-Өлеңді оқу. -Оқушылардың өз беттерімен оқуы. -Өлең мазмұнымен жұмыс: а)Атасы немересіне не тапсырды? ә)Ол туралы өлеңнің қай шұмақтарында айтылған? б)Қозыларды қайда қама дейді? в) Кімдерге алғыс айт деді? г)Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?Оның аты қалай? ғ)Атасы неге мәз мейрам? -Өлеңді рөлге бөліп оқыту. « Білгенге маржан» Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 – 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 – 100 сантиметр. 12 – 15 жыл тіршілік етеді. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады. Қойға қарап ауа райын болжау. -Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай білген.Мәселен,өрісте жүрген қойдың жүнін уыстап көреді.Егер қой жүні құрғақ болса,онда күн ашық болады. Егер жүн дымқылданып,суланып тұрса,онда көп кешікпей жаңбыр жауады. ( Берілген А4 жаздыру ) 1-топ:Қой атауларын жаз (Қой - қозы, тоқты, тұсақ, ісек, саулық, қошқар). 2-топ:Малды кім бағады? (түйеші,жылқышы,бақташы,қойшы(шопан)). |