Үй жануарлары мен үй құстары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстырып, ауыл мекемелерінен хабардар ету, оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой-қиялын дамыту. Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды үй жануарлары және үй құстарымен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үй жануарлары, үй құстары

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру



- Ауылда не ұстаймыз?

Жауабы: мал, қой, сиыр, жылқы

Сұрақтары:

1.Жануарлар дегеніміз не?

2.Жабайы аңдар дегеніміз не?

3. Жабайы аңдарды ата?

4.Үй жануарлары дегеніміз не?

5.Үй жануарларына нелер жатады?

6.Неге сүтқоректі жануарлар деп атаймыз?

7.Жабайы аңдардың қандай пайдасы бар?

«Ойға шабуыл» Суретті жұмбақтар шешу

Өзі сақ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын,өзі ала

Бұл қандай құс? (Сауысқан)

Көлдің көркі,сәні екен

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған

Бұл қандай құс? (Аққу)

Тоқ-тоқ етіп

Ағашты ояды.

Ондағы құрттарды

Тауысып қояды. (Тоқылдақ)

Жер көкті кезіп

Тамағын табады.

Үйіме үйін

Балшықтан салады. (Қарлығаш)

-Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

Жаңа сабақ.

Құстар-қанатты жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.

Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайды

Жануарлар туралы жұмбақты шешіп көрейік.

Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,

Шайнаңдағаны сағыз,

(сиыр)

2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.

(жылқы)

3 Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.

(қой)

4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,

Болса – дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды.

(ешкі)

5. Кездесті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар

(түйе)

6. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,

Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ.

(есек)

7. Лағымның құлағы, мелтиіп тұрады,

Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады.

(ит)

8. Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті - қолын жуады.

(мысық)

Балалар жауап берген сайын, жануарлардың суреті тақтаға ілінеді.

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, бәрін таптыңдар. Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары» екен. Қазір мен сендерге осы үй жануарлары туралы әңгіме оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

V.Оқулықпен жұмыс

.

VII. «Есіңе сақта!» айдарымен

Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.

Құстарды атуға болмайды.

VIII. Тапсырмалар мен сұрақтарды талдау.

IХ. Қорытынды. Ойын : «Бұл қай құс?»

. Бағалау.