|
Ана тілі Шығыс шынары 4 сынып
Автор публикации: Базарбаева Н.К.
Дата публикации: 2016-04-22
Краткое описание: ...
Сыныбы: | 4-«А»сынып | Күні: | Пәні: | Ана тілі | Тақырыбы: | Шығыс шынары | Сағаты: | 1 |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: | Автор туралы мағлұмат беру. Оқушыны Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрете отырып, әңгіменің өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
| Дамытушылық: | Әлия Молдағұлованың жастық шағы жайлы айта отырып, оның бойындағы қасиеттерін оқушы өз бойынан көре алу. | Тәрбиелік: | Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы айта отырып,ерлікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу. |
| Интерактивті тақта, стикерлер,видео жазбалар | Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | Қолданылатын модульдер: | СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, өзін-өзі бағалау. | Пән аралық байланыс: | Тарих, қазақ тілі | Сабақтың барысы :
| Ұйымдастыру кезеңі 3 мин | «Әскери техникалар» ойыны арқылы сыныпты топқа бөліп аламын. Бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтастыруға дағдыландырады. Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін көрсететін таблица және оған қажетті заттардың аттары жазылған жеке сөздік карточкалары жасап қоюға да болады.
| І Үй тапсырмасы 10 мин | «Әскерден хат» жаттығуы арқылы үй тапсырмасын сұрау. 1.Адам жанын дүр сілкіндіретін соғыстың ұлтына, еліне, жеріне қарамастан өте қауіпті екенін өлеңнің қай жерінен байқадың? 2.Ақын соғысқа деген жиіркенішін қалай білдіріпті. 3.Соғыстың қандай зияны бар деп ойлайсың?
| Жаңа сабаққа кіріспе 3мин | Слайдтан автор туралы мағлұмат беру.
| Жаңа сабақ 5 мин | Сабақты «Сөйлеу минуты» жаттығуы.. Жаттығудың мақсаты – балаларға көргенін ауызша диалог түрінде айтқызып, әңгімелеп беруге үйрету. Ойын сұрақ-жауап түрінде өтеді.
Қысқаша «Мергендер» фильмінен үзінді видеоролик көрсету. -Кино кім туралы? “Мергендер” фильмінен соғыс қасіреттерін байқай алдыңдар ма ? “Мергендер” фильмінің үзіндісіндегі батырлар ерлігінен қандай әсер алдың? | ІІІ. Оқулықпен жұмыс 10 мин | «ЖИГСО – І» әдісі Мәтінді топтарға бөліп, белгілеп беру. Мәтінді іштей оқу. Мәтін мазмұнын топта талқылау. Мәтінге ат қою. Мәтінді баяндау. «Сұрақ – жауап» әдісі ◄ Мұғалім сұрағы: І топқа: Мұғалімдер қандай мәселе талқылады. Әлияның сабақ үлгірімі қандай? Ботаникадан неге «4» алған еді? Әлияның бөлесі қандай еді? Бұл арқылы Әлияның бойындағы қандай қасиетін байқауға болады? Біздің сыныпта осындай ерекшеліктегі қыздар бар ма? ІІ топқа: Әлияның ұқыптылығы туралы қандай дәлелдер келтірілген? Әлияның өз уақытын тиімді пайдаланатынын қандай әрекеттерінен байқауға болады? Әлия – қамқоршыл қыз екені туралы айт. Осы әрекеттерінен Әлияға қандай сипаттама жасай аласың? Әлияның осы мінезіндегі қыздар біздің сыныпта бар ма? ІІІ топқа: Әлияның бойындағы ерекшеліктерін дәріптеу үшін мұғалімдер қандай ұсыныс айтты? Әлияның бойындағы ерекше қасиеттер ардагер ұстазға қалай әсер етті? Әлия мұғалімдер бөлмесінде тағы қандай қасиетімен ерекшеленді деп ойлайсың? Сенің бойыңда бұл қасиет бар ма? Әлия мұғалімдер сенімін ақтай алды деп ойлайсың ба? ◄Оқушы сұрағы (Оқушылар өзара топтарға сұрақтар қояды) ◄ Сөздік жұмыс: Мәтіндегі Әлияны сипаттауға берілген сөздерді пайдалана отырып, кейіпкерге мінездеме жасау.
| ІV. Кері байланыс 7 мин | «Кейіпкерге хат» жаттығуы. Дәптермен жұмыс Әр оқушы өз бетінше Әлия туралы түйген ойларын шағын хат түрінде жазады, оқиды.
| 2 мин | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Әлияның қандай қасиеттерін өз бойында көргің келеді?
| VІІІ. Өзін-өзі бағалау 5 мин | Смайликтер арқылы кері байланыс алу. Оқушылар өздерін өздері бағалайды. Сабақта басталғанда топтардың алдына бағалау критерийлерін таратып беремін, сол бойынша бағалайды.
| VІ. Үйге тапсырма | 1. Әңгімені оқып, мазмұнын айту. |
|
|