"Келісемін"__________ "Қаралды"___________
Директордың оқу ісі жөніндегі Бастауыш сынып әдістемелік
орынбасары: А.С.Курмангалиева жетекшісі: А.К.Наурызова
Сабақтың әдістемелік мақсаты:
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау мақсатында қайталауға арналған есептер шығара отырып білім деңгейлерін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (саяхат сабақ)
Сабақтың әдістері: түсіндіру,әңгімелеу,ой-қозғау,талдау,салыстыру,көрнекілік,сұрақ-жауап, сергіту,есептеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,үлестірмелі материалдар,автобус,күн,бұлттар бейнесі, сандықша,кілт,шарлар.
Оқыту технологиясы: дамыта оқыту технологиясының кейбір элементтері
Пәнаралық байланыс: дүниетану,әдебиеттік оқу,дене шынықтыру
Сабақтың құрылымдық жоспары:
І.Ұйымдастыру.
а)Оқушыларды түгендеу.
ә)Психологиялық дайындық.
б)Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а)136-бет,№4 (дәптерден тексеру)
в)қорыту: сұрақ-жауап арқылы
ІІІ.Жаңа сабақ.
1)1-аялдама: "Күн шуақ" (№2-есеп,күннің көзін бұлттардан тазарту)
2)2 -аялдама: "Жасыл әлем!"(№3-есеп,жапырақтарды теріп,ағаштарға жапсыру)
3)3 -аялдама: "Асыл су"(№5-есеп,балықтарға көмектесу)
4)4 -аялдама: "Көңілді алаң"(сергіту сәті)
5)5 -аялдама: "Сандар елі"(№4-есеп,қақпаны ашу)
6)Сандық тапсырмасы: №1-есеп,"Кім жылдам?"
ІV.Қорытындылау.
а)жұмыртқа: сұрақ-жауап;
ә)оқушы ойын тыңдау;
V.Үйге тапсырма:
а)сыйлық беру;
ә)138-беттегі,№6-есеп.
VІ.Бағалау: оқушылар жекелей бағаланады.
Сабақ тақырыбы: "Өткенді пысықтау"
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- түгендеу;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
Психологиялық дайындық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Күннің көзі келіпті,
Төріме міне еніпті!
Амандасу бәрімен
Тәрбиенің басы ғой.
"Сәлеметсіз бе,апай!"
-Қане,балалар орнымызға отырайық.Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Себебі, біздер бүгін 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін еске түсіре отырып "Сандар еліне" саяхатқа шығамыз!Біз саяхаттай отырып өз білімімізді көрсетуіміз керек. Сондықтан да бүгінгі сабаққа көп қонақтар келіп отыр.Және де балалар, сендерге аналарың бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыссын деп көтеріңкі көңіл - күй сыйлап кетті. (балаларға көтеріңкі көңіл - күйдегі смайлик тарату). Сендер де аналарыңды қуантып, бүгінгі саяхат сабаққа белсенді қатысыңдар жарай ма? Ал сендер қандай балаларсыңдар? Тақпағымызды еске түсірейік.
Мен талапты баламын,
Дайын дәптер қаламым.
Есептерді шығарып,
Бестік баға аламын - дей келе сабағымызды бастайық.
- Ал, балалар,біз "Сандар еліне" саяхатқа шығамыз.Қалай ойлайсыңдар математика нені үйретеді? - Санауды,қосуды,азайтуды,теңдеу шешуді,көбейтуді,бөлуді.
- Дұрыс айтасыңдар,сонымен қатар математикада өмірде де қажет.
- Ойланамыз.
- Дұрыс, ойланбай жауап бермейміз, әрі тапсырманы орындай алмаймыз.
- Ал енді саяхатқа шығатын жолды мына саяхатшы картасы көрсетеді. Кәне, бәріміз саяхатшы картасына назар аударайық. Мынау не?
- Дұрыс,бұл нүкте.Жолды біз осы нүктеден бастаймыз Ал мынау біз жүретін жол. Жолда бізге аялдамалар, орман, өзен, аң - құстар кездеседі. Осы жолдан таймай жүре берсек қайда келеміз?
- "Сандар еліне"
- Дұрыс айтасыңдар. Міне, біз картаны оқып шықтық. Менің ойымша әр аялдамаларда бізді тапсырмалар күтіп тұрған секілді. Тапсырмаларды орындай аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар?
- Орындаймыз.
- Жақсы.Олай болса біз 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін еске түсіру үшін "Сандар еліне" саяхатқа аттанайық.Ендеше алға.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Олай болса,балалар "Сандар еліне" саяхатқа шығу үшін автобусқа отыруымыз керек. Бірақ автобус жүргізушісі бізге мынадай шарт қойып отыр: «Үйге берілген тапсырманы орындағандар ғана билет алып,автобусқа отырады»- дейді.
- Барлығымыз тапсырманы орындадық па?
- Олай болса балалар,үйге қандай тапсырма берілді?
- 136-бет,№4-есеп.
-Қане дәптерімізді ашып,үй тапсырмасын тексерейік.
1.Үй тапсырмасын тексеру: 136-бет,№4-есеп
(ауызша талдау:сұрақ-жауап арқылы тексеру)
2.Тірек білімдерін тексеру.
1.Екі таңбалы санға екі таңбалы санды қалай қосамыз?
2.Тік төртбұрыш дегеніміз не?
3.1 дм неше см бар?
4.Сынық сызық ұзындығын қалай табамыз?
5.Периметрді қалай табамыз?
6.Қабырғалары 2 см шаршының периметрі неше см тең?
7.Қосу амалына кері амал ...
8.Шаршы дегеніміз не?
9.1 тәулікте неше сағат бар?
10.56 санының бірлігі мен ондығын ата.
11.Қосудың компоненттерін ата.
12.Азайтудың компоненттерін ата.
(үй тапсырмасын орындаған оқушыларға билет таратылады)
ІІІ.Жаңа сабақ.
1 - аялдама: "Күн шуақ"
- Балалар бірінші аялдамаға да жеттік. Бұл аялдаманы көптен бері қараңғылық басқан екен. Күннің бетін айлар бойы бұлттар торлап алған. Күннің көзін ашайық, ол үшін бұлттарды күннің көзінен тазарту керек. (Тақтада күнді жапқан бұлттардың суреті ілінеді, әр бұлтта №2 есеп жазулы, есепті дұрыс шешсе бір - бірден бұлттарды алып тастаймын, балалардың есепті дұрыс шешулерін талап ету).
№2-есеп.
36+14=50 43+37=80 62+28=90 26+53=79
90-34=56 50-13=37 49-23=26 70-31=39
- Дұрыс, балалар, сендердің тапқырлықтарыңның арқасында біз екінші аялдамаға өтеміз.
2 - аялдама: "Жасыл әлем!"
-Балалар, екінші аялдамамыз орман екен. Қараңдаршы мына орманның ағаштары көңілсіз, жабырқау сияқты. Неге? Ағаштарға не жетпей тұр?
- Жапырақтар.
- Дұрыс - ақ. Ендеше ағаштарға жапырақтар сыйлап кетейікші. Ол үшін мына жапырақтарды теріп,артында жазылған №3 есепті шығарып ағаштарға жапырақ сыйлайық.
(Шашылып жатқан жапырақтарды теріп,артында жазылған №3 есепті дұрыс шешсе жапырақтарды ағашқа жапсырамын,6 оқушы жапырақтағы тапсырманы орындайды,4 оқушы орындарында орындайды балалардың есепті дұрыс шешулерін талап ету).
№3-есеп.
63 17>78 74 25<50 63 26>80
32 13>27 61 18<47 57 35<28
- Дұрыс ақ. Келесі аялдамаға барайық.
3 - аялдама: "Асыл су"
-Балалар,үшінші аялдамамыз "Асыл су" өзені екен. Ал өзен- көлдерде нелер тіршілік етеді?
- Түрлі балықтар, сегізаяқтар.
- Дұрыс, неше түрлі балықтар болады. Өзеннің жағасына қараңдаршы, балалар! Балықтар жағаға шығып қалыпты.Қане,балалар,балықтарға көмектесейік! Тапсырмасын орындасақ өзеннің арғы жағасына тез - ақ өтеміз.Ол үшін әр балық артындағы №5-есепті шығаруымыз керек.(4 оқушы балыққа көмектеседі,қалғандары орындарында отырып орындайды)
7дм 3см 8дм 0см 6дм 2см 5дм 0см
+1дм 7см -5дм 3см +2дм 6см -3дм 5см
9дм 0см 2дм 7см 8дм 8см 1дм 5см
4 - аялдама: "Көңілді алаң"
-Балалар,төртінші аялдама "Көңілді алаң" екен.Қане балалар,шаршаған шығармыз!Бойымызды сергітіп алайық!
Сергіту сәті:
Апам үшін күнде мен,күнде мен,
Отын,ағаш жарамын,жарамын.
Су құямын гүлге де,гүлге де,
Дүкенге де барамын,барамын.
Сыпырамын үй ішін,үй ішін,
Жуам ыдыс-табақты,табақты.
Жылай қалса бөпемді,бөпемді,
Жұбатамын ойнатып,ойнатып.
5 - аялдама: "Сандар елі"
-Міне, біз "Сандар еліне"де жеттік. Қамалдың қақпасын түртіп ішке кірейік. (Балалар партаның бетін 3 рет түртеді. Қақпа ашылмайды)
-Балалар,бізге іштен хат жіберіпті.Хат Сандар елінің патшайымынан екен.(хатты ашып оқу)
-" Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Менің еліме жеткенше сендер көп қызықты аялдамалардан мұқалмай өттіңдер. Мен сендердің тапсырмаларды орындағандар-ыңды мына сиқырлы айнамнан қарап отырдым. Ерінбей еңбектенгендеріңе рахмет! Енді Сандар еліне кіру үшін мына қақпаны ашу керек.Ол үшін мен сендерге екі тапсырма беремін:
Біріншісі: Сөз есепті шығарып,қақпаны ашу.Егерде есепті дұрыс шешсеңдер қақпа ашылады.
Екіншісі: Қақпаны ашсаңдар алдарыңнан сандық шығады.Бұл сандық жай сандық емес.Ішінде менің сендерге дайындаған сыйлығым бар.Ол сыйлықты алу үшін сендерге тағы бір тапсырма беремін. Соны дұрыс орындасаңдар сандық ашылып,сыйлықтарыңды аласыңдар. Сендердің үйге баратын жолды тез табатындарыңа сенімдімін, сау болыңдар!"
Сәлемнен Сандар елінің Патшайымы!
-Қане балалар,олай болса қақпаны ашу үшін 137-беттегі,№4 есепті шығарайық.
Есептің құрылымын еске түсірейік:
-Есептің шарты.
-Есептің сұрағы.
-Есептің шешуі.
-Есептің жауабы болады.
Сұрақ-жауап арқылы талдау:
-Есеп не туралы?
-Не белгілі?
-Не белгісіз?
-Қалай табамыз?
№4-есеп:
а)Шарты: Болды-48 ә)Шарты:Болды-?
Түске дейін-23 Түске дейін-14
Түстен кейін-? Түстен кейін-18
Қалды-10 Қалды-21
Шешуі:48-(23+10)=48-33=15 Шешуі:14+18+21=53
Жауабы: түстен кейін 15 кеудеше сатылды. Жауабы: дүкенде 53 кеудеше болған.
Мұғалім: Ал,балалар!Біз есепті дұрыс шығардық,сондықтан бізге қақпа ашылды.Міне,бізге Патшайым айтқан сандық шықты.Ішінде бізге арналған Патшайымның сыйлығы бар.Сандықты ашып сыйлықты алу үшін мына тапсырманы орындайық.
№1-есеп. "Кім жылдам?" (үлестірме арқылы)"
100 - 53 = 47-35= 12 + 49= 61 -19= 42 +8= 50
ІV.Сабақты қорыту.
-Міне,балалар сандық ашылды.Ішінде жұмыртқа бар екен.Жұмыртқаның ішінде не бар екен?Бірақ жұмыртқаны жармас бұрын мен сендерге сұрақ қоямын.Сендер сол сұрақтарға жауап беріңдерші.
- Сабақ ұнады ма?
-Бүгін біз сабақта не істедік?
-Бүгінгі сабақта қиындықтар кезікті ма?
-Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?
-Бүгінгі сабаққа айтар ойларың бар ма?
-Өткен тақырыптарды қайталадық.
-ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.
-Есептер шығардық.
-Тақтамен жұмыс жасадық т.б.
V.Үйге тапсырма:
Мұғалім:-Ал енді,балалар,жұмыртқаны жарып көрейік.Не шықты?Хат.Онда не жазылған екен?
-Сыйлық.
-Дұрыс айтасыңдар.Сендерге патшайымның сыйлығы бар.Ол-шар.Бүгін сендер саяхат сабақта адаспай барлық тапсырмаларды орындадыңдар.Сол үшін мен сендерге мына әдемі шарларды сыйлаймын.Бұл шарлардың ішіне Патшайым сендерге үйге тапсырма жазып жіберіпті.Онда 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін еске түсіру үшін баған түрінде жазып,есептеуге тапсырма беріпті.
Үйге:138-беттегі,№6-есеп.
VІ.Бағалау.
-Ал енді,біз келген мақсатымызға жетіп,100-ге дейінгі сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін еске түсірдік.Мен енді,сендерді сабаққа жақсы қатысқандарың үшін бағалаймын.
Ал, қанекей балалар,
Бәріңе де баға бар.
Зейін қойып тыңдаған,
Тапсырманы орындап, орнында отырмаған
_____________________________________________________________________________________ «5» - деген бағам бар.
5 тік алған баладан қалыспаған,
5 ке бағасы жетіспей, алыстаған
_____________________________________________________________________________________
Сендерге «4» деген баға қойылады.
Білмегеніңді сұрастырар жөнің бар,
Орныңнан тұрмай отырып, сабаққа қатыспаған
_____________________________________________________________________________________
«3» деген баға қойылар.
Мұғалім: -Ал балалар,Патшайым сендердің Сандар еліне жеткенше көп қызықты аялдамалардан мұқалмай өткендеріңді, тапсырмаларды орындағандарыңды сиқырлы айнасынан қарап отырып, ерінбей еңбектенгендеріңе рахметін айтты.Балалар,сендер ұшқанды ұнатасыңдар ма? Олай болса,патшайымның сыйлығымен елімізге ұшып қайтайық!
(орнынан тұрып,автобустағы суретті алып,шарға жапсыру,ұшқан болып қимыл көрсетіп, орнына қайта отыру)
Мұғалім: Ал, балалар қонақтармен қоштасатын кез келген сияқты.
Орнымыздан тұрайық.
Қонақтарға қарайық.
Жүректегі жылудан
Қонақтарға сыйлайық.
Бәріміз бірге: Сау болыңыздар!