Сабақ жоспары математика 1-класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Класы: 1«Ә»

Уақыты:

Пәні: математика

Пән мұғалімі: Мурынова А.О.


Сабақтың тақырыбы: Заттардың пішіні. Геометриялық фигуралар


Мақсаты:1.Балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін беркіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

2.Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.

3. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы

Сабақтың әдістері: сөздік, практикалық

Қажетті құралдар: зымыран, аспан денелері геометриялық фигуралар АКТ

Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.

Сабақтың барысы:

1.Алғашқы ұ йымдастыру кезеңі

Қызығушылығын ояту. Бір дегенім бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім елім

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім үміт

Үміт артар жігіт.

Деп бүгін мен де сендерге үлкен үміт артып, білімді болуға талпынады деп ойлаймын.


2. Жаңа материалды игеруге дайындық кезеңі

-Балалар біздер бүгінгі сабақта «Жұлдызды қалашық» әлеміне саяхатқа барамыз, онда бару үшін бізге не керек? - зымыран.

- Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.

Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.


Құрастыру.

-Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық?

- Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш –деп балалар жауап береді.

- Міне, балалар зымыранымыз да дайын. Енді біздер «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен.

[link] «Билимленд» оқыту платформасының бастауыш математика курсындағы 1-сыныптың 1.04.3 3саны – кіріспе тапсырмаларын орындау

Басып шығарып беру

(Фигуралар арқылы салынған бейнелерді қолдарын алмай, салуға, әрі үлгіні көшіре білуге үйренеді. Оқуышларды сондай-ақ қол маторикасы мен көзбен қабылдауы да дами түседі)


5. Сабақты қорытындылау.

Балалар сіздердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сіздерге көп рахмет.

Балаларды мадақтау,