Классный час на тему: Табиғатты аялайық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты аялай білейік!»

Сабақтың мақсаты: Табиғат туралы және экологиялық факторлар туралы білім беру, дүниетану пәнінен алған білімдерін жүйелеу, қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін сәйкестендіру, табиғат – тіршілік көзі екенін, оны қорғау туралы мағлұмат беру, экологиялық, эстетикалық тәрбие қалыптатстыру, т абиғатты қорғай, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті жаңа ұрпақ тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Интерактивный тақта, қағаздан қиылған ағаш, гүл, ұя,кесілген ағаш суреті.

Өту барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды ашық сабаққа дайындау. Бағалаумен таныстыру.

-Балалар мынау не? – Жұлдызша.

-Ол жұлдызша туралы не білеміз?

-Бүгінгі жауаптарың жұлдызшамен бағаланады. Неғұрлым көп жұлдызша жинасақ, жақсы баға аламыз.

Психологиялық дайындық:

Жер Ана табиғатпен және қонақтармен амандасайық.

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн өсімдіктер, жәндіктер,

Қайырлы күн бар тіршілік иесі.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Балалар «Қазақстан-2030» бағдарламасында елбасы Н.Ә.Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады, өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан бұлай біздің үйімізбен бақтарымызға енбейтін болады,біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады»,- деп атап көрсеткен еді. Енді балалар тақтадағы бейне көрініске назар аударайық. («Табиғатты аялай білейік !»атты бейнекөрініс көрсетіледі )

-Балалар мына бейнекөріністен не байқадыңдар? (Балалардың жауабы.)

Олай болса, көріністі тамашалайық.

Көрініс.Сахна ортасында аққайын бейнесені енген қыз, қолына жоғары көтерген ұясы, мұңлы музыка ойналады. (аққайыңды бейнелеп, ортаға құс ұясын көтерген қыз шығады.)

Аққайыңның сөзі:

Орман едік бір кезде біз жайқалған,

Аңмен құстын әсем әні сайраған,

Әні кеткен бұл өлкенің сәні кеткен,

Аң мен құс бас сауғалап бәрі кеткен,

Жалғыз қалдым жалғыздықтың жыры көп,

Анам, әкем, бауырларым қайдасың?

Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын,

Жалғыздықтың мұңы көп, Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ.

(Қолында арасы бар Әкесі мен баласы келеді)

Әкесі: -Мына орманда ағашта қалмапты ғой!

Баласы: - Әке, бар ағашты өзіміз кесіп алдыққой.

Әкесі: Ее, міне, жалғыз қайың қалыптығой, осыны кесіп алайық.

Баласы: Әке, ол әлі жасқой, әлі өссінші! Обал емеспе, табиғаттың сәніғой!

Әкесі: Ой, немене табиғатқа жаның аши қалыпты? Табиғатты ойлайды деп тұрсыңба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын. (Аққайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)

Құс: Тимендерші бұл аққайыңға, ұямды бұзбаңдаршы.

Әкесі: Мына құс қайтеті өзі шиқылдап, балам, таспен атып ұршы.

Баласы: Әке ол өз ұясын қорғап жүрғой, осы ағашты кеспейақ қойайқшы.

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Әй, сен, нәзік жүрек мә саған! (Әкесі құсты таспен атып түсіреді. Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл көрсетеді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп алып кетеді, мұңлы музыка ойнатылады)

Құс ақырын басын көтеріп: Ей адамзат ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұрғой мына дала.

Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын,

Не қалады, не көреді артыңдағы ұрпағың?

Мен көрдім жас қайңның құлағанын,

Бас ұрып, қара жерге сұлағанын.

Сарғайып, жапырағы өлімсіреп,

Байғұстың кім тындайды жылағанын?

Табиғат: Ей, адамзат, сендер өздеріңді күшті сезінесідер «мені бағындырамын» деп ойласыңдар, мен сендерге бағынбаймын. Менің өз заңдылығым бар. Естеріңе алыңдаршы, сендерді адам еткен мен едім ғой! Енді өз табиғат аналарыңды өздерің тұншықтырып жатсыңдар. Көліктің улы түтінімен былғадың, Жануарларды қырдыңдар, өздеріңнен қалған қоқысты жинамадыңдар, жөн жоқсыз табиғаттың байлығын шаштыңдар, мен кешірімдімін. Ертеңгі ұрпағыңның қамын ойла, жасыл орманымды, тұнық суымды, таза ауамды ластамай, менімен тепе-теңдікте өмір сүріңдер!

-Балалар осы көрініс бойынша не ұқтыңдар?

-Бұл сөйлеп тұрған кім деп ойлайсыңдар?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы табиғат туралы екен.

Балалар енді тақтаға назар аударайық.

Тақтада не бейнеленген?

Орман іші қандай?

Олай болса орманымызды қоқыстан тазартайық. (Сұрақтарға жауап беру)(Қоқысты қоқыс жәшігіне салу.)

  1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  2. Табиғат дегеніміз не?

  3. Табиғат нешеге бөлінеді?

  4. Өлі табиғатқа не жатады?

  5. Су, ауа, жер туралы не білесіңдер?

  6. Тірі табиғатқа не жатады?

Өте жақсы балалар. Біз орманымызды қоқыстан атазартып алдық, сіздерге көп рахмет. (үш шапалақ) Енді топтарға тапсырма.Мұғалім:

Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,

Бөленіп күннің нұры шуағына! –дей келіп, мына орманымызды нұрландырайық.

Көрініс бойынша қандай мақал-мәтелді еске түсіре аласыңдар? «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

Бірінші топ: Тапсырма тал егу.(Табиғат туралы тақпақтар)

Бағдаулет: Ата мекен жанға жайлы сайя бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сінген сүтімен ананың,

Туған жердің табиғатын аялау.

Нұржан:

Қадір тұтып табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

« Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын»-деп ,

Бабам айтқан орынды өсметін.

Азамат:

Су деген тіршіліктің көзі емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

Табиғат – Ол өсімдік. Өсімдік- бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл- жасыл гүлдер.

Табиғат- Ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – Бұлбұл, сү аруы –Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

Қасым: Табиғат қызығам сенің суретіңе, Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Бас ием сенің құдіретіңе. Жер бетінің ажары ол- сәніміз.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып, Туған өлке табиғатын аялап,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде. Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

табиғатта сезім бар, құлақ та ьар, Табиғат, сен- тіршілік тұнып тұрған,

Ренжітсең күрсініп, жылап та алар. Сен- күнсің көтерілген күліп қырдан

Аяласаң жаныңа шуақ тамар, Сен- көлсің, Сен- ормансың, Сен- бұлбұлсың,

Қажығанда бойыңа қуат болар. Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Табиғат- ол топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

1-топқа да үш шапалақ.

II-топ: Гүл егу. Шығармашылық тапсырма.

Түрлі түсті қағаздан гүлдердің үлгісін қиып тақтаға жапсырады.(бәйшешек, қызғалдақ т.б)

2-топқа үш шапалақ.

III- топтың тапсырмасы: Алдарында дайын салынған ұяның суретін бояйды.

Міне, балалар, орманды көркейтіп жібердік .

-Енді нелер жетіспейді? –Балалардың жауабы:

Олай болса, алдымызда Қазақстандықтар үшін қандай атаулы мереке келе жатыр?

-Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай табиғаттағы жан- жануарлар, құстар ,өлі табиғаттар туралы 25 мақал- мәтел айтайық. Сонымен қатар, мақалдарымызға байланысты жан- жануарлардың, гүлдердің, құстардың 25 суретіне тілек жазып жапсырамыз.

-Кәне , дайынбыз ба?

3- топқа да үш шапалақ.

Келген қонақтарымызға тілек берейік. (Бақылаушылардың суретін жапсырады.)

-Енді орманымыз қандай болды?

Өте жақсы балалар , сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Сабақ бойына не туралы айтылды? Түйін сөзімізді айтайықшы.

Халық болжамдар:

* «Жыл құсы қаптап кетсе, - көктем ерте келеді».

* « Көкек қатты әрі жиі шақырса, - күн жылиды».

* «Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді».

* «Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылы болады».

* «Қыс аязды болса, жаз ыстық болады».

Бүгінгі Сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Қорытынды.

- -Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді?

-«Тәрбие –тал бесіктен басталады» дегендей табиғат байлықтарын қорғай білу- азаматтық борыш.Елбасымыз айтқандай туған жердің табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір Салтын қалыптастыру біздің міндетіміз. Ендеше , табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, жоғарға тұлға болуымыз керек. Біздің мектебімізде де әр бейсенбі сайын тазалық күні болып, есептеледі. Сондықтан бәріміз тазалық акциясына ат салысайық.