Ашық сабақ Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі

Сабақтың мақсаты: Жануарларды топтарға бөлудің жаңа түрімен және олардың қоректенуіне байланысты топтарға бөлуге болатынын түсіндіру;
2Жануарлар туралы білімдерін толықтыра отырып,ой-өрісін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыра түсу; 
3.Оқушыларды жан-жақты болуға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың әдіс- тәсілдері:Сұрақ -жауап.түсіндіру,көрнекілік,сын тұрғысынынан ойлау,ақпараттық технология,топтастыру. 
Құрал -жабдықтары:интерактивті тақта.қима қағаздар,суреттер. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Күтілетін нәтиже: Еркін толық сөйлеу дағдысы қалыптасады, бір –бірімен емін –еркін қарым –қатынас жасайды. Бір-бірімен пікір алмасады;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық 
Қорқытпаймыз құстарды. 
Қызықтаймыз ұшқанын. 
Үркітпейміз аңдарды, 
Жасамаймыз дұшпандық. 

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі

Жануарлар тіршілігіне не қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны.

Кіріспе сөз.

-Балалар біз жаңа бөлім бастайық деп отырмыз. Бөлім «Жануарлардың тіршілігі» деп аталады. Бұл бөлімде біз жануарлар тіршілігіне не қажет, жануарлар қыста қалай жылынады,олар немен қоректенеді, жемін қалай аулайды т.б. мәліметтермен танысамыз. Бүгін біз жануарлар топтарын есімізге түсіріп, жануарлар тіршілігіне не қажет екенін білеміз.

«Биік шың» ойыны

-Жануарлар қандай табиғаттың маңызды бір бөлігі?

-Олар қандай жерлерде мекендейді?

-Жануарлар қандай топқа бөлінеді? /жабайы аңдар және үй жануарлары/

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

-Оларды бір сөзбен айтқанда не дейміз? /мал/

-Жабайы аңдарға қандай жануарлар жатады?

-Жабайы аңдар мен үй жануарлары төлдерін емізіп қоректендіреді, сол себепті оларды сүтқоректілер тобына жатқызамыз.

Құстардың түрлерін ата

Балықтарды білесің бе?

Қосмекенділерге не жатады?

Бауырмен жорғалаушыларға ше?

Бұнақденелілерге қандай жәндіктерді жатқызуға болады?


Жолбарыс, сілеусін, қасқыр, барыс -бұл аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген. Олар мысық, ит, ақкіс,, тышқандар, қояндармен қоректенеді. Сол себепті оларды жыртқыш жануарлар дейді.

Жылқы,қой, сиыр, тиін, қоян, аю сияқты жануарлар өсімдікқоректі жануарлар тобына жатады.

Себебі олар әртүрлі өсімдіктермен қоректенеді.

Кірпі, борсық сияқты жануарлар жәндікқоректілер тобына жатады. Себебі олар жәндіктермен қоректенеді.


Жануарлар



Жыртқыш жәндікқоректі

өсімдікқоректі


Құстардың түрлері өте көп: Қандай құстарды білесің?

Балық түрлерін ата.

Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді оқу, талдау;

Сергіту сәті.

-Балалар бүгінгі біздің сергіту сәтіміз жануарлар туралы болмақ. Мен сендерге үй жануарларын көрсетсем, сендер қолдарыңды шапалақтайсыңдар, жабайы жануарды көрсетсем яқтарыңды тыпырлатасыңдар, құстарды көрсетсем, қанат қағасыңдар, жорғалаушыларды көрсетсем, белдеріңді бұраңдатасыңдар, жәндіктерді көрсетсем, қолдарыңды жоғары көтеріп саусақ ұшын қимылдатасыңдар. Ал, бастайық!

Ойын: «Әр жануарға өз үйі»

Дәптермен жұмыс.

Аю-апан

Жылқы-ат қора

Ара-кәрез

Түлкі –ін

Әтеш-тауық қора

Торғай-ұя

Жануарлар тіршілігіне не қажет?

Ойын: «Кім білгір?»

Ауа, су, жарық, тамақ, жылу.

ІҮ. Түсінгенін тексеру

Семантикалық карта

Ү.Бекіту кезеңі: Қортындылау

Кластер құрастыру




қоян

қасқыр

жылқы



аю Сүтқоректілер елік



түлкі бұғы


үй жануарлары





сауысқан

қарлығаш аққу



тоқылдақ құстар тырна



бірқазан ләйлек


қоқиқаз




қоңыз





ара Бунақденелілер көбелек



құмырсқа қанқыз

шаншар



шортан

камбала

майшабақ



бекіре балықтар сазан



акула

скумбрия

алабұға

«Сенің ойың, дәлелде»

  1. Жануарларды қорғау қалай жүзеге асады?

  2. Қандай қорықтарды білесің?

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

  1. 80,81,82 бет оқу, мазмұны

  2. 2. Бағалау

Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі МДШО және МЖИ КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

С.Куйкабаева