Ашық сабақ.8 санының құрамы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы : 8 санының құрамы


Мақсаты: 1. 8 санының құрамы туралы түсінікті ,екі санның

қосындысы түрінде жазуды,сәйкес кері азайту

амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.

2.Ой -өрісін,сабаққа қызығушылығын, логикалық

Ойлауын дамыту.

3.Оқушыларды шапшаңдыққа,тапқырлыққа,дос-

тыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Пайдаланылған көрнекіліктер : 8цифры,8-ді топтастыру,сурет, кесінді,сызба,көкөністердің ,жемістердің ,жидектердің суреті, геометриялық фигуралардың суреті,қималар,электронды оқулық.


Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру, иллюстрация.


Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту


Барысы

І Ұйымдастыру кезеңі:

Кел балалар тұрайық,

Сабақты да бастайық

Ойнайық та,ойлайық

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық.

ІІ Оқушылардың тірек білім, білік,дағдыларын белсендіру:

Өткен сабақта қандай санды өттік?

Ендеше сегізге дейін санай аламыз ғой.

8-ге дейін сандарды өсу ретімен санайықшы.

1,2,3,4,5,6,7,8

Енді кему ретімен санайық:

8,7,6,5,4,3,2,1

Сұрақты ұстап ал ойынын ойнайық:

2+3 7-2 6+1

4-1 3+4 7-2

-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын ,сендер мұқият тыңдап жауабын беріңдер.(Электронды оқулық арқылы жұмбақты жасыру,шешуін табу)

ІІІ Жаңа сабақ

Балалар не көріп тұрсыңдар?(Тарелке)

Бірінші тарелкеде қияр нешеу? 7 қияр

Екінші де ше? 1 қияр

Енді 7 қияр мен 1 қиярды банкіге салайық.Шыны ыдыста неше қияр болды?

Дұрыс,барлығы 8 қияр.


1-тапсырма

8 санының құрамын түсіндіру

8 8 8 8


7 1 2 6 5 3 4 4


Теңдік құр –көбелектер

Ауызша орындау

1+7=8 8-1=7 6+2=8 8-2=6 3+5=8 8-5=3

7+1=8 8-7=1 2+6=8 8-6=2 5+3=8 8-3=5


2- тапсырма

Кесінділерді салыстыру


Ойын

Өз орныңды тап.


3 -тапсырма .Оқушыларға қима қағаздар тарату.

2+1=3 4-2= 2 3 +1=4 3-1=2


Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

Беске бесті қосқанда

Болып шықты 10 саусақ.


Өзіндік жұмыс :№4 тапсырма және де 4 оқушыны тақтаға шығару.


0<8 8см>6см 5<8 3см<8см

8=8 8см=8см 8>7 8см>5см


Қол соғу ойыны

Оқушыларға 1ден 8-ге дейінгі цифрлар таратылып беріледі. Мұғалім қанша рет қол соқса , сол санды оқушы көтеруі керек.

ІV Сабақты бекіту


Себетке жеміс,көкөніс,жидек теру ойыны

8-5=7-4 2+4>8-3 8-4>0+3

7-4=8-5 8-3<2+4 0+3<8-4


Кел ойнайық:


Сабақты қорытындылау :




8+0


2+6 5+3




8

4+4 1+7


0+8 7+1


3+5 6+2


Рефлексия.

-Балалар көңіл-күйлерің қандай?

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?(Кері әсер парағын таратылған)

«Сабақ маған ұнады, қызықты өтті, мен атсалысып отырдым. Өзіме ризамын!»-деген оқушы жасыл алманы ағашқа жабыстырсын.


«Сабақ маған ұнаған жоқ,сабақтағы тапсырмалар қиын болды,мен түсінбедім» деген оқушы сары алманы ағашқа жабыстырсын.