бұлақ» Ә) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе меруерт»
Б) Ы. Алтын сарин. «Баланың айласы» В) С.Бегалин. « Мейірім»
2. 1. Ы.Алтынсарин « Көңілдің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады» деп не туралы айтып отыр?
А) Өзен Ә) Бұлақ Б) Теңіз В) Көл
3. Б. Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесінде « Соқыр бүркітті адамдар он жеті жыл бойы асырып келеді. Жақсылықты ұмытпауды үйрен» деген сөздерді айтқан кім?
А) Гайдар Ә) Мұхтар Б) Қарт В) Автор
4. Төмендегі жоспарға сәйкес келетін шығарманы ата:1.Жайлауға дайындық. 2. Жаңа қоныс. Үй ішінің көрінісі.
А) К. Оразалин. «Абай шаңырағы» Ә) С.Бегалин. «Мейірім»
Б) «Абай мен Әбіш» В) Ж.Кәрменов. «Әке тәлімі»
5. « Күзек» сөзінің мағынасын тап.
А) Көктемгі егіс даласы Ә) Қойды күзде бағатын қоныс
Б) Шөп шабатын жер В) Сиырдың табыны
6. Б.Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесін есіңе түсір. Мәтіндегі « Жақсылыққа жақсылық- әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі» деген мақал кімге қатысты айтылған?
А) Мәуленге Ә) Атаға Б) Немересіне В) Балаларға
7. Ғалым, жылан, түйе, ит, бала қай шығарманы еске түсіреді?
А) Б.Соқпақбаев. «Шал мен бала» Ә) С.Бегалин. « Мейірім»
Б) Ы. Алтынсарин. «Баланың айласы» В) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе меруерт»
8. «Қуанышты күнің, жаңа жылдың құтты болсын,қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам айтылған?
А) Наурыз Ә) Жаңа жыл Б) Ораза айт В) Құрбан айт
9. Өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын аман алып қалған ақсақ киіктің « ақылдылығы» әңгімеленген шығарманы ата.
А) С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» Ә) К. Сегізбай. «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Б) Ә. Қоңыратбаев «Киіктің айласы» В) И. Байзақов . «Алтай аясында»
10. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?
А) Құралай Ә) Қозықа Б) Ақбөкен В) Марал
11. Абай атамыздың « ... Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі» деген өлең жолдарында жылдың қай мерзімі суреттелген?
А) Қыс Ә) Жаз Б) Жазғытұры В) Күз
12. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап. «..... қорада шу»
А) Көбелек пен құстар да Б) Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті
Ә) Түйе боздап, қой қоздап В) Ел ешкісін қырқыпты
13. « Ел ешкісін қырқыпты,
Егіндерін жыртыпты» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
А) Күз Ә) Көктем Б) Жаз В) Қыс
14. І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңінен келтірілген шумақтағы ұйқасып тұрған жолдарды тап: Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты. Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті, Жер қарайды- жаз кепті.
А) жел соқты-қаз кепті Ә) су ақты- жаз кепті
Б) қаз кепті-жаз кепті В) су ақты-қаз кепті
15. «Қуанышты күнің, жаңа жылдың құтты болсын,қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам айтылған?
А) Наурыз Ә) Жаңа жыл Б) Ораза айт В) Құрбан айт
16. І. Жансүгіровтың « Жазғытұрым» өлеңін есіңе түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой: « .... көк майса
А) желіндейді Ә) желпілдейді Б) желкілдейді В) жалпылдайды
17. « Көктем сәні» ертегісін есіңе түсір. « Көктем сәні- хош иіс» деген қай кейіпкердің сөзі?
А) Қасқыр Ә) Ит Б) Ақбөкен В) Аю
18. Қ. Аманжоловтың «Көктем» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: « Нәзік үнмен сыңқылдап,... бұлақ еркелеп»
А) Асау Ә) Мөлдір Б) Таза В) Бұйра
19. Бөлімдегі негізгі ойы» Еңбекпен тапқан нан тәтті» деген нақыл сөзге құрылған мәтінді ата.
А) «Еңбекпен тапқан тиын» Б) М.Дулатов «Қош келдің,Наурыз!»
Ә) «Ер еңбекте сыналады В) Қ.Аманжолов «Көктем»
20. Көктемгі еңбек туралы жырланған өлеңді ата.
А) Қ. Мұқышев .» Көктем» Ә) « Көктем сәні» (ертегі)
Б) О.Сүлейменов .»Тұңғыш ғарышкер» В) Қ. Аманжолов. «Көктем»
4. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?
А) Құралай Ә) Қозықа Б) Ақбөкен В) Марал
5. Төмендегі шығармалардың ішінде табиғаттың ерекше сұлулығы мен әсемдігі суреттелгенін ата.
А) И.Байзақов. «Алтай аясында» Ә) М.Сүндетов. «Қайырымдылық»
Б) Б. Соқпақбаев.»Қамқорлық» В) Б. Емельянов. «Бүркіт»
6. Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәтіннің қай түріне жатқызуға болады?
А) Пайымдау Ә) Әңгімелеу Б) Сипаттау В) Дәлелдеу
7. Б. Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесінде « Соқыр бүркітті адамдар он жеті жыл бойы асырып келеді. Жақсылықты ұмытпауды үйрен» деген сөздерді айтқан кім?
А) Гайдар Ә) Мұхтар Б) Қарт В) Автор
8. Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесінде газет бетіне нанның үгіндісін сеуіп «же» деп торғайға апарған кім?
А) Жантас Ә) Қожа Б) Автор В) Ақбілек