№ 47 жалпы білім беретін орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Құрманбекова Гүлнұр Құрманбекқызы
1 – слайд.Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.
2- слайд. Мақсаты: 1. Білімділігі: Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беріп,оларды бір- бірінен ажырата білу , жаңа тақырыпты кеңінен таныту;
2.Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, жүйрік ойлау қабілеттерін, шапшаңдықтарын, жылдамдықтарын , шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту 3.Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғай білуге, тілді құрметтеуге , сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі:Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, қорыту.
Көрнекілігі : Интерактивтік тақта
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:Салеметсіңдер ме , балалар! Барлығымыз оқу – құралымызды алып болсақ, қолымызды қойып назарымызды тақтаға аударайық . Балалар бізде қазір қай сабақ? Әрине, әдебиеттік оқу сабағы.
3 –слайд ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Үйге қандай тапсырма берілді.
Менмен емен жайлы ертегіні оқып келдік пе?
4 –слайд .Қызығушылығын ояту:Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын,қанекей шешуге дайынбыз ба?
«Жұмбақ жасыру»
Бұл қай кезде болады? Күн де ысып,шөп пісіп, Қар еріп,су ағады, Ел пішенін орады Сарқырап сайға толады. Бұл қай кезде болады?(жаз) Күн ұзарып,жылиды, Бұл қай кезде болады? (көктем)
Күмістен алқа тағынып, Айнала сары түсті Бақтар күлім қағады. Бау-бақшада жеміс пісті Күн нұрына шағылып, Қамба толы дәнге Қар жұлдыздай жатады Дастарқан толы дәмге Бұл қай кезде болады?(қыс) Бұл қай кезде болады?(күз)
Дұрыс айтасыңдар балалар, Сонымен , жұмбақтың шешуі не туралы екен?
Әрине жыл мезгілдері туралы екен.
- Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
Қыс, жаз, көктем, күз
Дұрыс айтасыңдар балалар!Бір жылда төрт мезгіл бар!
5 –слайд ІІІ. Жаңа сабақ
Ендеше ,біздің бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болмақ.Сыныпқа осы кезде жыл мезгілдеріне байланысты киінген 4 оқушы келеді,әр оқушы өзіне тән іс- әрекеттер жасайды,да өз орындарына отырады. Осы жыл мезгілдеріне байланысты мынадай аңыз бар екен.
Ерте – ерте ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты.Балалары өсіп , ер жеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер.Төрт мезгілді үш – үштен бөліп алып ,кезекпен үш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар депті. Бірақ бір ескертерім; Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар, - деді. Осыдан бастап , үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты .
Осы жыл мезгілдеріне арнап көптеген ақындар өлең шығарған .Оқушылар орындарына отырғаннан кейін, тапсырма беріледі.Міне , балалар, бізде төрт жыл мезгілі бар екен. Ендеше орнымызда отырып, әр топ өзінің ерекшеліктерін салып шықсын. Оқушыларға А3 беріледі оқушылар, берілген бетке өз топтарының ерекшеліктерін салып шығып, қорғайды. Өте жақсы балалар, осы жыл мезгілдеріне байланысты көптеген ақын – жазушылар өздерінің өлеңдерін арнаған .Солардың бірі Абай атамыз. Абай Құнанбаев туралы бұрын естігендерің бар ма? Ол кім? Ендеше А.Құнанбаев сөзіне топтастыру құрастырайықшы 6 – слайд
Интерактивтік тақтамен жұмыс.
Тақтада Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдері.( 7 - слайд)
Оқушылар өлеңдерді оқып, қай жыл мезгіліне арналғанын анықтайды.
Ақ киімді , денелі , ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті – басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жаздыкүн шілде болғанда ,
көкорай шалғын бәйшешек
ұзарып өсіп толғанда.
8 - слайд Суретпен жұмыс.
Тақтада жыл мезгілдеріне байланысты суреттер. Суреттерге қарап оқушылар әңгіме құрайды.
9 – слайд Мәтінмен жұмыс
10 – слайд Сөздікпен жұмыс
11 – слайд Мәтіннен синоним, антоним сөздерді табу. Дәптерлеріне жазғызу.
Қар жауады
Аяз болады
12 –слайд «Кім жылдам?» ойыны.Тапсырма бойынша жыл мезгілдері туралы сөйлем құрастыру.
Қатты суық, салқын, ыстық, жылы, қар ериді, егін жинап жатыр, сарғаяды, жауып тұр, сырғанайды, аяз, жапалақтап, жиі, жел, бүршік, найзағай, құстар, шілде, демалып жатырмыз.
13 – слайд Сергіту сәті Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп – кішкентай ағаштар Үп – үлкен боп өседі 14 – слайд «Өлең жолдарын дұрыс орналастыру» ойыны. Тапсырма орындалады.Өлең жолдарын ретімен дұрыс қою, мәнерлеп оқып беру.
Күндер туды шуақты Қар ериді, су ақты, Байтақ дала келбеті, Күндер туды шуақты. Қар ериді, су ақты Байтақ дала сияқты Түкті кілем сияқты. Түкті кілем сияқты. Бұл қай кезде болады? Бұл қай кезде болады?
Айтшы, бұл қай кезең? Күн нұрын сепкен, Тал бүршік төккен, Жер жылып,кепкен. Жер жылып,кепкен Тал бүршік төккен, Күн нұрын сепкен. Айтшы, бұл қай кезең?
Қыр кепті, қар кетті Қыс кетті,құс кепті. Құс кепті, қыс кетті Қар кетті, қыр кепті. Сең жүрді көлдерде. Көлдерде сең жүрді. Сән кірді белдерге. Белдерге сән кірді.
Дөңдерді гүл қаптап, Гүл қаптап дөңдерді, Көгерде күллі алқап. Күллі алқап көгерді. Күн күлді тоңбаймыз, Тоңбаймыз, күн күлді. Бұлбұлды тыңдаймыз. Тыңдаймыз бұлбұлды.
15 – слайд Бір жылда он екі ай , төрт мезгіл бар. Әр мезгіл үш айдан тұрады. Олар қыс, көктем, жаз, күз. Қыста қар жауып , аяз болады. Бірақ жаздың өз қызығы бар. Адамдар шана , шаңғы тебеді , жаңа жыл мерекесін тойлайды.
Көктемде қар еріп , күн жылынады. Ағаштар бүршік жарып, жер беті көктей бастайды. Жыл басы Наурызды қарсы аламыз. Жазда күн ыстық болады. Біз жазғы демалысқа шығамыз. Суға шомыламыз.Серуенге шығып, жеміс – жидек тереміз.
16 – слайд
Сабақты бекіту 5 – жолды өлең құрастыру
17 – слайд Үйге тапсырма
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
Оқушыларды бағалау