Сабақтың тақырыбы: «Анашым өзіңе арнаймын»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Анашым өзіңе арнаймын»

Мақсаты: Анамызды қадірлеп – сыйлауға, осы өмірдегі жақсылықтың,

жылудың барлығы жанның мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, безендірілген сахна.

Сабақтың барысы:

I Кіріспе. О, Періште Анам!

Келді көктем күнің,

Күлімдейді гүлің-

Алтын ойлы, Анам.

Мерекеңіз бүгін!

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар сендерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге: зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

2-жүргізуші: Ана, Үш-ақ әріптен құралған сөз болса да ол, өмір көзі, өмірдің құдіреті, киелі қасиеті. Ана баласы үшін кез-келген құрбандыққа барады. Кез-келген адам өзінің жақсы қасиетін көрсету үшін, алдымен анасын құрметтеп, сыйлау керек. Бұл өмірде біз барымызды анамызға арнауымыз керек.

Ондай болса, баршаңызды «Анашым- өзіңе арнаймын» атты ертеңгілік сабағымызға қош келдіңіздер!



1-жүргізуші: «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» демекші, әр ана өз баласы үшін қамқоршы, тірегі болып отырады.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлболсын, Ана-отбасының негізі, діңгегі, дәнекері болса да, баласының тілегін екі етпей отырса да, кейбір балар өздерінің перзенттік парызын түсінбей, аналарын жерге қаратып, тастап та, көңілдеріне назар салып та кетіп жататындар жоқ емес. Қазір барлығымыз сол айтылғанға байланысты «Соқыр ана» атты көрініс тамашалайық.

Жалғыз көзді соқыр ана

Жәйіменен басып алға

Баласының сабағына келеді.

-Анау отырған менің балам, айналайын мұғалім, баламның сабағы мен тәртібін білуге келіп едім.

-А, мына отырған бала ма?

Сүндет: (сыныптас жолдасы): Сенің анаң соқыр екен ғой, неге айтпадың осы уақыт қа дейін?

Деген кезде баласының түсіп кетті қабағы,

Анасына ол енді айуан көзбен қарады.

Үйге келіп бөлме есігін тарс жауып,

Шығып кетті бетке ұстап даланы.

Анасы жүр бәйек болып ас әкеп,

Баласының қамын ойлап аш қалған.

-Тамағыңды ішпеймін. Сен неге келесің менің сыныбыма? Мен сенен ұялам, өйткені сенің көзің соқыр. Айтшы, неге көзің соқыр?

Жылады ана, еңіреді, егілді

Қайғы шерге толды ананың жүрегі.

Шын жылады, соқыр көзден жас шықты,

Көкірегіне бар құпия көмілді.

Баласы: Тезірірек оқу бітіріп, қалаға кетсем екен, мына соқыр анамнан құтылып тезірек оны ұмытсам екен!

Көрші әйел шығып, баласына анасының бақилық болғандығын туралы туралы хабарды айтады. Анасының баласына табыстап кеткен хатын береді.

Балам, ботам, айым, асылым,

Айтылмаған бір сыр бар еді жасырын.

Кеудемді өртеп барады сол күрең оц

Жазам хатқа, оқып, қалқам біле ғой

Өкініштен өзегі өртеніп бала аһ ұрып жылайды, бірақ бәрі кеш еді...

Әбдірахманның орындауында «Ана» әні.

Қыздар тобы би «Көктем»

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, оқушылар осы көріністен соң барлығымыз бір ой түйіп егер де аналарымызды ренжіткен бір ауыз кешірім сұрайық.



2-жүргізуші: Бір өзің бастап жолдарын

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Қонақтарға сөз беріледі.

Сынып жетекшісі: Ана біздің баға жетпес асыл да қымбат қазынамыз, сондықтан да оны аялап, бағалай білейік, баршамыз !

Бүгінгі біздің кешіміздің қонақтары болғаныңызға көп рахмет айтамыз !