Тақырыбы : Қысылу. Қадыр Мырза Әли 3 сынып
Мақсаты : 1)оқушылар тазалық, инабаттылық , денсаулық туралы түсіну.
2) мәнерлеп оқуға , ойлау , есте сақтау қабілеттері даму , сөздік қорлары молайту, байланыстырып жүйелі сөйлей білуге үйрену.
3)адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу.
Әдісі : түсіндіру , талдау, сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденушілік.
Пәнаралық байланыс : дүниетану
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Окушы зейінін аудару.
2.Үй жұмысын сұрау кезеңі. «Асығым» өлеңін қорытындылау. Ұлттық ойындарға сипаттама беру.
«Асығым» өлеңін қорытындылау. Ұлттық ойындарға сипаттама беру.
-Ұлттық ойындарының адамға тигізетін пайдасы өте көп.Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру,секіру,логикалық элементтеріне бай.Адам денсаулығына тағы ненің әсері бар:таза ауа,дұрыс тамақтану,тазалық т.б
Жаңа тақырыппен жұмыс кезеңі.
-Оқушылар,бүгін біз Қ.Мырза Әлидің «Қысылу» өлеңімен танысамыз.Автормен таныстыру.(слайд )
-Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
-Ауланың тазалығына көңіл бөлеміз.Ауланы кім тазалайды? Көшеде нелерді көрдің?
-Көшені тазалайтын ағай, апайлардың ісін көргенде, көшенің кірлігінен біз қысыламыз. Кім, кімдер қысылмайды? Салақ бала қысылмайды, сол дұрыспа?
Сол үшін көшеде тұрған қоқыс жәшігіне қоқысты тастау керек. Балалар, біз сыныпты қалай күтуіміз керек екен?
Ой толғау.
- Өлеңде ақынның айтпақ болған ойы не?
- Өзің тазалық сақтауға қалай қарайсың, ол үшін не істейсін?
- Сынып таза болу үшін не істеу керек?
Венн көрсетуі.«Тазалық» пен «салақтық» істерін салыстыру .
Оқулықпен жұмыс. Окушылар өлеңді тізбектей оқиды, мазмұнын айтады.
Өзіндік жұмыс.
1.Тазалық- денсаулық кепілі, себебі....
2.Салақ болсаң, …
6. Ойыңды ортаға сал.Видео ролик көрсетіледі.(экология) «Көше қалай ластанады?» көшенің ластануы туралы әнгімелесу. .
Қосымша мәлімет. Қоқыс – ғасыр мәселесі
Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш – бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.
Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 миллиардына жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай - ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіндіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.
7. Әдептілікке әуестен.
1.Жерге заттың қиқымын тастама.
2.Керексіз затыңды көшедегі қоқыс жәшігіне сал.
3.Ағашты сындырма, құстарды қума, жәндіктерді өлтірме!
8. Суретпен жұмыс.
Суреттерге сипаттама беру, әңгімелеу, эссе жазу (әр окушыға оқыту)
Сергіту сәті: « біз тазалықты сүйеміз»
9.Рефлексиялық қорытындылау.
«Түйінді сөздер стрптегиясы»
Өлеңді мазмұнына қарай қысқаша түйіндеп жазу.
Барлық оқушыға әртүрлі суреттер таратылады. Ішінде алтын балық суреті түскен оқушы,сұрақтарға жауап береді.
Тазалық пен ұкыптылыққа бала жастан әдеттен.
Кір, лас жүру ұят әрі надандық екенін ұмытпа!
Үйге тапсырма: «Қысылу» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын айту. Сыпырушы ағай еңбегі жайында әңгіме жазу.
Бағалау.