Балаларға «Дәрігер Айболит» ертегісін естеріне түсіруді ұсыну. - Дәрігерге нелер келді? - Ол қалай емдеді? - Сендер үй жануарларына қандай көмек көрсетер едіңдер? - Өз бетінше жануарларды емдей аласыңдар ма ? Біздің қамқорлығымыз жануарларға өте қажет. Адамдар сияқты жануарлардың да денсаулығы мықты болуы керек.Ауырған жануарда микроб болып, ол адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан барлық жануарларды арнайы дәрігерге көрсетіп, егу және жақсы күтім болуын, дұрыс тамақтануын қадағалау қажет. Егуден басқа, әр 2-3 айда жануарларға ішекқұртқа қарсы дәрі беру керек. Жануарлармен бірге ойнағаннан кейін міндетті түрде қолды жуу қажеттігін ұмытпа. Дәрігер Айболит өзінің достарына жақсы қамқорлық көрсетеді, ал сендерге оларды жақсы көріп, аурудан қорғауды ұсыну. Әңгімелесу. Балаларға: «Біздің жерімізде бізбен бірге өсімдіктер, жәндіктер, балықтар, құстар, аңдар мекендейді және осымен қоса өте көп микробтар, бактериалар менвирустар бар. Олардың ішінде адамға пайдалы, қажеттісі де, жұқпалы және вирусты ауруларды тудыратын өте қауіптісі де бар. Бірақ адам осы кішкентай зияндылармен күресуді үйреніп қана қоймай, аурудың алдын алуды да үйренді », - деп түсіндіру. Аурудың алдын алу – денсаулықтың жаңа ережелері мен пайдалы кеңестері арқылы іске асады. Ойын: «Микроб, вирус, бактериалар неден қорқады?» Д/ойындар ойналады: «Қуыршақты емдейміз» Әңгімелесу. Биылғы жылы кімнің тұмаумен немесе суық тиіп ауырғанын сұрап, сол кездегі көңіл күйлерін айтуды ұсыну. - Сендер суық немесе тұмау тиіп ауырған кезде тыныс алу жолдарында үлкен мөлшерде шырыш пен қақырық жиналады. Шырышты қабық тітіркеніп тұрады, сондықтан сендер жөтеліп, түшкіргілерің келеді. Осы кезде мұрыннан және ауыздан шырыш тамшылары ортаға тарайды. Жөтеліп түшкірген кезде тыныс алу жолдары тазарып, осылай ағзамыз қорғанады. Шырыш тамшыларымен бірге ауаға үлкен мөлшерде вирустар мен микробтар тарайды. Сондықтан сендер ауырып қалған жағдайда, өздеріңді, қоршаған адамдарды сыйлап, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз, мұрындарыңды орамалмен немесе қолдарыңмен басу керек. Естеріңде болсын, қолданған қолорамалды үнемі, жиі ауыстырып тұру керек. |