Лесбаева Камила Бердыбековна
«№34 Гагарин атындағы жалпы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бейнелеу өнері 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғат пен кескіндемеге көк жасыл түсті танып білейік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, көк жасыл түстің ерекшелігі, жылы және суық түстер жайлы білімдерін жетілдіру. Дамытушылық:
Көркем ойлау,көркем өнерді қабылдау, сезімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы жазылған плакат қағаз, түстік шеңбер суреті, жылы және суық түстерге арналған өлең шумақтары. «Ғажайып кемпірқосақты боя» атты сұрақтар, акварель, қылқалам, плакат қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа даярлық
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Жаңа сабақты қорыту.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Сабақты бекіту.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сыныпта кезекші кім? Сыныпта жоқ оқушы барма? Сабақты бастамас бұрын сабаққа қажетті құрал-жабдықтарымызды алып сабаққа әзір отырайық.
Жаңа сабаққа даярлық
Ертегіге барар жолда
Бақыт құсын табарсың
Суретіңнің бояулары-
Мың құбылған жарасым.
Бізде одан сезіп тұрмыз
Түсіп бүкіл әлемнің.
Бізде одан сезіп тұрмыз
Тыныштығын бар елдің.
Міне, балалар мен оқыған өлеңнен нені аңғардыңдар.
Бұл өлеңде табиғаттағы кездесетін бояу түстерсіз ештеңе білінбейді де, сезілмейді де екен. Олай болса бүгін сабағымыздың түстер, көк жасыл түстің қасиеті, жылы және суық түстер жайлы өтетінімізді ескертемін.
Осы түстерді пайдалана отырып «Ғажайып» кемпірқосақты бояймыз.
Жаңа сабақ.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінде үш түске бөлінеді. Осы түстерді алмастыру үшін қосымша түстер алынады.
Негізгі түстер. Жылы түстер.
Суық түстер.
Түстер ерекшелігіне сай өлең шумақтарын оқып сол түстерді тақтаға ілеміз.
Қызыл түсті қырмызы,
Алаулайды түз гүлі
Көлеңкелер ұзарып
Күн батады қызарып.-(қызғалдақтың суреті ілінеді).
Қызғылт сары түлкінің
Сәбіз енді түсіне
Құйрығына өзінің
Ұқсайды екен пішіні (түлкінің, сәбіздің суреті ілінеді).
Алтын күнді албыраған,
Күнбағыс көзбен құшады.
Бақта алмұрт балмыраған,
Сары жапырақ ұшады (Күнбағыс, алмұрт суреті ілінеді)
Жасыл түсті бұл әлем
Шалғын менен шегіртке!
Жасыл жапырақ, жасыл бел...
Көл бақа да жап-жасыл (шалғын шөп пен бақаның суреті ілінеді)
Көгілдір марғау көз қысып,
Отыр әйнек алдында
Көктен түскен көк мысық
Жансыз ба әлде жанды ма?(марғау мысықтың суреті)
Көк теңізде арал бар,
Аралға жету- бір арман.
Көпеңбек аттан жаралған
Ғажайып гүлдер бүр жарған (көгілдір арал суреті ілінеді)
Күлгін түстің көркін-ай,
Көктемгі гүлдей өрбіп.
Көбелек гүл көктеді-ай,
Күзде пісер бал өрік! (күлгін гүл суреті ілінеді)
Ал, балалар енді осы түстерді құрастырып сіздер жақсы суретші болам десеңіздер «Ғажайып кемпірқосақтың» түсін анықтап бояуды үйренейік.
Сурет салу«Ғажайып кемпірқосақтың»
Бояулар бүгін шаршаған
Сурет салды қаншама!
Бар табиғат оянды,
Кемпірқосақ боялды...
Болды бәрі ертегідей керемет,
Көз жеткіссіз,бұдан артық не керек?
Түрлі түсті, қызыл-жасыл дүние,
Қарап қойшы, өзің-дағы сүйене!
Ал, балалар кемпірқосақ түстері қалай орналасты зер салып қарайықшы.
Осы түстердің ішінде біздің тақырыбымызға сай көк жасыл түстер , яғни жылы және суық түстерде бар. Міне біз табиғаттағы кездесетін қызыл, сары, жасыл негізгі үш түспен және қалғаны олардың қоспасынан алынған түстер жайында біршама мәлімет алдық.
Сабақты қортындылау.
Жаңа сабақты қортындылау мақсатында «Өз біліміңді тексер» атты сұрақтарға жауап берейік.
1)Артық сөздерді алып таста
«Негізгі түстер- қызыл, жасыл, көк, сары».
2)Кескіндеме деген не?
3)Қатені түзет: Кескіндеменің басты әсерлігіне құралы штрих, бояу дақтары.
4)Негізгі түстерді анықтау.
Сабақты бағалау.
Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды бағалау.
Үйге тапсырма. Осы түстерді құрастырып, тағы қандай суреттер салуға болады.
Сабақты бекіту.
Сабақ аяқталды, әркім өз ойын жапырақ арқылы ағашқа іледі.
Сау болыңдар!