Начальный класс День Победы открытый урок

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Тақырыбы: « Ерлік сабағы »


Мақсаты: 1 . Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.

Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

2. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысындағы

Батырларымызбен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

3. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Батырлардың суреттері,кітаптар,нақыл сөздер,шарлар


Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық :

Мұғалімнің құттықтау сөзі : Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар. Сіздерді бүгінгі 1-ші қыркүйек білім күнімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, оқушыларға еліміздің білімді, тәрбиелі азаматтары болуға тілектеспін. Алдағы уақытта жан-жақты дамыған, үлгілі, тәртіпті,ертеңгі болашаққа нық сеніммен қарайтын азамат болуларыңызды тілеймін.


Мұғалім сөзі: - Балалар сіздер мектеп табалдырығын алғаш аттап отырсыңдар, қандай сезіммен

келдіңіздер?

-Мектепке біз не үшін келеміз ?

Ал олай болса балалар біз алғашқы сабағымызды бастайық ?

- Биыл біз қандай мерекелерді тойладық ? ( Сұрақтар қойылып оқушылар өз

ойларын айтады )

Соның ішінде біз биыл Ұлы Жеңістің 70- жылдығын тойладық

ІІ. Негізгі бөлім :

Тарих үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда ол Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

Осы соғыста Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында қазақстандықтар да болған. Отанын қорғауға біздің батырларымызда ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

( Батырлардың суреттерін корсете отырып таныстырып кету)

« Кім болам ? » ойыны ( Сұрақ-жауап арқылы )

Мұғалім сөзі: Ал балалар мен сендерге осы ел қорғаған, жер қорғаған ағаларыңызбен апаларыңыз сияқты батыр болуға, өз армандарыңыздың орындалуына тілектеспін. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымызға құрметпен бас иеміз.

Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктеріміз өте көп.

ІІІ. Қорытынды бөлім : Ұлы Жеңістің 70-Жылдығына арналған « Ерлік сабағы » атты тәрбие сабағымыз аяқталды. Бейбіт өмірдің бүлдіршіндері болуға тілектеспін.

Ән : « Менің Қазақстаным »