Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Бекітемін: Ихсанова Ш.К

Күні:

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:Адам ағзалары және оның қызметі.

Сабақтың мақсаты:а\ Оқушылар мәтінді дауыстап,түсініп,мәнерлеп оқыту

арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.

ә\ Салауатты өмір салтын қалыптастыра

білуге тәрбиелеу.

б\ Оқушылардың сөздік қорын, тіл

байлықтарын дамыта отырып,ой-өрісін кеңейту.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,салауаттану.

Әдісі: сұрақ –жауап,түсіндіру.

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

2 сыныпта өтілгендерді қайталап,еске түсіру.

Бізді қоршаған орта қалай аталады?

Жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?

Көпжылдық өсімдіктерді ата.

Қандай жылусүйгіш өсімдіктерді білесіңдер? т.б

ІІІ.Жаңа сабақ.

Адам-тірі табиғаттың бір бөлігі.Басқа тіршілік иелері сияқты ол тыныс алады,

тамақтанады,өседі,дүниеге ұрпақ әкеледі.

-Ал адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

(Оқушылардың жауабын тыңдау)

Адам-организмі жеке бөліктерден тұрады.

Көз,жүрек,асқазан,бауыр,өкпе-мүшелер.Әр мүшенің құрлысы бөлек.Ол белгілі

бір қызмет атқарады.

-Көз қандай қызмет атқарады?

-Өкпенің қандай қызмет атқаратынын білесіңдер ме? (Жауаптарын тыңдау)

(Қосымша мәлімет беру)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс

[pic] [pic] [pic] . [pic]


Адам тірі табиғаттың бір бөлігі екендігін дәлелде.

Адам жануарлардан несімен ерекшеленеді?

Адам денесінің мүшелері туралы айт.

IV. Сабақты бекіту.Сұрақ-жауап арқылы.

V. Үйге тапсырма. Мәтін мазмұнын айту.Денсаулық туралы мақал-мәтел жинау.

VI. Бағалау.