Өнерлі бала сүйкімді ( 4 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Өнерлі бала сүйкімді»
Барысы:
Талпынған әр шыңдарға жас таланттар
Білімнің ордасында ән қалықтар
Күтіп тұр арман қуған өрендерді
Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар
- Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым! «Өнерлі бала сүйкімді» атты сайысымзға қош келдіңіздер. Баланы кішкентай жасынан өнерге баулу – әр ата-ананың міндеті болуы тиіс. Ал мектеп оқушыларын өнер мен мәдениетке жетектеу – әр ұстаздың міндеті. Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерліні бірге анықтайық.
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.

Тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары - Амирова Ж.Б

Мектеп психологы – Айтжанова А.Х.

Бастауыш сынып мұғалімі – Дакенова Ш.Ж.
Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз. (Муызка ойналады, қатысушылар ортаға шығады.)
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1. Таныстыру.
2. «Тапқыр болсаң тауып көр!» викториналық сұрақтар сайысы
3. «Шебер қол ештеңені таңдамайды»
4. «Жанкүйерлер жарысы»
5. «Мен анама көмекшімін»
6. «Өнерлі болсаң қалыспа »
І. ТАНЫСТЫРУ
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр оқушының анасы өздерінің балаларын таныстырулары керек)
ІІ. «ТАПҚЫР БОЛСАҢ ТАУЫП КӨР!Білім сайысы

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (16 желтоқсан, 1991)

2. Мемлекеттік рәміздерді ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)

3. Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)

4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

5. Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?

6. Иіс сезу мүшесі не? (Мұрын)

7. Ұзындықтың өлшем бірліктері? (см, км м,)

8. Әр адамның шағын Отаны. (Отбасы)

9. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?

10. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

11. Бүгін аптаның қай күні? (сенбі)

12. Абайдың әжесі кім? (Зере)

13. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

14. Адам денесінің тірегі (қаңқа)

15. Есту мүшесі (құлақ)

16. Орман дәрігері (тоқылдақ)

17. Үш биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

18. Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)

19. 9-ды 8-ге көбейт ( 72 )

20. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (тең)

21. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата? (м,н,ң,у,р,л)

22. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

23. Күйді орындайтын адам (күйші)

24. Бір ата мен әженің 5 баласы, 3 ешкісі, 5 қойы, 2 түйесі бар. Олардың неше баласы бар?

25. Өлеңді кім жазды? (ақын)

26. Отан үшін күрес (Елге тиген үлес)

27. Үсті сөгілген, асты тігілген. (қап)

28. Қалпақ, кимешек, шәлі, тұмақ бұлар қандай киімнің түріне жатады? (Бас киімдер)

29. Тон, ішік, пальто бұлар қандай киім түріне жатады? (Сырт киімдер)

30. Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)


ІІІ. «ШЕБЕР ҚОЛ ЕШТЕҢЕНІ ТАҢДАМАЙДЫ»

Оқушыларға қатты қағаз, ине, жіп, түрлі түсті қарындаш беріледі. Олардан ашық хат жасауы керек.

ІҮ. «ЖАНКҮЙЕРЛЕР ЖАРЫСЫ»
Шарты: Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады. Жауабын тапса ұпайын қалаған сайыскерге бере алады.

Ү. « МЕН АНАМА КӨМЕКШІ »
Оқушылар аналарына салат жасауға көмектеседі. Үй тапсырмасы бойынша аналар салат жасауға керекті заттарды алып келуі керек еді. Сайыскерлер аналарына салат жасауға көмектеседі.

ҮІ. « ӨНЕРЛІ БОЛСАҢ ҚАЛЫСПА!!!»
Әр қатысушы өздерінің өнерлерін ортаға салады.


ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз кезегі әділқазыларға беріліп, жеңімпаз топ және басқа да қатысқан топтар мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.



























Мортық орта мектебі.









( с а й ы с )







Өткізген: Иврай Н.Ы.









2015 – 2016 оқу жылдары.