Мәңгілік ел- мәңгілік мұрат
Мырзашева Нұрсұлу Сағынқызы
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, № 43 ОЖББМ
[email protected]
Мен – қазақпын, мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген,
деп ақын ағамыз жырлағандай қазақ халқы мың өліп , мың тіріле отырып қол жеткізген тәуелсіздігіміз мәңгілік жасамақ... Қазақ елі –Мәңгілік ел болмақ. Мәңгілік ел болмақтың бастапқы қадамы мәңгілік ұлт болмақ. Мәңгілік ұлт болу әр ұлыстың арманы болған тарихта. Бүгінгі күнде сол жалғасты.
Иә, мәңгілік ел болмақтың өлшемі мәңгілік тұғыр болмақ дедік. Ол тұғыр – ұлт. Мәңгілік ұлт арманмен, мұратпен ғана мәңгілік. Тек, сылдыр сөзбен мәңгілік емес. Ұлттық сипатпен мәңгілік. Мәңгілік сипат – ол тіл, сана және рух. Ұлт мәңгілік болу үшін мәңгілік санасының жемісін беретін, рухының үнін естіртетін мәңгілік тілі болмақ керек. Әйтпесе, тілсіз ұлт болмақ емес. Егер ұлт мәңгілік болмаса мәңгілік ел дегенің әдірем қалмақ «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл — әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек». Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі — ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.
«Қазақстан-2030» жолдауында: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, …бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» – деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Тәрбиенің екінші сыңары – білім. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» – деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін бүгінгі оқушы, болашақтағы мемлекет азаматы болып саналатын оқушыларға саналы білім мен тәрбие беру. Білімді мен тілден бастағым келеді.
Ал ана тілін тілі былдырлай шыға бастаған кішкене сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін құрметтеп, дәріптеу қажет. Осы орайда мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде , бірінші сыныпқа келген оқушының санасына ұлттық мүддемізді сіңіре отырып, ана тілін, туған тілін құрметтеуге тәрбиелеймін. Өзімнің тәжірибемнен мысал келтіре отырып, сауат ашу, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерімен қатар, сынып сағаттары, сыныптан тыс шараларда тілді дамыту мен құрметтеуге арналған жұмыс түрлерінің кеңінен жүргізілетінін баса айтқым келеді. Қыркүйек айы –тіл айлығы. Ай бойына ана тілді дамытуға арналған шаралар мен сайыстар, танымдық тәрбие сағаттары өткізіледі.Оған дәлел ретінде оқушылардың төмендегі мақтау қағаздарын ұсына аламын
[pic] [pic] [pic]
Оқушыныңның мәнерлеп оқу, танымдық сайыстарға қатысу арқылы тілге деген құрметі , махаббаты, асқақ сезімі оянды деп ойлаймын. Қала көлемінде Тәуелсіздік мерекесіне орай өздырылған ертегі құрастыру сайысында да оқушылар жетістіктерге жете білді. Оған дәлел Тулеугалиев Орынбасар иемденген мадақтама қағазы
[pic] [pic]
Тәуелсіздік және Елбасы.
Тәуелсіздік дегеніміз туып-өскен жеріңде, бейбітшілікте өмір сүру деп ойлаймын. Ерте заманнан бері Тәуелсіздік үшін аталарымыз қан кешіп, жан берісіп шайқасқан. Қай заманда болмасын жер үшін, тәуелсіздік үшін соғысып, батырларымыз ерлік көрсетті. Ал соғыс зардабын көптеген отбасылар тартып жатты. Ал бүгін талай жыл ата- бабамыз аңсаған тәуелсіз мемлекетте біздер өмір сүріп жатырмыз. Тәуелсіздік тұрақтылығын сақтап отырған –Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Басқа көрші мемлекеттер теңдік, бірлік болмай әлі де соғысып жатыр. Ол елбасыларының саясатына да байланысты. Бірнеше мыңдаған адамның тағдыры бір ғана адамның, президенттің шығарған шешіміне байланысты. Бұл орайда президент өзін ұмытып тек қана халық қамын ойлап, халық үшін оң шешім қабылдау қажет. Бұл өте қиын деп ойлаймын. Біздер- елбасымыздың бастамасын жүзеге асырушы тұлғамыз. Тәуелсіздікті сақтай отырып, жоғалуға аз қалған салт-дәстүрімізді жаңғыртуымыз қажет. Өзге елдің жақсы қасиеттері мен озық тәжірибелерін ала отырып пайдаланамыз. Бірақ, өзіміздің негізгі қазығымызды құлатпауымыз қажает. Атап айтсам, дін. Басқа ағымдармен, бағыттардан аулақ болу керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын атамыз жырлағандай, ағылшын,орыс тілін біліп, қазақ тілін асқақтатуымыз шарт. Әрбір қазақ азаматы қазақтың бостандығы мен тәуелсіздігін бағалап, тілі мен дініне құрметпен қараса , Қазақ елі «Мәңгі» жасайды деп ойлаймын. Қазақ елінің мәңгі жасауы елбасымыздың басты арманы.
Тәуелсіздіктің тамаша табыстары.
Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіздік алғаннан бері жиырма бес жыл толғалы отыр. Осы жылдар аралығында еліміз көптеген табыстар мен жетістіктерге жете білді. Мен білетін ең басты жетістік бұл -Астана. Астанаға әлем қаласы атағы беріліп, оған бүкіл әлем көз тігуде. Қазақстанның дәл ортасынан бой көтерген қаланың дамуы, қарыштауы бар қазаққа шабыт береді. Бәйтерек-өмір ағашы болса, Ақ Орда- мемлекеттің ақыл ордасы. Әзірет Сұлтан мешіті, Хан шатыры, Тәуелсіздік монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты сәнін арттырып тұрған ғимараттардың көркіне қарасаң көз тоймайды. Бірнеше жыл бұрын қамыс пен қоға жайлаған жерде дәл бүгінгідей сұлу қала бой көтереді дегенге ешкім сенбесе керекті.Қалаға келген меймандар таңдана да, тамсана қарайды. Астана- болашақтың қаласы. Әрбір болашағы бар бала Астана тұрғыны болуды армандайды. Оқушылардың бұр арман-мақсаттарын «Астанаға ақ бата» атты әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген сабақта байқаған болатынмын. Құсан Жібек атты оқушым Астанаға өлең тарту еткен болатын
Тәуелсіздік, Астана, Қазақстан
Көрікті, таңғажайып ғажапстан
Даласы, тауы,көлі, өзені де
Үлгі алған самғап ұшқан қыран құстан
[pic] [pic]
Біздер, ұстаздар бүгінгі ұрпақты тәрбиелей отырып, болашаққа бағдар жасай аламыз. Бүгінгі ұрпақ қандай тәлім алса, ертеңімізден алатын жеміс, нәтиже дәл сондай болмақ. Сол себепті мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршін кезеңнен ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, «Мәңгілік елдің» іргетасын мықты етіп қалауымыз қажет. Бүгінгі ұрпақ ертеңіне сеніммен қарай алу керек. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Сондықтан, ғылыми білім беруде, «мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде ойға ой қосу арқылы өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымызға жетеміз.
Қорытындылай келе, жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп, саналы да, сапалы білім нәрімен сусындату өте маңызды дегім келеді. Себебі, бастауышта білімнің негізгі кірпіші қаланады. Ал, ол үшін мұғалім жаңашыл, мотиватор, басты қозғаушы күш болуы шарт. Әрбір мұғалім балаға жүрек жылуымен қатар, ізгілендірген білім беруі тиіс. Елбасы өз жолдауында айтқандай «Мәңгілік ел» идеясының астары осында жатыр. Сондықтан да, өз әріптестерімді ел болашағын сапалы оқытып, озық идеялы азамат тәрбиелеуге шақырамын. Өзімнің осы жолда екендігімді мақтан тұтамын!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Гаврина А. «Мемлекеттік тілге құрмет қандай болуы керек» . Егемен Қазақстан . Жалпыұлттық республикалық газет. 2016ж. 20 мамыр. №95 . 4б.
2. Жолдаева Ж.С. «Мәңгілік ел-Мәңгілік Қазақстан». Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Республикалық педагогикалық журнал. 2016ж. №1 . 11 б.
3. Өзімнің тәжірибемнен