Сабақтың тақырыбы:Достық түбі - адалдық
Сабақтың мақсаттары:
Адамның бойында болашақ өміріне пайдалы достық сезімінің құдіретін ұғындыру , бұл сезім ,жақсылықтар жиынтығы екендігіне көзжеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп ,оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу ,досқа деген адалдық , шексізықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу .
Көрнекіліктері :суреттер ,нақыл сөздер,буклеттер .
Сабақтың барысы
Жүргізуші:Бүгінгі «Достық түбі –адалдық» атты тәрбие сағатымыз өміріңе сән беретін , адам бойындағы ғажайып сезім –достық туралы .Өмірде көп көрген , достық мектебіндешыңдалған ақындардың жырларын оқып , ұлтымыздың қасиетті хадистерін жаттап ,даналардың сөздерін санамызға тоқып , достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы екенін көз жеткізіп , адал досты жалған достан айыра білу .
Диас:
Досым,саған сенемін сеніп өтем!
Жолды бөтен демейін , жөні бөтен .
Достық деген –адамның көрігі екен ,
Достық деген –адамның серігі екен .
Арай :
Ұйықтап жатыр көңілді құйын –дауыл
Неге сен келе алмадың жиынға бұл ,
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр.
Ақылбек :
Достық қымбат өмірде,
Сақтай білсең көңілге .
Терең оймен түсініп
Сене білсең өмірге .
Әдемі :
Вся наша земля –
Как большой детский сад ,
Где каждый друг другу
Сестра или брат .
Пусть будут все дети
Друзьями навеки !
Хангерей :
Жақсыменен дос болсаң ,
Алдыңнан шығар електеп ,
Жаманменен дос болсаң ,
Сыртыңнан жүрер өсектеп .
Гүлзада :
Жан қиыспас дос болсаң ,
Сыйласумен жүрерсің
Шашылып жатса , сыртыңнан
Жинасумен жүрерсің .
Көрініс : «Досыммен сырласу»
Бақдәулет:
Достың көңілі ерекше .Сондықтан досты ренжітуге болмайды .Дос деген сөздің өзі екі түрге бөлінеді :адал дос ,амал дос .Адал дос әрқашанда қасыңнан табылады . Ал амал дос сыртыңнан күліп кетеді .
Хадистер
Жерді атына қарап , адамды досына қарап тануға болады .
Әрбір мұсылман үшін адал дос табу міндет .
Досыңның сұраған кешірімін қабылдаған адамның күнәсімен бірдей .
Ән : «Дос туралы жыр»
Мақал-мәтелдер
Қанат
Жақсы дос күлдіріп айтады,
Жаман дос жылатып айтады .
Аяжан
Сенімді дос тірегің
Қалдырма оны бір елі.
Досты кек етпе ,
Сөзін екі етпе .
Думан
Адаммен достың қамы ,
Содан соң бастың қамы .
Даяна
Екі жаман дос болмас,
Екі жақсы қас болмас.
Қорытынды
-Құрметті ұстаздар ,оқушылар .Осымен сіздерге арналған «Достық түбі-береке» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.