Құстар біздің досымыз
Мақсаты: 1. Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор бола білуге үйрету.
2. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту,құстардың пайдасына тоқталу, өлеңдерді пайдалану, ертегілерді сахналау арқылы сөздік қорын байыту.
3.Табиғатқа деген мейірімін ояту,адамгершілікке баулу.
Көрнекілігі: Ағаштардың, құстардың, жануарлардың суреттері.
Сабақтың барысы:
Табиғат-ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз.
Бұл өлеңде нетуралы айтылған?
-Табиғат туралы.
Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
-Жер,су,ағаштар, гүлдер,күн,ай,бізді қоршаған орта.
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-екіге. Өлі және тірі.
-Ия қараңдаршы балалар біз мұнда нені көріп тұрмыз, қандай әсем табиғат.
- Ағаштарды
-Қандай ағаштарды білесіңдер?
-Терек, жаңғақ ағашы, шырша,өрік, алма ағашы,қарағаш,аққайң т.б
-Ағаштардың қандай пайдасы бар?
-Ауаны тазартады, көлеңке болады, жихаздар жжасайды, үй салаыды.
-Ағаштардың достары кім?
-Адамдар, біз.
-Дос болу үшін не істеуіміз керек?
-Ағаштарды жұлмауымыз, сындырмауымыз керек.
-Осыған байланысты кім қандай өлең біледі?
Батыр: Білегіңді түр де,
Отырғыз дос бір шыбық.
Алма ағаштың гүліндей,
Құлпырады тіршілік.
-Ағаштың тағы қандай досы бар?
-Құстар ағаштарға дос, олар құрттарын теріп жейді.
- Балалар айтыңдаршы құстарды атуға бола ма?
-Жоқ
Алижан:
Ой балалар, балалар,
Құстарда да ана бар.
Құстарда да бала бар,
Құс ұясын бұзбайық,
Обалына қалмайық,
Құстар біздің досымыз.
-Мынау не?
-Бау-бақша, ағаштар
1.Қарға. түсі қандай?
-қара
2. Сауысқан. Түсі қандай?
-ала
3. Тоқылдақ. Түсі қандай?
-Әдемі, оны орман дәрігері деп атайды.
4. Бұлбұл әнші құс. Бұл құстар қай жерде көп кездеседі?
-Орманда
5.Қарлығаш. түсі қара, адамға жақын құс, құйрығы айыр болып келеді.
Ділназ:
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Ертеде орманда үлкен терек өсіпті. Терек ұлғайып, қартая бастапты.Күндердің күнінде терекке құрт түсіпті.Жел соқса тұла бойы ауыратын болыпты.
-Ух жаным-ай