Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Шырақбаева Дариға Орашовна
Сабақтың тақырыбы:Одағай
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға одағай және оның түрлерімен таныстыру,алғаш мағлұмат беру.
Білімділік:Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп,одағайдың түрлері,айтылу ерекшеліктері ,жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру,сөйлем ішінен тауып,түрлеріне ажыратуды үйрету. Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру,өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін,таным деңгейін дамыту . Сабақтың көрнекілігі:суреттер,бағалау қағаздары,карточкалар. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі:Психологиялық дайындық. II.Үй тапсырмасы:Үстеу дегеніміз не?Шылау дегеніміз не?
1.Іс-әрекеттің мезгілін,мекенін,сын-қимылын білдіретін сөз табын........................дейміз.
А)сын есім
Ә)Есімдік
Б)Үстеу
2.Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
А)Қандай?қалай?қашан?
Ә)Қалай?қашан?қайда?
Б)Қашан?қай?нелер?
3.Шылау дегеніміз не?
А)Мағынасы бар сөйлем мүшесі
Ә)Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер
Б)Көңіл күй білдіретін сөздер
4.Дейін,шейін сөздері қандай сөздер?
А)Одағай
Ә)Шылау
Б)Қаратпа сөз
Әріп жұмбақты шешу.Әріптері бар жасырынып тұрған сөзді табайық,сонда біздің бүгінгі жаңа тақырыптың атын оқи аламыз.
1.Оқу да бар,
Жазуда жоқ (О)
2.Дала да бар,
Жаға да жоқ (Д)
3.Шегеде жоқ
Таста бар (А)
4.Ғарышта бар,
Сайыста жоқ (Ғ)
5.Шанада бар,
Әнде жоқ (А)
6.Торғайда бар,
Алауда жоқ (Й)
Одағай сөзі шықты.
-Бұрын одағай деген сөзді естідіңдер ме?
-Одағай сөз дегеніміз-адамның әр алуан көңіл күйін білдіреді,басқа сөздермен байланысқа түспейді,сөйлем мүшесі болмайды.Одағайларға қатысты тыныс белгілеріне,дауыс ырғағына назар аудару керек.
-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз:«Одағай» деп аталады.О-һо!Міне қызық! Одағайдың түрлері бар.Түрлерінің өзі қызық. Сергіту сәті: Балақай-ау ,балақай,
Жаз келеді ,алақай!
Жалаң аяқ жүреміз,
Балақты да түреміз.
Сайдан жидек тереміз,
Көлден балық сүземіз,
Жалтылдатып тіземіз.
Одағайлардың тыныс белгілері:
Қосарланған одағайлар дефис арқылы жазылады.
Мысалы,Шөре-шөре,пай-пай.
Одағайлар сөйлем мүшесінен үтір немесе леп белгісімен бөлінеді.
Мысалы:Алақай,алақай!Атам ауылдан келді!
Одағайлар сөйлемнің басында келсе,одан кейін үтір қойылады.
Мысалы:Пай-пай,ауылдың кереметін-ай!
Одағайлар сөйлемнің ортасында келсе,оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы:Сөйлей беріп,түу,басымды ауырттың
Одағайлар сөйлемнің соңында келсе,одан кейін леп белгісі қойылады.
Мысалы:Даусың қандай тамаша,пай-пай!
Тапсырма.
Сөйлемдерді оқып,қарамен жазылған сөздерді талдау.
Пай-пай,мына аттың жүйрігін ай!Бәрекелді,келгендерің жақсы болды!Алақай,алақай,ауылдан әжем келді!Апырай,ата қонысым еді!
2.Сөйлемдерді көшіріп жазып,одағайларды табу.
Шіркін,мына атқа мінер ме еді!Бәрекелді,Сүйіндік аға,оныңыз жақсы ақыл.
Әттеген-ай,көре алмай қалдым-ау!
Е,тәйір,күзектің шөбі бітуші ме еді?
Түу,қандай тымырсық түн!
3.Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Па;Шіркін;Әттең;Ойпырай.
4.Көп нүктенің орнына тиісті одағайды қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу.
1.................,емтиханнан бес алдым!
2..................,сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық!
3..............,киноактер болсам!
4...........,сен қашан,келдің?
Қорытындылау.
-Балалар,бүгін қандай сөз табысымен таныстық?
-Одағай дегеніміз не?
-Одағайлар қандай көңіл күйді білдіреді?
-Одағай сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма?
-Сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсе ме?
Оқушыларды бағалау.