Эссе Өзін-өзі танудың рухани адамгершілік потенциалы (бастауыш сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Өзін-өзі тану» пәні-рухани-адамгершілік жөніндегі ғылым



«Өзін-өзі танудың рухани – адамгершілік потенциалы»


[pic]

Махмутова Маржанкуль Амзешкызы























Ақтоғай ауданы, Нығыман Алшынов атындағы

Жалаулы орта мектебінің

бастауыш және музыка мұғалімі.

«Өзін-өзі тану» пәні Сара Алпысқызы Назарбаеваның қолдауымен ұсынылған рухани-адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға негізделген пән.

«Өзін-өзі тану» пәні бағдарламасының мәні «Кішіпейіл,адал болу, жақсы өмір сүру үшін күресу,өзіне,айналасындағы адамдарға,қоршаған ортаға мейірімділікпен қарау, туған-туыстарына қамқорлық жасау, өзінің бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіре білу, өз дарындылығын дамыту» болып табылады.

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біз әр адамның ар-намысы мен беделін бағалайтын,рухани құндылықтар мен жоғарғы адамгершілік мәдениеті бар қоғам құруымыз қажет»деген болатын.

Осы міндеттердің орындалуы «өзін-өзі тану»пәнінің мақсатының орындалуы қазіргі заман талабына сай оқытылып жатқан жаңа форматты ұстаздардың оқыту әдіс-тәсілдерімен тығыз байланысты екенін көруге болады.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде жаңа білім жүйесі әрбір ұстаздың білімін одан әрі жетілдіріп, жас ұрпақтың жаңаша білім алуына жол ашылып отыр. Келешек ұрпақ ұлттық құндылықтарымыздан нәр алып, ата-бабаларымыздың аманатын ертеңгі күнмен жалғастырушы жеке тұлға болып қалыптасуы біздің міндетіміз.

Сондықтан әрбір сабақтың өткізілу барысында, мұғалім оқушыға үйретуші ғана емес,бағыт беруші,әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарай отырып, олардың даму ерекшеліктеріне басты назарда ұстау керек.

Атақты педагог В.А.Сухомлинский:

«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ол балаға рухани ләззат беріп,қиялға қанат бітіретін,жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қыры бар рухани азық»-деп атап көрсеткен. Осы тұрғыда қарасақ, балалардың рухани ойлау дәрежесін дамытуға ертегі-мультфильмдердің пайдасы зор. Осыған орай әрбір сабақ барысында,жаңа сабақтың алдында ертегіден үзінді көріп жаңа сабақтың тақырыбын ашу оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Сабақтың әрбір бөліктерінде түрлі шығармашылық тапсырмалар орындалуы,оқушылардың қабілеттерін шыңдайды.

Ал,бұл тәсілдер мұғалімнің ізденуінің арқасында жүзеге асады.

Қазіргі заман талабына сай,әр мұғалім,өз білімін жетілдіріп,дәстүрлі сабақтардан гөрі,жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті қолданса, сабақтың мазмұны тартымды да мәнді,оқушыларға қызықты болар еді.Әрбір ұстаздың бойында кәсіби біліктіліктің жоғары болуы оқушының танымдық әрекетін ұйымдастыра алатыны сөзсіз. Өз бетімен білімді меңгеріп үйренген оқушының оқуға ынтасы артып,білімді игеру кеңістігіне шыққан болар еді.

Ұстаз ұғымына келетін болсақ,ол мұғалімнің ашық-жарқын келбеті, сұлу да сымбатты жүріп-тұруы, мәдениеттілігі,өз пәніне деген сүйіспеншілігінен туындайтын ерекше қасиет.Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруші адам-мұғалім.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы,үлкенге құрмет көрсет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты тұлға тәрбиелеу.Ол үшін ата-ананың бала тәрбиесіндегі алатын орны өте зор.

«Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» демекші, ата-ананың күнделікті іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Сондықтан бала бойына рухани-адамгершілік құндылықтарымызды сіңіру үшін, әрбір сынып жетекші ата-аналармен әр түрлі тренингтер, «бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны» сияқты әр түрлі тақырыпта түрлі сауалдар өткізе отырып,тығыз қарым-қатынаста болу керек.

Тақырып мазмұнына байланысты оқушылардың отбасында ең жақын,ең жанашыр болатын адамдар, керісінше кейбір балалардың сабақ аяқталған соң, үйлеріне барғысы келмейтін жағдайлар туындап жатады.

Осындай мәселелерді шешу үшін «Өзін-өзі тану» пәнінің қажеттілігі ерекше.

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімнің түйінді идеясы –адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді дамуға ықпал етуі мыналар:

-әрбір жасөспірім өзін-өзі тану барысында әлемді құндылық тұрғысынан тану:

-Келешекте өз мүддесі үшін қоғамға қызмет ететін тұлға ретінде,өз өмірінің мағынасын ұғыну:

Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру және ынтасын арттыру үшін мына ережелерді сабақта қолданған жөн:

-Өзіңді өзің танисың ба? Қалай?

-Өзіңді өзің танымасаң өзіңнің кім екеніңді білмейсің;

-Өзіңді өзің танымасаң, қоршаған ортадағы адамдардың өзіңе деген қарым-қатынасын түсіне алмайсың;

-Өзіңді өзің танымасаң,өз қабілетің мен мүмкіндігіңді білмейсің;

-Өзіңді өзің танымасаң, болашаққа мақсат қоя алмайсың;

-Өзіңді өзің танымасаң, зиянды әдеттерден аулақ бола алмайсың;

-Өзіңді өзің танымасаң, өз өміріңді жоспарлай алмайсың;

Өзін-өзі тану пәнінің рухани- адамгершілік құндылықтарының деңгейі өте жоғары. Өйткені халқымыздың бай мұраларының,шежірелерінің мақал-мәтелдер,өсиет –өлеңдер.халық даналығының ұтқыр,шешен сөздерінің ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор. Халқымыздың тыйым сөздері мен ырымдары баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелейді.

«Өзін-өзі тану» сабағын жүргізуде оқушылардың өз ойын еркін айтуы,бір-бірімен пікір алмасуы,зейінін арттыру,байқамаздығын дамыту –әрбір мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Сабақ барысында оқушылар,адам болып қалыптасуы үшін көмек көрсететін әр түрлі тақырыптар бойынша терең білім алып,бір-бірімен ой бөлісіп,белгілі бір пайдалы ой түйуге, бұрын мән бермеген мәселеге көздерін жеткізеді.

«Өзін-өзі тану» пәні оқушыларыма өте ұнайды.Сабақта ән айтамыз,би билейміз, сурет салып,постер жасаймыз, көрініс қоямыз, әр-түрлі сергіту сәттері бізді қызықтырады. Сабақтың басы мен соңында бір-бірімізге тілек айтып,үйге көңілді-күймен қайтамыз»-дейді оқушыларым.

Кейбір сабақтың тақырыптық мазмұнына сай, жетім балалар туралы бейнефильмді көріп,ондағы сөйлеген балалардың сөздерін естігенде, оқушыларым өз ойларын ортаға салады.

«Мен ата-анама кейде ренжимін»,- деп отбасындағы болған келеңсіз жағдайды айтып көздеріне жас алады. Бірақ осы бейнефильмді көргеннен кейін олардың ата-аналарына деген мейірімділігі оянып, өз қателіктерін түсініп жатады. Осылайша оқушылардың ойларының өзгеруі,отбасылық өмірде қажетті құнды мінездердің бойларында орын алуы бізді қуантады. Әрбір тақырып барысында күнделікті өмірде болып жатқан жағдайлардан мысал келтіре отырып, оқушыларды ой қорытуға үйрету,

оқытып-тәрбиелеудің негізгі нысаны болып табылады. Оқушының өзінідік ойын жинақтап,шешім қабылдауының нәтижесі дара тұлғаның өзін-өзі дамытуының алғы шарты.

«Өзін-өзі тану пәні» арқылы жан-жақты дамыған,рухани адамгершілігі мол,ұлттық құндылықтарымызды құрметтейтін, бір-біріне қамқор болатын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелейтін,адами қасиеттерді сіңіруге көмектесетін бірден-бір рухани қазыналы пән.

Ал, «Өзін-өзі» тану пәнінен беретін мұғалім шығармашыл, ізденіске толы,жанарынан шуақ төгіліп тұрған, оқушылардың жан-дүниесін түсініп,баурап алатын, музыкадан қабілеті бар,педагогикалық мәдениеті,ақылды, қайырымды, мейірімді болуы керек.

Сабақ қызықты өткен жағдайда ғана оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып,өзінің бойындағы мазалап жүрген әр-түрлі мәселелерді ортаға салады.

Сондықтан да, әрбір оқушының білім шыңына шығуы,алға талпынып,жеке тұлға болып қалыптасуы мұғалімнің берген білімінің нәтижесі яғни, «не ексек соны оратынымызды» үнемі естен шығармауымыз керек.

Қорытындылай келе, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім берсек, келешегі зор шәкірттеріміздің өмірлері сәнді де,мәнді болмақ.