Ашық сабақ жоспар тақырыбы “Балықтар. Қосмекенділер”

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


3, сынып

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Балықтар. Қосмекенділер.

Мақсаты: 1.Оқушыларды балықтар және қосмекенділермен таныстыру;

2.Тілін, сөздік қорын дамыту;

3.эстетикалық тәрбие беру

Сабақ түрі:Іскерлік пен дағды қалыптастыру

Әдісі: Білім беруді ізгілендіру

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Жануарлардың көптүрлігі туралы айтқызу.

2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Жұмбақтарды шешіңдер:

1. Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

2. Аяғы түйеге ұқсайды,

Құс болса да ұшпайды.

2. Қорытындылау

ІV.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Балықтар. Қосмекенділер.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Балық - адам мен жануарлардың ең негізгі азығының бірі.Балықтардың денесі ұзын, сүйір болып келеді және сусымалы қабыршықтан тұрады. Балықтар құйрығы арқылы алға қозғалады. Жүзбе қанаттарымен тепе-теңдікті сақтап бағытын анықтай алады.

.Бауырмен жорғалаушыларға кесірткелер,жыландар,тасбақалар және қолтырауындар жатады. Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы – рептилия.Барлық рептилиялардың терісі қабыршақтан тұрады,ал тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісі бар. Ең ірі тобы – кесірткелер.Көбінің ұзындығы 20-см ден аспайды.Ол төрт аяқты келеді.Әр аяғында бес тырнақты саусақ болады.Кесірткелер жақсы көрумен бірге жақсы естиді.

Сұр келес-Қазақстанда өте сирек кездеседі.Қызыл кітапқа енгізілген. Ұзындығы 1,5 метр.Шабуыл жасар алдында аузын ашып,қатты ысылдап, құйрығын арлы-берлі қозғалтады.

Жыландардар кесіртке сияқты аяғы жоқ, түсі өте суық, көзімен тура қарайды.



1. Сурет бойынша жұмыс

2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты оқушыларға оқыту.

2. Жаңа материал бойынша сұрақтарға жауап беру:- Өз отбасында балықтың қандай түрлерін пайдаланады?- Егер жер бетінен қосмекенділер түгелімен жойылып кетсе, қандай жағдайлар қалыптасар еді?


тыңайтқыш

Дәптермен жұмыс:

консервілер Балық жануарлардың қорегі

дәрілер

балық майы


VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: оқу, мазмұнын айту. 2. Бағалау