Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады. Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады. Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады. Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы: - «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме? - «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар? - «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар? - «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар? - «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер). - «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды? Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы. |