«Садовый орта мектебі» ММ
Дүниетану пәні бойынша ашық сабақ
Тақырыбы: «Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау»
4А сынып
Мұғалім: Қоянбаева А.А.
2015-2016 оқу жылы
Күні:
Сыныбы: 4А
Пән атауы: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ауа, ауаның қасиеті, ауа қозғалысы, ауаның құрамы, таза ауа, ауа – Жердің қорғаны, ауаны қорғау, ауаның ластану себептері туралы сөз қозғай отырып, ауаны тазарту, еліміздің ауаны қорғау үшін қолданылатын шаралар туралы таныстыра отырып, білімдерін шыңдау.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу. Логикалық ойлау, елестету, қабылдау, есте сақтау, бақылағыштық қасиеттерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелігі: Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Бөтелкедегі минералды су, суреттер.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру.
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны.Ауаны қорғау.
Жер шарын жан-жағынан біртұтас, қалың ауа қабаты қоршап тұрады. Сендер далада жүрсеңдер де, үйге кірсеңдер де, тіпті ұшақпен аспанға көтерілсеңдер де, ауа қоршауынан босамайсыңдар. Ауа жер бетіндегі заттардың қуысын, саңылауын бос орын қалдырмастан толтырып тұрады. Кез келген заттың қуысында, топырақта, суда, тіпті біздің денемізде де ауа бар. Оған көз жеткізу үшін тәжірибе жасап байқайық.
1-тәжірибе. Стақанға су құйып, оған бір түйір топырақ тастаңдар. Су бетіне шыққан көпіршіктер нені дәлелдейді?
2-тәжірибе. Стақанға су құйып, қозғамай қойып қойыңдар. Біраз уақыттан кейін стақанның ішкі қабырғасына ұсақ көпіршіктер тұрады. Бұл нені көрсетеді? Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? Өйткені: ауа мөлдір және түссіз болады.
3-тәжірибе. Колбаны ортасында шыны түтігі бар тығынмен тығындаңдар. Шыны түтікке өздерің үрлеп ойнайтын шарды кигізіп, ауа шықпайтындай етіп байлап тастаңдар. Колбаны спирт шамға ұстап, жайлап қыздырыңдар. Біраздан кейін шар ауаға толып, торсияды. Бұл қызғанда көлемі ұлғайған ауаның колбаға сыймай, түтік арқылы шарға ауысқанын көрсетеді. Мұнан кейін колбаны үстелдің үстіне қойып, салқындатыңдар. Оның ішіндегі ауа сығылып, көлемін кішірейтеді. Колбадағы ауа ортайғандықтан шардағы ауа кері құйылып, шардың солып қалғанынан байқаймыз. Ауаның Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Ауасыз жан-жануар тіршілік ете алмайды, өсімдік шықпайды. Адам тамақ ішпей бес аптаға жуық, сусыз бес тәулік өмір сүре алады. Ал ауасыз бірнеше минутта-ақ өліп кетеді. Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан түскен күн сәулелерін өткізіп жібереді де, одан тікелей қызбайды. Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға пештен таралған сияқты жер бетінен таралады. Соған орай ауаның жер бетіне таяу қабаты ғана жақсы жылынады да, биіктеген сайын жылу мөлшері бірте-бірте кеми береді. Ғалымдар әрбір 100 м биіктікке көтерілгенде ауаның температурасы орта есеппен 1°-қа жуық төмендейтінін анықтаған. Сонда температура 1000 м биіктікке көтерілгенде 6°, 2000 м-де 12°, 3000 м-де 18°-қа төмендейді. Мысалы, жазда тау етегінде ауаның температурасы +18° болса, 3000 м биіктікте ол 0°-қа дейін төмендейді. Одан жоғары тау басында жазда да боран соғып, қар ерімейді.
ІV. Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,
Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!
V. Сабақты қорытындылау:
Негізгі сөз
Ауаның қасиеттері
Ауа
Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қыздырғанда кеңейеді, суықтан сығылады.
Пікір – талас.
Ауа таза болу керек пе ?
Адам ауаны неге ластамау керек? Осы пікірді қалай түсінесің?
VII. Үй жұмысы: 43 -44 беттегі мәтінді оқып, мәліметтер іздеп, жалпы шолу жасау. Зерттеу жұмысын толықтыру.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.