Тақырыбы: Аппликация «Шыршаға кел, достар!»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға жапсырмалаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту;
2. Дамытушылық: оқушының еңбек етудегі икемділігін қалыптастыру;еңбекке деген қызығушылығын оятып,шығармашылық қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге,табиғат сұлулығын көре білуге тәрбиелей отырып, ұқыпты,таза болуға үйрету.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Қызығушылығын ояту.
- Алдымызда қандай үлкен мереке келе жатыр? (Жаңа жыл)
- Жаңа жыл дегенде ойларыңа бірінші не келеді?
ШЫРША
Аяз Ата Ақшақар
ойыншық әндер сыйлық
отшашу би әндер жақсы тілек өлеңдер
-Өте жақсы,балалар,осындай жақсы тілекпен Аққала бізді өзімен бірге шырша жасауға шақырады. «Шыршаға кел,достар!» атты аппликация жасаймыз.
-Аппликация дегеніміз не?
Аппликация – көркемдеу техникасының бір түрі. «Аппликация» латын тілінен аударғанда –«жабыстыру,бастырмалау» деген мағынаны білдіреді. Яғни,нәрсенің бетіне басқа материалдан қиып алынған бөлшектерді үйлестіріп жабыстыру.
Тақтаға үлгіге қарайық.Біз қандай материал пайдаланамыз? (түсті қағаз,мақта, сорғыш қағаз(майлық қағаз),қатырмақағаз).
3.Практикалық жұмыс.
1. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
2. Қағазды үнемдеп пайдалануын еске түсіру
3.Үстел үстін тазалауын.
4.Мұғалімнің түсіндіріп көрсетуі.
1.Үш бірдей жасыл тіктөртбұрыш қағазды ортасынан бүкте.
2.Бүктелген қағаздарды бірінің ішіне бірін орналастыр.
3.Қағаз беттері жылжып кетпес үшін, қыстырғышпен қыстырып, шырша бейнесін сыз.
4.Сызық бойымен оны қиып ал.
5.Пайда болған бірдей үш шырша қиындысының арасына желім жағып, бір-біріне біріктір.
6.Шырша симетриялы жұлдызша қиып орналастыр.
СЕРГІТУ СӘТІ 7.Аққала бейнесін қағазға салып, сұлба бойынша қолмен жыртып ал. Оны көк түсті қатырмақағазға желімде.
8.Аққаланың жанына шыршаны орналастыр. Сорғыш қағаздан(майлық қағаз) кішкентай бөліктерді жұлып алып,шырша мен Аққаланың айналасына желімде.Бұл – жауып тұрған қар бейнесі.
5.Қорытындылау.
Оқушылардың жұмыстарын тақтаға ілу,мадақтау.
Жұмбақтар шешу:
1.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
2.Өзгертпейді түр-түсін,қымбат әр кез жұрт үшін. (шырша)
3.Қанаты жоқ,ұшады,аяғы жоқ,желеді,аузы жоқ,ұлиды. (боран)
4.Төгіліп жерге ақ моншақ,ғайып болды сол шақта-ақ. (бұршақ)
5.Қолы жоқ,сурет салады,тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)
Сұрақтар қою:
1.Желтоқсанда қандай мерекелер болды? (1желтоқсан – Президент күні, 16желтоқсан - Тәуелсіздік күні)
2. 1желтоқсанда Президент қандай шараға қатысты? (Астанада басты шыршаны жақты)
Жаңа жылда әр облыста, ауданда,басты қаламыз – Астанада жыл сайын Президенттік
шырша өтеді.Ол шыршаға кімдер қатысады? Дұрыс. Президенттік шыршаға үздік оқитын балалар, өздерін қөрсете алған балалар,жүлделі орындар алған оқушылар қатысады. Егер сендер өздерінді көрсете алсаңдар,үздік оқысаңдар,онда сендер де ол шыршаға қатыса аласыңдар.
6.Бағалау
7. Үйге: Жұмысты аяқтау.