1-сынып. Математтка пәнінен ашық сабақ жоспары. Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Дуйсенова Жанна Жайлаубековна

Күні :29.01.2016 ж

Пәні: Математика

Сыныбы: 1 Д

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.

Мақсаты: 1. Оқушыларға қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып,

есептер шығара білуге үйрету.

2.Оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау, есептеу білу

дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларға жеті санына қатысты ұлттық ұғымдарды ұғындыру.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша, көрсету.

Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі карточкалар, сызба, 7 қазынаның суреті.

Пән аралық байланысы: дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық: Жеті бірдей өрнекбіз,

Жеті түрлі өлеңбіз.

Жеті түрлі бояумыз,

Жеті түрлі әуенбіз.

Үлкендерді құрметтеп,

Баршаға сәлем береміз.

-Балалар бүгін біздің сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.№ 4

4+2+3= 10 7-5+1 =3 5+4-7= 10 9-6-2= 1 10+0-7= 3 4-3+8= 9

Үй тапсырмасын бекіту. «Допты қағып ал»

Сұрақ-жауап арқылы.

1. Санды немен белгілейміз? (цифрмен)

2. Цифрды біз не істейміз? (жазамыз, көреміз)

3. Кесіндіні немен өлшейсіз? (см)

4. Қандай геометриялық фигураны білеміз? (шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш,шеңбер )

5. Қосудың компоненттерін ата? (қосылғыш,қосылғыш, қосынды)

6. Азайтудың компоненттерін ата? (азайтқыш, азайғыш, айырма)

7. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің? (Қосылғытардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді.)

Жаңа сабақ. Жұмбақ.

Он асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолында қалады? (10-3 =7)

Қазақ халқында үшін 7 саны ерте замандардан киелі сан болып саналады.

7 шелпек 7 қазына

7 апта 7 ата

7 жоқ

7 нота 7 байлық

- Қазына дегеніміз – мол байлық.

-Ұлттық тағамдарға 7 түрлі қоспалар қосылады. Оны наурыз көже деп атаймыз.

-Жеті ішекті музыкалық аспаптарда бар екен. Олар жетіген, сылдырмақ.

-«Аптадағы 7 күн» Апта сөзі парсының жеті деген сөзінен шыққан.

- 7 саны туралы қандай ертегі білеміз? 7 лақ

-Жаңбыр жауғанда не шығады? Кемпірқосақтың түстері нешеу? 7

Тақырыбымыз: 7 санын қосу және азайту.

-Сабағымызды 7 кезеңге бөліп өтеміз. 7 қазынамызды жақсылап білетін боламыз..

. 1 слайд 1 – қазына – «Жүйрік ат» «Ер қанаты ат» деген қанатты сөз бар.

Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған.

Жылқының етін, қазы- қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған.

Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.

Жаңа сабақты түсіндіру.

«Қай санды жоғалттым » ойыны. 0 2 4 6

«Көршіңді тап» ойыны. 0,1,2,3,4,5,6,7

1) Сандарды тура және кері санау.

2) 0,1,2,3,4,5,6,7 7,6,5,4,3,2,1,0

3) 7 саны тақ сан

4) 7 санының құрамы.

5) 7 саны 7 бірліктен тұрады.

6 мен 1 4пен 3

5 пен 2 0 мен 7

2 мен 5

2 слайд 2 – қазына – «Алғыр тазы»

Тазы – иттің бір тұқымы. Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған.

Тазы-артық қырым еті жоқ ит.

Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен1. Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс

1) Көркем жазу. 7 санын жазу. 7 саны үш элементтен тұрады. Толқынды сызықтан, көлбеу және кіші таяқшадан.

2) №1 Қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындылар жаз.

Азайғышы 7 болатын айырмалар құр және мәндерін тап.

1)7+1=8 2) 7-2= 5 7-7=0

7+2=9 7-3 = 4 7-6=1

7+3=10 7-4 = 3 7-0 =7

7+0 =7 7-5 = 2 7-1=6

Ереже: қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді

3слайд 3 – қазына – «Берен мылтық»

Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, қылыш, мылтық болған.

Дұшпандарын мылтыкпен жеңген.

Батырларымыз жауға осы қару-жарақпен шыққан.

2 . Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.

- Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см. Қызыл кесінді 7 см. Екеуінің айырмасы неше. 9 - 7=2 - ге. Қызыл кесінді 2 см кем.

- Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7 см жасыл кесінді 3 см. Екеуінің қосындысы 10 - ға тең. Олай болатын болса жазамыз.

9см - 7см=2см

7см+3см=10см

2см< 10cм

- Енді балалар кесінділер тұйықталған сызық екенін білдік.

- Санға байланысты қандай жұмбақ білесіңдер?

Тоғыз белбеу, қос жібек, екі мұрын бір шүмек.

- Енді осы жерде сандарды табайықшы(тоғыз, екі, бір)

- Домбыра сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейік.

- Неше әріп, буын, дыбыс бар.

4 слайд 4 – қазына - «Ер жігіт»

«Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл,

орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа

аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай

Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т.б.

Топпен жұмыс.

3.Есеп құрастыр және шығар.

Анам дүкеннен 10 үлкен қасық және 7 кіші қасық сатып әкелді. Үлкен қасықтың кіші қасықтан нешеуі артық?

-Бұл есепті шығару үшін оның шартын, сұрағын анықтау керек.

-Есепте не туралы айтылған?

-Не белгілі?

-Не белгісіз?

-Нені табу керек?

-Қандай амалмен шығарылады?

Есептің бөліктерін топтастырайық.

Шарты Сұрағы

Шешуі Есеп Жауабы

-Үлкен қасық белгіле ме? (10)

-Кіші қасық қанша? (7)

-Үлкен қасық кіші қасықтан нешеуі артық?

10-нан 7-ні азайтамыз.

Шарты : Үлкен қасық-10 Шешуі: 10-7 = 3

Кіші қасық - ? 7 Жауабы: үлкен қасық 3-і артық.

5 слайд 5 – қазына – «Сұлу әйел»

Әйел ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына ақылы сай, мінезге бай, еріне сүй бола білген, үйдегі балаларын мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы әйел - әрбір отбасының ұйтқысы, ырыс-берекесі.

Сергіту сәті: Оқушыларды орнынан тұрғызып, өрнектер айтамын,егер өрнектің мәні дұрыс болса, қол шапалақтайды, қате болса аяқтарын тебеді.

2+5= 8 аяқтарымен жерді тепкілейді.

9-3=6 қолдарын шапалақтайды..

1) №4 9-3 9-4

Азайғыштарды салыстыр. Азайтқыштарды салыстыр. Осыған ұқсас тағы бірнеше айырма жаз. Олардың мәндерін салыстыр.

9-3=6 9-4=5 9-5=4 9-6=3 9-7= 2 9-8= 1 9-9=0

6 слайд 6 – қазына – «Қыран бүркіт»

Қыран бүркітті ата-бабаларымыз балапан кезінен баулап, аң аулауға үйреткен. Қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, түлкінің терісінен тымақ ішек, тон жасап киген.

7 слайд 7– қазына – «Ілім – білім»

Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып келеді.

Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар, компьютер

дүниеге келді. Сондықтан ілім-білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.

Жұптық жұмыс.

Сәйкестендіру тесті.

1+7 2

7+2 8

9-7 9

8-7 10

7+3 9

2+7 1

3+7 8

10-7 8

7+1 3

6-тапсырма. Жауабын ата. Зообақта болғанда

Құмда ойнаған үшеуін,

Әткеншек тепкен екеуін,

Арқаларын қыздырып

Отырған тағы үшеуін

Көріп қалып, санадым.

Қанша маймыл байқадым? (8)

Мақал- мәтел.7 санына байланысты мақал – мәтелдер айтып беру.

1. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.

2. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.

3. Жеті атасын білмеген жетесіз.

ІV. Қорытынды: «Кел, ойнайық!

5 3 9 8 7

2+5 10-7 7+1 2+7 9-4 6-1 6+2

Шығармашылық тапсырма. 10 ағашты үш қатарға төрт-төрттен отырғызуға бола ма?

(Болмайды)

Үйге тапсырма. №5

Бағалау.