Баланың бас ұстазы – ата-ана
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, бүгінгі хабар қонақтары! «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында өткелі отырған «Ақжүніс» бағдарламасына қош келдіңіздер!
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегім таныстым мың тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
-деп Ж. Молдағалиев жырлаған халықпыз. Сол халықтың жастары да осал болмауы тиіс. Осал емес те. Бекзат, Бахтияр сынды жастарымыз еліміздің намысын биікке асқақтатты. Бірақ бүгінгі жасөспірімдердің қылмысқа бой ұрып бара жатқандығы. Яғни, қылмыскерлердің жасы жасарып бара жатыр. Жастардыңқатыгездікке, қылмысқа бой алдырыуы заман мәселесіне айналды. Сондықтан, бүгінгі әңгіме жастар жөнінде, жасөспірімдер арасындағы қылмыс жөніндегі болмақ.
Қазір студиямыздың «жұмбақ кейіпкерлеріне» сөз берейік.
«Мен отбасымда жалғыз бала болдым, сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. 13 жасымнан бастап қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола бастадым. Әке-шешем ақшаны аямайберетін болғандықтан, қымбат темекі шегетінмін. Барлық зат оңайлықпен келетін болған соң өмірге жеңіл қарадым. Қанша рет арақ ішіп, милицияға да ұсталдым. Әкем таныстар арқылы ақшасының арқасында шығарып алатын еді. Өзімнің жаза тартпайтыныма масайрап сорақы қылықтарға баратын болдым. 17 жасымда әкем жол апатынан қаза болды. Жалғыз анам маған ештеңе жасай алмады. Сол кезде қасымдағы өзім сияқты жаман жолға түскен көрші шағын аудандағы Ернер есімді баланы өліші етіп сабадық. Оның бар жазығы менің досым жақсы көретін Айна деген қызбен достығы еді. Бәрімізде қамалдық. Шығарып алатын әкем жоқ. Осы жерде мен өз өмірімді бүлдіргеніме бірінші рет өкіндім. Үш бала болып 5 жылға сотталдық. Темір тордың арғы бетінде өткізген 5 жыл мен үшін 100 жылға тең болды. Бүгінде босап келіп, жаңа өмір бастап жатырмын. Өмірімді қайтадан бастағым келеді. Жастарға айтарым, кейін өкінбейтіндей өмір сүріңдер. Бар қызық алдарыңда. Арақ, шарап, есірткі бірінші жауларың дегім келеді».
Мұғалім: Ал, құрметті студия қонақтары «жұмбақ кейіпкердің» әңгімесін тыңдадыңыздар. «Жұмбақ кейіпкердің» өмірі неліктен қылмыспен басталды. Осы жөнінде ой бөліссек.
«Жұмбақ кейіпкер» кімді кінәләп отыр?
Осындай оқиғалар қоғамда жиі белең алып бара жатқаны жасырын емес. Осы тәрізді келеңсіз жағдайларды естігенде сіз қандай күйде боласыз?
Сіздің жолдастарыңыздың арасында біреуінің баласы осындай жағдайларға ұшырағанда сіз қандай кеңес берер едіңіз?
«Жұмбақ кейіпкерге» деген көмегіңіз? (ата-аналардың пікірін тыңдау)
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда бізге келіп түскен тыңдарман хаттарыннан үзінділер жатыр.
«Құрметті редакция! Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Кейде жанжал аяқ астынан шығады. Шешем: «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың шалалы» деп ызыңдадудан жалықпайды. Әкем ішіп алғанда талай рет қол жұмсады. Шешем, көбінесе екеумізді бөлек тамақтандырады. Мен ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады. Кейде қылмыс жасап түрмеге де түскім келеді. Не істерімді білмей жүрмін».
Жаны жаралы Арманға қандай ақыл қосуға болады?
Мұғалім: Біз тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыздың ой-пікірін тыңдадық. Олай болса отбасында бала тәрбиесне қалай ықпал жасайсыздар? (әкесі, анасы ретінде)
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
Балаға тәрбие беру кезінде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?
Отбасы мүшелерінің қайсысының ролі басым?
Өзіңіздің балалық шағыңыз туралы балаңызға айтасыз ба?
Өзіңізді бұрын ата-аналарыңыз қалай тәрбиелейтін еді? Қазіргі бала және сіздердің уақыттарыңыздағы баланың арасында айырмашылық барма, қандай?
Бала тәрбиесінде сізге кездескен қиыншылықтар, оны шешудің жолы қандай?
Даналық сөздер
«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді».
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлындай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла».
Мұғалім: Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінің оңай емес екенін байқаған боларсыздар. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер. Сіздер өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып қуанышқа бөлей берсін.