Урок Менің анам 3 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән: Әдебиеттік оқу

Пән мұғалімі: Жанекеева Марал

Күні: 12.03.2015 жыл

Сынып: 3 «В»

Оқушылар саны: 22

Сабақтың тақырыбы:

Менің анам

Сабақтың мақсаты:



Оқиғаны ретімен әңгімелеу. Баланың сезімі суреттелген шумақтардың мәнін ашу.

Халықтық наным – сенімдер туралы түсіну.

Күтілетін нәтиже:

Мәтінді оқиды, түсіндіреді,топта талқылайды.

Қиялдайды, арманын айқындайды. Мәселеге сыни тұрғыдан қарап,өзіндік пікір айтады.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ

Көрнекіліктер: Оқулық, плакат, маркер, стикерлер, суреттер, слайд

Сабақ барысы 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушыларды түгендеу, қызығушылықты ояту.

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.

«Сиқырлы суреттер» ойыны арқылы сыныпты топқа бөлу

Оқушылар өз міндеттерін орындайды.

«Сиқырлы суреттер» жаттығуы арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы «Көпіршелер»

3 мин

«Бір жыл өтті. Майлыаяқты сағынған иесі бір күні оны іздеп келді». «Сол кезде ...» де п әңгімені оқушы өзінше қиялдан жалғастырып жазып келуге берілген тапсырмасын әр топ өзара талдап,жақсы орындалған тапсырманы оқитынын ескертеді

Мәтін желісі бойынша сұрақтар береді.

Оқушылар топ ішінде талдау арқылы өткенге шолу жасайды.

Жаңа сабақ кезеңдері

«Білу»

(Кім ? Не? Қандай ?Қалай? Қашан? Неліктен? сұрақтарына толық ақпарат берілуі керек ) (2 ұпай)

5 мин

Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

Сағи Жиенбаев 15,05.1934жылы Ақтөбе облысында дүиеге келіп, 15.05.1994 Алматы облысында дүниеден озды.

Ол- ақын. 1984 жылдан шығармашылықпен айналысқан.Алғашқы өлеңдер жинағы «Қарлыағаш» 1959 жылы жарық көрген.Жиенбаев бірқатар ән мәтіндерінің , «Махамбет», «Еңлік-Кебек», опера либреттоларының авторы .Біраз жинақтары шет ел тілдеріне аударылған.Орыс ақындары А.С.Пушкиннің , М.Ю.Лермонтовтың, В.Брюсовтың ақыны Д.Кугультиновтың,армян ақыны О.Туманянның т.б. бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқуды тапсырады

Әр топ өлеңді түсініп оқиды.Жеке, жұптасып,

топпен бірігіп орындайды. Тобына оралып,рет-ретімен болған топтарында не айтылды әңгімелеп береді. Әр топтан бір оқушыдан

шығып ,өлең мазмұнын түсіндіреді.

«Түсіну»

( Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін ? сұрақтарына оқушының берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)

7 мин

Слайдта жұмбақ беріледі.

Рұқсатсыз-ақ кіреді,

Бір-ақ адам көреді.

Не саған көрінеді,

Не маған көрінеді,

Не оған көрінеді. Шешуі:(Түс)

Баланың басынан өткен оқиға қайда болған

деп ойлайсың?

-Баланың анасына деген сезімі қалай суреттелген? Тауып оқы.

- Анамыздан ұзақ кеткенде қандай сезімде боламыз?

Түсінгендерін топ болып айтып шығады.

Баланың түсінде болған.

-Өз аналарына деген сезімімен байланыстыра айтып шығады

Сергіту сәті

2мин

«Ақбұлақ» музыкалық қимылды сергіту жаттығуын орындату

[pic]

Оқушылар музыкалық қимылмен бірге жаттығуды орындап шығады.

«Талдау»

(салыстыр,айырмашылығы неде,ұқсастығы неде, тақырыптың басты идеялары деген тапсырмалар болуы керек) 3 мин

Түс жору туралы естідің бе? Айтып бер.



Балалар түс жору туралы айтып шығады. 

«Жинақтау»

( қорытынды шығар, тапсырмалары оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береді)

8 мин

«Менің түсім»тақырыбында постер құрау




Постер құрап болған соң, әр топтан бір-бір бала түсіндіреді.

«Қолдану »

( оқулықпен жұмыс жүргізу барысында

берілетін бекіту тапсырмалары)

3 мин

Бұл түсті сендер қалай жорыр едіңдер?


Басқа топ ол түсті жориды.

«Бағалау. Жоба қорғау»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдайларды шеше білуге бағытталып беріледі) 5 мин

Оқушы сыни тұрғыдан ойлана отырып өз ойын айтуы керек.

-Түс деген не?Түске сенесің бе?

Сен өз арғымағыңның суретін салып көр.

Сабақты қорытындылай отырып, сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия

3 мин

Бүгінгі сабақта не ұнады?

Бүгінгі сабақта не ұтымды болды?

Қандай ұсынысыңыз бар?


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Бағалау

2 мин

Оқушылардың бағалау парағын салыстыра отырып, бағаланады. Бағаларын оқушыларға айтып отырып қояды.


Топтар бір-бірін бағалайды.

Оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды.

Үй тапсырмасы

2 мин

 

«Менің анам»

өлеңін жаттап келу

«Өз түсіңнің суретін салып кел» тапсырмасын түсіндіреді

Күнделіктеріне жазып алады.