Сауат ашу пәнінен ф дыбысы мен әрпі 1 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic] Қарағанды қаласы
Жалпы білім беретін №58 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі :

Омарова Дарига Сулейменовна

1 сынып.Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Ф ф дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1
) білімділігі:оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныстыру.
2. Ф ф дыбысы мен әрпіне қатысты сөздерді оқыту арқылы оқушылардың тілі мен білімін қалыптастыру,буындық, дыбыстық талдау жасату.
3. Сауаттылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату  
Көрнекілігі: суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер, буындар, үлестірмелер,слайдтар
Пәнаралық байланыс: ЖЖЕ,математика
Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі
А)Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын әзірлеу,тексеру.

Балалар,қазір бізде әліппе сабағы.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.

ІІ Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.

а) Дыбысты не істейміз? (дыбысты естиміз,айтамыз)

ә) Әріпті не істейміз? (жазамыз,оқимыз,көреміз)

б) Дыбыстар нешеге бөлінеді? ( дауысты,дауыссыз)

в) Сөз неден құралады?

г) Сөйлем неден құралады?

ғ) Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

д) Сөйлем қалай жазылады?

Е) Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

Балалар,өткен сабақта қандай әріпті өттік?
-В дыбысы қандай дыбыс?

-дауыссыз.

В дыбысына келетін сөздер айту,буынға бөлу.
Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?(басында,ортасында)

Бір оқушы тақтаға шығып В әрпін жазып көрсетеді

Ойын «cаңырауқұлақ теру» Шарты:Дауыссыз екенін ажырату, олармен сөз, сөйлем құрау.

Тақтада бірнеше саңырауқұлақтың артында әріптер берілген, осы әріптерді қатыстырып сөз, сөйлем ойлаймыз, дауысты немесе дауссыз екенін ажыратып , тиісті себетіне саламыз.
А С Т М О Н





III.Жаңа сабақ.

Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?

Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды.
(фонтан)

Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа.
(футболшы)

- Фонтан, футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?
- Ф дыбысынан
- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
- Ф дыбысын хормен айту.
- Қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды. Орыс тілінен енген дыбыс
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Көк дөңгелекшемен
Тақтамен жұмыс.
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.
Оқулықпен жұмыс:
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Телефон - сөйлесу құралы
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Футболды қай жерде ойнау керек?
- Арнайы футбол ойнайтын алаңда
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фабрика-өнеркәсіп орны.
Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады.
Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.
Телефон түрлері мәтінін оқу.

Сергіту сәті:би жаттығулары

. VI.Жазу дәптерімен жұмыс. Отыру ережесі.
А)Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру.

Ауада жазу

Жоғарыдан төменге қарай көлбеу сызық жүргіземіз.
Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп?

Дәптерге кіші әрпін жазу.

Үлестірме қима қағаздармен жұмыс.Өзіндік жұмыс.

1)Футбол, телефон сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2)Футбол,телефон сөзінде неше әріп бар екенін санмен жазу.

Бағдаршам әдісімен бағалау:
Слайд арқылы өз жұмыстарын тексеру баға қою.Бояу.

Жасыл-қате жоқ,
сары-бір қате,
қызыл-қате көп.

VIII.Сабақты бекіту
«Кім шапшаң?» ойыны.
Тақтада жазылған буындардан сөздер құрау. Буынға бөлу.

Фут фир бол ма туф ли


IX.Сабақты қорытындылау.
-Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
-ф дыбысы қандай дыбыс?
-ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
-ф дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.

Рефлексия: Жасыл шыршаға бәрін түсіндім дегендер ақ қар,кішкене қиын болды дегендер көк,ештеңе түсінбедім дегендер қызыл қар іледі.
X.Марапаттау
XI.Үйге тапсырма:Ф дыбысы берілген бетті оқу.