|
Бастауыш сынып мұғалімі 2 сынып
Автор публикации: Салахаден А.С.
Дата публикации: 2016-04-14
Краткое описание: ...
Тақырыбы: Өсімдікке су және топырақ керек Мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру. Күтілетін нәтиже: - өсімдіктер туралы толық мағлұмат бере отырып, - олардың тіршілігін түсіндіре алады; - жұмысты өз бетінше, топпен жоспарлап, бағалай алады; - жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді. - алған мәліметтерді талдап, өз білімдерін бағалай алады; - түсінігін топтап, жүзеге асыра алады. - оқушының сөзі жүйелі, қисынды, - қорытындыны дәлелдей алады. Тапсырмалар: Жаңа тәсілдер: «Бірге ойлаймыз», «Ойлан әрі талқыла», топтық, жұптық әңгіме, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: АКТ қолдану: визуалдандыру, белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар. Оқыту формасы: Жеке, жұптық, топтық, жаппай Бағалау: Формативті бағалау: ынталандыру мақсатында «Қолпаштау», «Басбармақ» Кері байланыс: «Нысана» д. д.
Сабақтың барысы: Мұғалім әрекеті Кіріспе: Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал: Табиғат күлімсірер күніменен Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен Көркіне көз тоймайды табиғаттың Сұлулықты сүйе біл шыныменен. Топ ережесін қайталау. Оқушыларды топқа бөлу
Үй тапсырмасы: «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру. 1 – топ: Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды? Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады 2 – топ: Өсімдіктің қандай пайдасы бар? Өсімдік: Сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, кітап 3 – топ: Жапырақтың қызметі қандай? Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады. Барлық топқа: Өсімдік қалай көбейеді? Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс
Тұсаукесер: “Күн көзін бұлт баспасын” Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күн көзін шығару - өсімдік мүшелерін ата? - өсімдік топтарын ата? - тамыр қандай қызмет атқарады?
- сабақ қандай қызмет атқарады? - тұқымның түрлерін ата? - жапырақтың қызметі қандай?
"Сен білесің бе?" - Өсімдік өсу үшін не қажет? Негізгі бөлім: «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар. - Топырақ деген не?
- Топырақтың негізгі қасиеттерін ата. “Мағынаны тану” кезеңі Өсімдік – тірі ағза. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйіндейді, жеміс береді. Өсімдік өзіне қажетті қоректі өлі табиғаттан алады. Соның бірі – су. Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі.(Суретпен жұмыс) - Су өсімдікке не арқылы келеді? Топырақ арқылы. Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойына сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді. Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы. - Шірінді қайдан пайда болады? Жыл сайын қураған өсімдіктердің жапырақтары сумен араласып, оның құрамын байытады. Барлық топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді. Ондай топырақты қолдан тыңайтады. - Тыңайту үшін не керек деп ойлайсыңдар? - көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік.(суретпен жұмыс) «Терең танысайық» кезеңі Оқулықпен жұмыс. - Мәтінді тізбектей оқыту. - Мәтінмен жұмыс жүргізу. - Өсімдіктің өсуіне судың, топырақтың әсері қандай? - Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады? - Өсімдіктің бойында судың бар екенін қалай білуге болады?
Қорытынды: “Ой толғаныс” кезеңі. (проблемалық сұрақтар) - өсімдік тіршілігі үшін не қажет? - өсімдіктер адам өміріне қаншалықты әсер етеді? - егер өсімдік болмаса жер бетінде не болар еді? Дәптермен жұмыс 1 – тапсырма: Өсімдікке қажетті жағдайлар 2 – тапсырма: Қайсы өсімдік суды көп қажет етеді? Тест тапсырмалары: 1. Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар: В) жарық, ауа, су, қорек, жылу 2. Өсімдік: Б) тұқымнан дамиды 3. Топырақ арасындағы өсімдік мүшелері: Ә) тамыр 4. Өсімдікке сабақ не үшін керек? А) Тамырдан қоректік заттарды басқа мүшелерге жеткізу үшін 5. Құрғақ жемістерге: А) бидай, түйебұршақ «Ойлан әрі талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс. 1 – топ: Топырақ неліктен бұзылады? (күтім болмаса, жаңбыр мен қардың мөлшерден көп болуынан) 2 – топ: Топырақты қорғау үшін не істеу керек? (таза ұстау, құнарландыратын жағдайлар жасау) 3 – топ: Топырақтың құрамына нелер жатады? (көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік) Барлық топ: Топырақтың қандай түрлері бар? (қара, сор)
IV. Бекіту "Ой түйіндеу" кезеңі «Құм, тас, су» ойыны. Ойынның шарты: «Құм»дегенде әр жерде оқушылар шашыраңқы болып отырады, «тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалады, «су» дегенде толқын болып қозғалады.
V. Қорытынды. «Даналық қоржыны» әдісі арқылы су туралы берілген мақал – мәтелдерді құрастырып, оқу, мағынасын ашу. 1 – топ. Су – тіршіліктің көзі 2 – топ. Судың да сұрауы бар 3 – топ. Сулы жер – нулы жер Сонымен бүгінгі сабағымызда нені білдік? * Өсімдік өсу үшін қандай қажеттіліктер бар екен? * Топырақты тыңайту үшін нелер керек?
|
|