Күні:
Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тереңдету , жан – жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларды дарынды озық болуға тәрбиелеу.Балаларды елін жерін, оның дәстүрін сыйлауға. Халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Түрі:
Сабақтың барысы: Балалар бүгін біз сынып арасында « Озық ойлы» оқушы атты зиятекрлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып өзара білімдерімен сайысқа түспек. Ендеше, сайысқа түсер екі топпен танысайық.
Ұймдастыру бөлімі:
Топ «Зерде »
Топ «Зейін »
Топ Ұраны: Қалың қауым амансыз ба, «Зерде» тобы алдыңызда. Білімімізді көрсетеміз, бүгінгі білім жарысында.
«Зейін» тобы. Ұраны. «Көрген, білген, түйгенін,т көкірегінде сақтайтын, «Зейін» тобы біздерміз, білім сайысынан қалыспайтын.
Топқа
Сұйық тамақ ішетін ыдыс. (қасық)
Неше сызық түрін білеміз? (қисық, түзеу).
Сүттен жасалған тамақ. (ірімшік, қаймақ).
Балық аулайтын құрал. (қармақ).
Пышақ қайрауға арналған құрал. (қайрақ)
2 - топқа.
Су көлігі. (қайық).
Баста орналсақан дене мүшесі. (құлақ)
Қандай ұлтпыз? (қазақ)
Су алатын терең қазылған жер. (құдық)
Көкөніс атауы. (қызанақ).
Сұрақтар:
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Біздің мемлекіміздің туының түсі?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
1 аптада неше күн бар?
Күнделік сөзінде неше буын бар?
3+4 қосындысы нешеге тең.
1,10- ға дейін ретімен санау.,кейін санау.
Аналар мерекесі қашан тойланады?
Жыл мезгілдерін ата?
1 сағатта неше минут бар?
Сұрақтарға жауап беру.
Өлең жазатын адам. (ақын)
Сиырдың төлі. (бұзау)
Ас атасы не?. (нан)
Аптаның екінші күні ? (сейсенбі)
Барлық қабырғалары тең (төртбұрыш).
Топқа.
Қойдың төлі? (қозы)
Ән айтатын адам? (әнші)
Аптаның үшінші күні? (сәрсенбі)
Дүниедегі ең қадірлі адам? (ана)
Қазақтың үлттық аспабы? (домбыра)
«Ойын кім жылдам»
«Қызғалдақ» - қыз, ал, ақ, дақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, лақ, зал.
«Жауқазын» - жау, ау, қыз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу.
Қорытындылау. Сонымен балалар, бүгінгі сайысымызда өз мәресіне жетті. Келешек білімді ұрпақ қолында екендігін Елабасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озыұ ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашан енкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне беріңіздер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.
Күні: 28.01.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Математикалық сандық
Мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызғушылығын арттыру.
Оқушыларды шапшандыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққае тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойын есептер,суреттер
Әдісі: сұрақ – жауап,түсіндіру,
Түрі: сайыс
Сабақтың барысы:
Қайырлы күн қадірмеңді көрермендер.
Математикалық сандық ойынына қош келдіңіздер.
Математикалық сырлары,
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді ортаға 2 топ оқушыларың шақырамыз.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! – дей отырып, сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
1.
2.
Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру.
2. Бәйге
3. Кім жылдам
4. Логикалық сұрақ
5. Ғажайып алаң
6. Жалғасын тап.
Топ басшысын сайлап аламыз.
Алғырлар тобы – Ардана Тілегжан
Білгірлер тобы- Әбдіжамиев Арсен
І - тур. Таныстыру. (әр топ өздерін таныстырады.)
Ұраны: Жарыс десе жанымыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
«Алғырлар» озып шығып бәйге аламыз.
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
Ұраны.
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
Білгірлер мақтанбаймыз, білгірміз деп
Таудай бірақ талабымыз
Білгір бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
тур «Бәйге» (әр топ ).
Өздеріңіз оқып отырған математика кітабының авторы?
7 майшам жанып, тұр, 4- уін сөндірсек неше майшам қалады (3 )
Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
Үш сызықтан пайда болған фигура ? (үшбұрыш)
Жарты түзеу. (Сәуле)
1 т қанша кг бар? (1000кг)
225 . (15)
Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (500)
Азайғыш 49,азайтқыш 30. Айырманың мәні нешеге тең?
Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы. (периметр)
-
Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? (4)
Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
Кеміту амалы. Азайту
Бір таңбалы сан. Бір
Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
Ауданы 25 см 2 шаршының қабырғасы нешеге тең. (5см)
Бірінші қосылғыш- 43, екінші қосылғыш-35 қосындысы нешеге тең. (78)
97-23 сандарының айырмасы нешеге тең? 74
Бұрыш түрлерін ата? (үшбұрыш, сүйір бұрыш, жазыңқы).
III. «Кім жылдам». Геометриялық фигуралардың аттарын табу.
Еңшбре – шеңбер
Шұбршүы – үшбұрыш
Трұбышрөт – төртбұрыш
Рвадкат –квадрат.
Шрыаш – шаршы
IV. Логикалық сұрақ.
Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда, берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар. Қарияның неше ұл неше қызы бар? (6)
Қоянның үйінен құдыққа дейінгі жер 30 метр. Ол бір шелек су әкелу үшін неше метр жүріп өтуі керек. (60 метр)
Ыдыстағы 4 жұмыртқа 3 минутта піседі, сонда оның әрқайсысы неше минутта піседі? (3 минут)
3 қайың өсіп тұр, әр ағашта 2 бұтақ. Әр бұтақта 2 алмұрттан. Барлығы неше алмұрт? (қайында алмұрт өспейді.)
Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және апельсин тұрған. Үстел үстінде барлық көкөністер қанша? (Жауабы: 5 көкөніс, өйткені апельсин жеміске жатады.)
Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? (Жауабы: біреуі өйткені қалғандары ұшып кетеді.)
V.Ғажайып алаң.
Берілген кестеден сұрақтар қойылады. Сұраққа дұрыс жауап берілсе, көрсетілген сан бойынша әр топ ұпай алады.
20 20 20
30 30 30
50 40 40
20. Қосуға кері амал. (азайту)
30 1 сағат 20 минутта неше минут бар. (80 минут)
20. А:9= 7 (63)
40. 1 метрде неше сантиметр бар (100см)
20. 2+2+2 нешеге тең? (6)
40. Шаршы дегеніміз не? (Барлық қабырғалары тең төртбұрыш).
30. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
30. Кез келген сан мен 0- дің көбейтіндісінің мәні қандай санға тең? 0
40. Натурал санды өзіне – өзін бөлгенде қандай сан шығады? (1)
VI. Жалғасын тап.
Санға байланысты мақал – мәтелдің жалғасын тап.
Жеті рет өлшеп - ... (бір рет кес).
Жеті атасын білген ер, ... (жеті жұрттын қамын жер.)
Бесік баласы... (бес түлейді).
Жеті жұрттың тілін біл, ... (жеті түрлі білім біл.)
Жүз теңгең болғанша, ... (жүз досын болсын. )
Екі аяқты бажа тату, ... (төрт аяқты бота тату).
Қорытынды.
Осымен «Математикалық сандық» атты сайысымыз аяқталды. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі. Жауабы. Гарриот
XVIIIғасырда көбейту және бөлу таңбаларын ұсынған кім?
Жауабы: Лейбниц
Парабола деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы 262-190 жылдарда өмір сүрген грек ғалымы.
Жауабы: Аполлони
Функция ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.
Жауабы: Лейбниц
Енді ең соңғы капитандар жарысы.
«Алғырлар сайысы»
Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
1 сағатта неше минут бар? (60 сек)
7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. (70)
Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме? (сөз есеп)
Мектептегі 45 минут. (сабақ)
Оқу жылының алғашқы айы қандай . (Қыркүйек)
Азайту амалының компоненттерін ата? Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.
3*9 дың көбейтіндісі? (27)
6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? (30)
Санды сол санның өзіне бөлсе... (1 шығады.)
Білгірлер
Қосудың нәтижесі қалай аталады?
1ғасырда неше жыл бар? 100
9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.98
Периметрді қалай табамыз. Барлық қабырғаларын қосамыз.
Мектептегі 10 минут? (Үзіліс)
Қыс айларының алғашқы айы қандай? (Қаңтар)
Бөлу амалының компанеттерін ата?
3 пен 7-нің көбейтіндісі (21)
5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? 28
Кез келген санды бірге көбейткенде... сол сынның өзі шығады.
Сонау – сонау алысқа, жүзсің десен кемелер,
Тылсым – сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика – ең маңызды ғылым бұл, Сондықтан да сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Нұрлы Бастадым білім нұрын бастауыштан
Жанымен сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың
Бастауыш саған мәңгі басымды ием.
Әлішер Әр жыл сайын қаруланып білімнен
Бала шақтан болашаққа ұмтылған.
Жайнаттың үмітімді біліммен,
Бастауышым бізді алға бастаған.
Ерасыл Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Деген сөзді мен ұқтым
Биікте ол тұрады.
Жанесен Ақыл, сана, біліммен
Өнеріме сенемін
Арым таза, аққөңіл
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы ақ ниет.
Адамдыққа сенемін.
Айсұлу Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
Нұрсен Кеудемнен сезім селі ақтарылсың,
Болармын күні ертең мақтанышым
Білім алып, тер төгем еңбек етем.
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Мақсат Білім аққан сел дейді
Бірақ оңай келмейді
Ала білсең білім көп
Ақыл – ойға кен дейді.
Ислам Білімнің қайнар бұлағы
Өнердің жарық шырағы
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкіртің асыл қырағы.
Аружан Бастадым білім нұрын бастауыштан
Жанымнан сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың
Бастауыш саған мәңгі басымды ием.
Саят Бастауышым – бастамам
Білім жолын бастаған
Білім шыңы биікте
Белді бу жас данам
Мектеп кеме, білім – теңіз
Барар жерге тез жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
Алғаш рет өзіңнен,
Білім алды балалар!
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар.
Еңбек етсең ертеңгі
Бақытыма сенемін
Мақсатыма жеткізер
Бақытыма сенемін.
Достық іспен қатсы да,
Жеңеріме сенемін.
Арманым болып аңсаған,
Мәңгілік қалдың мекеңдеп,
Өзіңе арнап ән салам,
Ардақтап сізді өтем деп.
Қорытынды: Балалар ата- аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпаұ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алайық. Ел – болашағы мына сендердің қолдарыңда.