Конспект урока на тему Үш арыстың үлгілері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic] Мұғалімнің аты-жөні: Алимжанова Лаура Акимбековна


Еңбек өтілі: 15 жыл


Жұмыс орны: Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы «Жамбыл атындағы орта

мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен » коммуналдық

мемлекеттік мекемесі


Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі


Санаты: І санат


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ:

ПӘНІ: Әдебиеттік оқу


ТАҚЫРЫБЫ: Үш арыстың үлгілері


ЖАЛПЫ МАҚСАТЫ: Білімділік: Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі шешендік

сөздері туралы түсінік беру. Қара қылды қақ жарған қазақ

билерімен таныстыру. Шешендік сөздердің идеялық мәнін ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялын жетелеу

арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Негізгі идеяларды суреттей

отырып, тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең

түсінуге және тіл шеберлігіне тәрбиелеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: -Топпен жұмыс істеу арқылы кедергілерді жеңе біледі, бірлесіп

жұмыс істеуге машықтанады, бір-бірін тыңдап, ой қорыта білуге

үйренеді

-Өз білгенін ортаға салып, қосымша мәліметтер жинақтайды


ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ: Миға шабуылға арналған тапсырмаларды орындау балалардың

ойлау қиялын дамытады.Бір-бірінің білім дәрежесін бағалай білуге

дағдыланады

ӘДІСІ: Интербелсенді оқыту әдістемесі 1 . Топпен жұмыс

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ: Тақырыптық суреттер.

Үлестірме парақшалар

Интербелсенді тақта



Үш арыстың үлгілері
Дәптерімізді ашып күн тәртібін , сабағымыздың тақырыбын жазайық.
Алмағайып заманда қазақ көгіне үркердей болып шыққан Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1665 - 1758) және Әйтеке Байбекұлы бытыраған халқының басын қосып, көшін түзеп, шешендік те көсемдік қасиет танытты. Ел аузындағы аңыздар мен әңгімелер, шешендік сөздер мен толғауларда олардың биік болмысы, асқан азаматтығы көрініп тұрды. Бүкіл ел - жұрттың қамын ойлап қайғысын жеуден туған ғажап құжат. «Жеті жарғы» да бай мен сұлтандар емес, сол данагөй кемеңгер билердің қатысуымен дүниеге келді.
Үш арыстың бірлік пен тірлік, ынтымақ пен татулыққа шақырған үндері құлағымызға жетіп тұрғандай.
Бір сәт бейнетаспаға назар аударайық. (Бейнетаспадан кино көрсету)
Осы бабаларымыздың шешендік сөздерімен танысамыз. Оқулықтағы
64 бетке қараймыз
Енді барлығымыз тыныш отырып, ұғып тыңдайық. (мұғалімнің шешендік сөздері түсіріледі)
Балалар, осындай өсиетті, өнегелі сөздер қалдырған аталарымызды қандай адам деп айтуға болады?
Ел қамын ойлаған, ел ішіндегі әділ қазы;
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен данышпан;
Шешен, данагөй, ақылды деуге болады.
Өте керемет!

Мұғалім түсіндіруі
Ендеше, осы бабалар сөздерін өзіміз түсініп бір мәрте іштей оқуға тапсырма беремін.
Уақыт болды, барлығымыз мәнерлеп тізбектей оқып шығамыз.
Жарайсыңдар
Балалар, сәл тынығып алу үшін сергіту сәтін ұйымдастырамызБірнеше тапсырмалар беріледі.
Бұл тапсырмаларды орындау үшін 3 топқа бөлінеміз.
І топ: Мына қамшыны «Төле бидей төре бол!» деп «Төре» тобының басшысына беремін.
ІІ топ: Қаз дауысты Қазыбек бидей тапқырлық танытар деп, «Тапқыр» тобының басшысына беремін.
ІІІ топ: Әйтеке бидей әділ бол деп,«Әділ» тобының басшысына беремін.
Балалар сендерге беріліп отырған қамшының рөлі қандай?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Өте жақсы!
Қамшы дегеніміз бүгінгі сабағымызда биліктің символы.
Тапсырманы орындауда мен сендердің жандарыңнан табыламын.
(Бейнетаспадағы атаның І тапсырмасы) (Парақшалар тарату)
Олай болса, сендер де өз тапқырлықтарыңды көрсетіңдер.

Шешендік сөздерді жалғастыру
Жауаптардың өте керемет балалар!
Міне, бүгін сендер бабаларымыздың асыл сөздерін толық меңгердіңдер. Билерше сөйлеуге тырысып, тапқыр да, елге иелік ететін кемеңгер азамат болыңыздар!
Керемет, міне бүгін сендердің тапқырлықтарыңды, бірлікпен жұмыс жасағандарыңды көріп мен де сендерге риза боп тұрмын.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Олай болса жазғы күнгі гүлдің хош иісін еске ала отырып, алдарыңдағы гүлге өз көңіл - күйлеріңді білдіретін сурет ала койыңдар.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдi сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз. / Б.Бөрiбаев/


Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс
Би дегеніміз кім екен балалар?
Би - ел билейтін тарихи тұлға.
Дәптерімізге жазып алайық.

Үйге тапсырма

Үш арыстың үлгілері / шешендік сөздерін жаттау/


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

[link]

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

[pic] [pic]

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

[pic] [pic] [pic]



КЕРІ БАЙЛАНЫС

«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2015-2016 оқу жылындағы ІІІ негізгі

деңгейлік курстан өткен мұғалім-Алимжанова Лаура Акимбековна


Сабақтың өту мақсаты:

  • оқушылардың оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қаншалықты меңгергенін бақылау

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігін анықтау

Күтілетін нәтиже:

-топпен жұмыс істеу арқылы кедергілерді жеңе біледі, бірлесіп

жұмыс істеуге машықтанады, бір-бірін тыңдап, ой қорыта білуге

үйренеді

- Өз білгенін ортаға салып, қосымша мәліметтер жинақтайды

Мен 2"В" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен "Үш арыстың үлгілері" тақырыбындағы өткізген сабағыма жасалған кері байланыс. Сабағымды жоспарлау барысында сыныбымның жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, білім деңгейін ескердім. Сабағымда Кембридж бағдарламасы- ның жеті модулінің бірі ТжДБ оқыту мен АКТ, СТО, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдандым.

Сабағымның екі сәтті жағы:

  • Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, қол шапалақтау арқылы бағалап отыруы.


  • Үш арыстың үлгілері тақырыбы бойынша көрініс көрсету арқылы таланттылықтың бір қырын ашуға жол ашты.


Сабағымның екі сәтсіз жағы:

  • Оқушылардың көптігі топпен жұмыстың нәтижелі болуына көп кедергі келтіреді.


  • Топтық тапсырмаларда оқушылар бір-бірін түсінбеушілігі, жазба жұмыста шапшаңдықтың жетіспеуі уақытты тиімді пайдалануға кедергі болды.


Қорытынды Бастауыш сыныптың оқушылары үшін топта емес жұпта жұмыс жасаудың өзі жаңалық. Өйткені олар бір-бірімен ашылып сөйлесуге, пікір алысуға, өз ойларын дәлелдеуге жаттықпағандықтан бұл сабақта да мен басшылықты өз қолыма ала отырып, оқушыларға жетекші сұрақтар қойып диалогке тартып отырдым. Соның нәтижесінде жоспарланған екі тапсырма мен оқуды бағалау жүргізілмей қалады. Оқушылардың жұмыс барысындағы шуылы құлақ тұндырарлық. Оқушылардың дәптерлері парта бетіне толық сиыспағандықтан жазу каллеграфиясы өте нашар.