Қазақ тілі Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және оның түрлері. 7-9 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1-сыныпта өткенді еске түсіру.
Дамытушылық: Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Дыбыстар кестесі, алфавит, суреттер, қи мақағазар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Дыбыс пен әріп. 5-жаттығу, 2-жаттығу (жаттау)
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. «Кім білгір?» ойын ұйымдастыру немесе қатар аралық жарыс.
1 сыныпта өткенді еске түсіру.
-Дыбыс деген не?
-Дыбыс түрлерін ата.
-Дауысты дыбыс түрлері.(жуан, жіңішке)
-Дауыссыз дыбыс түрлері.(қатаң, ұяң, үнді)
-Дыбыс пен әріптің ерекшелігі т.б.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
Пысықтау жұмысы.
Қазақ тілінде
37 дыбыс, 42 әріп бар.
Дыбыстар:а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,
ы,і,э.
Әріптер:а,ә,б,в,г,ғ,д,е,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,
ь,ы,і,ъ,э,ю,я.
Дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылыс дыбыс деп аталады.
Ойынды тағы жалғастыру: «Аквариумге балық салу»(балықтардың артына дыбыс әріптері жазылған.Оқушы балықты алады.Егер дауысты дыбыс болса қызыл аквариумге, дауыссыз болса, көк аквариумге салады.)
7-жаттығу.
- Дыбыстың өзгеруіне байланысты сөз мағынасының өзгеруін ұғындыру.
- Күз – түз. Сөздерінің мағынасын түсіндіру.Неліктен өзгерді?
- Осы сөзге ұқсас мысалдар келтіру.(қатар аралық жарыс түрінде)
Мысалы: қар – жар – тар
сал – мал – жал – тал т.с.с.
8-жаттығуды орындау.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мағыналы сөз жасау.
...
... аз ( саз, жаз, қаз, наз, т.б.)
...
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Сергіту сәті.
Оқушылардың сөйлем туралы білімдерін пысықтау.
Сөйлем деген не?
- Сөйлем қалай жасалады.
Сөйлем қалай жазылады?
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
3 қатарға үш сөзге дыбыстық талдау жасату.
Дауысты дыбыс
жуан (4) жіңішке (6)
Сөздік диктант
Домбыра , өзен, сауыншы, қырғауыл, қауырсын, өмілдірік, дөңгелек, жүйрік, теміржол, жұмыртқа, арыстан, елік, өркеш.
Тапсырма:
Сөздерді буынға бөліп жаз.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Дыбыс пен әріп. 9-жаттығу
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.