Жас шебер үйірмесінің сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Адам және өсімдіктер

Білімділік мақсаты: оқушыларды күзгі табиғат және еңбек түрлерімен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: мектеп ауласы, табиғат көріністері

Тәрбиелік мақсаты: күзгі еңбек құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

Мектеп ауласы және сабақ барысын өткізуге таңдап алынған сынып жанындағы үлескіде мұғалім оқушыларды күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстырып, күзгі бояу, «алтын күз» деп неге аталғаны жайлы әңгімелеп береді. Бұл сабақ оқушылар үшін әрі табиғатқа саяхат, әрі табиғаттың күз мезгіліндегі көріністерімен, күзгі еңбек түрлерімен, еңбек құралдарын пайдалану жолдарымен таныстыру болып табылады. Табиғи материалдар туралы толық мағлұматтар беріледі. Соған орай мұғалім оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығн жаңа танымдық хабарламаларымен кеңейеді. Мысалы, табиғаттағы әрбір тіршілік көзі көктемнен бастау алып, өсімдіктер күзде жемісін береді, адамдар оны жинайды. Күздегі қайнаған тіршілік, өсімдіктер де, жан жануарлар да, жәндіктер де шама шарқына қарай қыс мезгіліне дайындала бастайтындығы туралы айтылады. Ағаш жапырақтары неге сарғаяды? Жапырақ сарғайғаннан кейін неге жерге түседі? Қарағай, шырша ағаштарының жапырақтары жыл бойы неге жасыл түсте болады? осы сұрақтар төңірегінде оқушылармен әңгіме жүргізу. Сөйтіп, табиғат аясындағы сабақ мазмұндық жағынан оқушылар танымдылығын арттыратындай жағдайда өткізіледі.

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларды мектеп ауласындағы күзгі еңбек түрлерімен таныстыру. Ол еңбек түрлері:

  1. Үлескіде өсірілетін өсімдіктердің жапырағын, сабақтарын тырмамен жинастыру.

  2. Биік болып өсетін біржылдық гүлдердің сабақтарын шауып, жинастырып, сыртқа шығару.

  3. Көктемде тамырынан қайта көктейтін (көпжылдық) гүлдердің сабағын алып, тамырын топырақпен жауып, оны қыс мезгіліне дайындау.

  4. Үлескіге баратын жолды тәртіпке келтіру және ағашты әкпен ағарту жұмыстарымен және оны орындайтын құрал түрлерімен таныстыру.

  5. Оқушының әлі келетін жеңіл жұмыстар ғана төңірегінде сарамандық жұмыстар жүргізіледі.

  6. Күзгі еңбекпен танысу кезінде оқушылар табиғи материал түрлерінен толық мағлұматтар алады. Оқушылар табиғи материалдар жинау арқылы да күзгі табиғат ерекшеліктеріне байланысты танымдық білімдерін кеңейте түседі.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.






























Сабақтың тақырыбы: Адамдардың күзгі еңбегі

Білімділік мақсаты: оқушыларды күзгі табиғат және еңбек түрлерімен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: мектеп ауласы, табиғат көріністері

Тәрбиелік мақсаты: күзгі еңбек құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Ауыл шаруашылығы еңбекке баулу. Оқу-тәжірибе үлескісінде атқарылатын жұмыстың барысымен таныстыру. Жас ерекшеліктеріне қарай атқарылатын жұмыстарды саралау. Пәнаралық байланысқа көңіл болу. Мысалы: дүниетану, ана тілі, математика т. б. Үлескіде өткізілетін сабаққа қойылатын жалпы талаптар мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылады.

Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбеністелінетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. бағдарламада қағаз бен қатырма қағазбен жұмыс істеуге баулу. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, үйге қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.

Матамен оқупшларға матаның түрлерін үйрету.

Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Оқушылар алғашқы күннен бастап сыныпты таза, ретті ұстауға, сынып бөлмесінің, айналасының тазалығын қадағалауға, тазалық сақтау үшін қажетті еңбек тәсілдерін дұрыс қолдануға үйренеді.

Сыныптағы, сынып айналасындағы тәртіптің сақталуына бақылау жасау сыныптың барлық оқушыларына ортақ іс болуға тиіс. Сынып бөлмелерін күтуде ересек балалар кіші балаларға көмектеседі, оларды сынып мүлкін дұрыс күтуге үйретеді. Кішкентайлар үлкен балалармен бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Сыныпта тәрбиеленгеп іскерлік пен дағды үй жағдайында да нығайып, дами түсуге тиіс. Үй ішіндегі үлкен кісілердің бірінің басшылығымен балалар үй тұрмысы жұмысының белгілі бір түрін орындауға міндетті.

Сынып пен отбасының бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін балалардың ата-аналарымен байланыс жасау керек, сөйтіп оқушыларға сол үйдің тұрмысына қарай, үй жұмысына қатысу міндеттерін көрсетіп, күнделікті жұмыс кестесінің үлгісін жасап берген жөн.

Мұғалім еңбектің бұл түріп еңбек сабағымен ұштастырады. Өткізілетін тақырып күні бұрын белгіленіп, сабаққа қолданылатын көрнекті құрал дайындалады. Әрбір балаға өзінің шамасы келетін жұмыс тапсырылады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

































Сабақтың тақырыбы: Сәндік өсімдіктердің тұқымын жинау

Білімділік мақсаты: оқушыларды күзгі табиғат және еңбек түрлерімен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: мектеп ауласы, табиғат көріністері

Тәрбиелік мақсаты: күзгі еңбек құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

Адамдар ауланы, сондай ақ саябақтар, гүлзарлар мен гүл алаңын безендіру үшін өсіретін өсімдіктерді сәндік өсімдіктер деп атайды.

Сәндік өсімдіктердің тіршілік ету ұзақтығы әртүрлі. Олар біржылдық, екіжылдық, көпжылдық болып үш топқа бөлінеді.


[pic] [pic] [pic] [pic] Көпжылдық гүлді өсімдіктер.




Нарғызгүл. Баршынгүл. Нәркес. Таушымылдық.

Гүлдер тұқымы арқылы көбейеді. Гүлдердің тұқымын күзде жинап алып, көктемге дейін сақтап қояды. Тұқым дұрыс сақталмаса, көктемде еккеннен кейін, өнбей қалады. Сондықтан гүлдердің тұқымын дұрыс жинауды және сақтауды білуіміз керек.

  • Гүлдің басын қағаз пакеттің ішіне ұстап тұрып, тұқымын түсір.

  • Тұқымды кептіру үшін пакеттен қағазға төгіп қой. Оларды сұрыптап, ірілерін ал, артық қоқыстардан тазарт.

  • Үрлеу арқылы сұрыптауға да болады. үрлеген кезде жеңіл, жетілмеген тұқымдар ұшып кетеді.

  • Тұқымдарды сақтайтын пакеттер дайында. Пакеттердің сыртына тұқымы салынатын гүлдің суретін сал.

  • Тұқым салынған пакеттерді қорапқа салып, құрғақ жерге қой.

Өсімдіктер тозаңына сезісталдығы жоғары балаларға тұқымды үрлеуге, гүлдерді иіскеуге болмайды.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Адамдар гүлдерді не үшін отырғызады?

Сен қандай гүлдерді білесің?

Табиғатта өз бетінше өсетін гүлдер қандай жолдармен көбейеді?

Сәндік гүлдерді тағы қандай тәсілмен көбейтуге болады?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін көбейту

Білімділік мақсаты: оқушыларды бөлме өсімдіктерін көбейту және еңбек түрлерімен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: мектеп ауласы, табиғат көріністері

Тәрбиелік мақсаты: күзгі еңбек құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

Бөлме өсімдіктері тұрғын үй және қызмет орындарына сән беру үшін өсіріледі. Күзде олардың жапырақтары сарғаймайды. Олар қыс бойы жап жасыл қалпында қалады, ал кейбіреулері гүлдейді.

Сен өсімдіктерді тұқымы арқылы көбейтуге болатынын білесің. Ал сен бөлмеде өсетін шегіргүл жапырағының бір бөлігін кесіп алып, суға салып қойса, оның тамырланатынын білесің бе? Жаңа өсімдік өсірудің мұндай тәсілін қалемшелер арқылы көбейту деп атайды.

Қалемше бұл өркеннің (жапырақ, сабақ) бөлігі немесе өсімдіктің тамыры.

Өсімдіктерді сабағынан (бальзамин), жапырағынан (шегіргүл), тамырынан (қырықжапырақ) көбейтуге болады.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Бөлме өсімдіктерін әртүрлі тәсілдермен көбейте аламыз. Өзіңе ұнаған өсімдікті көбейту тәсілдері арқылы басқа ыдысқа өсіруіңе болады.

[pic]

Жапырақ немесе жапырақ бөліктерін, сабақтарды бірден топыраққа отырғызуға болады. суғарғаннан кейін, көлеңкеге қою керек.

Қалемшені ыдыстағы суға салып, тамыр пайда болғанша қойып қоюға да болады. тамырланғаннан кейін ыдыстағы топыраққа отырғызылады.

[pic]

Сыныпта қандай бөлме өсімдіктері бар?

Бөлме өсімтерін қалай күтесің?

Бөлме өсімдіктері не үшін өсіріледі?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: Туған жердің табиғты мен оның байлығы.

Білімділік мақсаты: оқушыларды табиғатпен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: табиғаттан алынатын табиғи материалдар түрлерімен таныстыру

Тәрбиелік мақсаты: ағаштың сыртын тазалау тәсілін меңгеру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

Табиғаттың тамаша бір бөлігі адам. Адам ерте кезден ақ табиғат ортасында өмір сүрді, әрі оған тәуелді болды. Себебі қоршаған ортада өмір сүру үшін адам киім мен жамылғы, тамақ, еібек құралдары, аң және балық аулау құралдарын дайындады. Түрлі аңдар мен жануарлар сүйектерінен қорғануға қажетті құрал саймандар әзірледі. Өмір сүруге қажетті нәрселерді қоршаған ортадағы табиғат материалдарынан алып, оларды өңдеп, қажетіне жұмсады.

Табиғат өзінің тамаша көріністерімен адамды толғандырып, қуантып, өмір сүруге үйретті.

Табиға материалдар көп: жапырақтар, дәндер, өсімдік сабақтары, ағаштары бұтағы, тамыры, безі, қабығы және басқа.

Ағаштан алынатын материалдар қатты болады. өсімдіктен алынатын материалдар жұмсақ болып келеді.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Өткір құралдардың жүзін саусағыңмен сппама!

Құралдың ұшын аузыңа салма!

Құралдармен ойнама!

Құрал саймандарды мұғалімнің рұқсатымен ғана ал!

Сұрақтар:

  • Саған жоғарыда көрсетілген құралдардың қайсысы таныс?

  • Ол құралдар қандай қызмет атқарады?

  • Онымен қандай материалдарды өңдейді?

Материалдарды табиғатқа зиян келтірмей жинау керек. Түрлі материалдарды жинағаннан кейін оларды шаң тозаңнан тазартып, арнайы қорапшаларға салу керек. Оларды жинап болған соң, қолыңды тазалап жу. Қайшы, пышақпен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақта.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерді кептіру.

Білімділік мақсаты: оқушыларды табиғатпен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: табиғаттан алынатын табиғи материалдар түрлерімен таныстыру

Тәрбиелік мақсаты: ағаштың сыртын тазалау тәсілін меңгеру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

Ағаш материалдары сияқтары емес, шөптекті өсімдіктер жұмсақ болады. сондықтан оларды еппен жинау керек. Гүл сияқты нәзік өсімдіктерді қағазға арасына салып кептіреді.

Ал кейбір өсімдіктерден алынған материалдарды топтап, жинақтап буады. Буылған материалдарды жылы жерге қояды. Сол кезде материалдар тез кебеді.

Өсімдіктің жапырақтары мен гүлдерін кептіру:

  • Біз бірінші сыныпта жапырақты ауыр затпен бастыру арқылы кептіру тәсілімен таныстық. Енді ыстық үтікпен кептіру тәсілін үйренейік.

Үтікпен кептіру үлкендердің көмегімен орындалады. Үтікпен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау керек!

Ол үшін жарыпақ немесе басқа да өсімдіктерді қағаздың арасына салып, оның үстінен екі жағынан да қыздырылған үтікпен екі\үш минут басады.

Осындай тәсілмен гүлдердің күлтелері мен жапырақтарын, қайың ағашының жапырақтарын кептіруге болады. кептіру барысында кейбір өсімдіктердің, әсіресе, ақ, көк гүлдер мен жапырақтардың түстері өзгеріп кетеді. Қызғалдақ, нарғызгүл, қырмызыгүл, қалампыр, жауқазын, раушангүлдерді мақтаға орап, кітаптың ішіне салып қояды. Бірнеше сағатта оралған мақтаны ауыстырып отыру керек.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Флористика өсімдік жапырақтары мен гүлдерден жасалған жапсырмалау. Өсімдіктерден түрлі композициялар құрастыруға болады.

Өз қалауыңша өсімдіктерден композиция құрастыр.

Композиция дегеніміз не?

Шебер немесе суретші бұйымды әшекейлеу үшін, оның элементтерін қалай орналастыруды, яғни композиция туралы ойластырады. Композицияны таңдау шебердің талғамына қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Композиция бұл пішіні, түсі бойынша әртүрлі бөліктерді үйлесімді орналастыру.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.












































Сабақтың тақырыбы: Өсімдік дәндерімен танысу.

Білімділік мақсаты: оқушыларды табиғатпен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: табиғаттан алынатын табиғи материалдар түрлерімен таныстыру

Тәрбиелік мақсаты: ағаштың сыртын тазалау тәсілін меңгеру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

Ағаш және өсімдік дәндері табиғи материал түріне жатады. Бұл дәндер пішін дайындауға негізгі материал болып табылады. Қосымша материалдар үшін ермексаз, түрлі түсті қағаз, мата, тағы басқа материалдар пайдаланылады.

А [pic] [pic] ғаш дәндері




Е [pic] [pic] мен ағашының дәні Корея қарағайдың дәні




Қ [pic] [pic] ызыл қарағайдың дәні Тұт ағашының дәні




Жабайы жаңғақ ағашының дәні Жаңғақ ағашынығ дәні

[pic]

ІV. Сарамандық жұмыс.

Кірпі пішінін жасау негізгі материал ретінде күнбағыс дәндерін дайындаймыз. Ал қосымша материалға ермексаздың қоңыр түсті бөлігін аламыз.

Алдымен кірпінің денесін ермексаздан сомдаймыз.

Күнбағыс дәндерін кірпінің инесі есебінде қолданамыз. Дәндерді кірпінің денесінің арт жағынан бастап, алдына қарай қадаймыз.

Күнбағыс дәнінен жасалған кірпінің үлгісі.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.






































Сабақтың тақырыбы: Технологиялық бейне сызықтар

Білімділік мақсаты: қағазға тіктөртбұрышты дұрыс салу, қию дағдыларын жетілдіру

Дамытушылық мақсаты: қағаз туралы алған білімдерін толықтыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Т [pic] [pic] [pic] ехнологиялық мағлұмат.

[pic]


Қиып алынатын бөлік материалда бейне сызық арқылы көрсетіледі. Ол материалдар: қағаз, ДВП, үшқат, ДСП, тақтай.

Қатырма тіктөртбұрыш салу.

Тіктқртбұрыштың екі ені мен екі ұзындығы өзара тең болады. Сондықтан оның сызбасында бір ұзындығы мен бір енінің өлшемдік көрсеткіші ғана жазылады.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Қатырмақағаздан ұзындығы 8 см, ені 5 см тіктөртбұрышты қиып алу үшін, көрсетілген сызбаны қатырмақағаз шетінен бастап саламыз. Ол қатырмақағазды үнемдеп пайдаланудың алғашқы тәсілі.

  1. Қатырмақағазға тіктөртбұрыштың бірінші енін сызғышпен өлшеп алып 5см сызамыз.

  2. Тіктөртбұрыштың бірінші ұзындығын белгілейміз

=5 см = 8 см

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: Қатырмақағазға белгілеу және қию.

Білімділік мақсаты: қағазға тіктөртбұрышты дұрыс салу, қию дағдыларын жетілдіру

Дамытушылық мақсаты: қағаз туралы алған білімдерін толықтыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

Қағаз және қатырмақағазды белгілеу және қию

Жай және түрлі түсті қатырмақағазға белгілеу және оларды қию жұмыстарын орындауда қолданылатын сызықтардың шартты белгілері «жұмысшы сызықтар» деп аталады. Бұл сызықтармен белгілер салады. Пішін бейнесін сызады.

Шартты белгілер:

Шеткі қию сызықтары

Тілу сызығы

Тесу

Бүгу сызығы

Желімді сырт жағынан жағу

Желімді іш жағынан жағу

ІV. Сарамандық жұмыс.

1. Шеткі қию сызықтары

а) Түзу сызық бойымен қию 1см 2 3 4 5 6 7 8 9 10. Қатырмақағазға сызғышпен 3 см биіктікті белгіле. Артық қағазды белгі бойынша қиып аламыз.

ә [pic] [pic] ) Доғал сызық бойымен қию

[pic]





Қағаз ортасына жартылай сызылған шеңбер белгісі.

б) Қағаз шетін иректеп қию

Қағазды белгі бойынша сынан толық ойып алма жартылай ғана қию керек.


Қағаз жиегін иректеп қию үшін салынатын белгі. Қағаздың жиегін иректеу.

2. Қағаз ортасын тілу сызығы қию сызық бойымен қағаз қазды ортасынан тілу іртисын тілу қажет болған жағдайда салынатын белгі

В. Қағаз шетін тарақтап қию сызығы

Қағаз шетін тарақтап қию үшін салынатын кесінді.

4. Тесу

Тесу белгісі

[pic]

Қағаз шетін тарақтап қию

[pic]


[pic]

Қатырмақағаз ортасын керекті өлшемде тесу жұмысы бізбен орындалады.

5. Бүгу сызығы

Қатырмаңағазды дәл орта- сынан бүктеу үшін салы- натын белгі


[pic]

Белгі үстінен қайшының ұшымен сызады, ол тегіс, түзу бүктеледі.

6. Желім жағу сызығы

Қатырмақағаз бөліктерін немесе қорап жиегін бекіту үшін желімді қағаз сыртынан жағу қажет болғанда салынатын белгі

Біріктірілетін желімді қатырмақағаз, жағынан жағу керек. Қатырмақағаз бен қағазға әртүрлі шартты бел орындап үйрен.

Жұмысшы сызықтар не үшін керек? Жай қағаз бен қатырмақағаздың қандай айырмашылығы бар?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: Үшбүрышты сызғыш көмегімен тіктөртбүрыш

салу және қию

Білімділік мақсаты: Үшбүрышты сызғыш көмегімен тіктөртбүрыш

салу және қиюды үйрету

Дамытушылық мақсаты: қағаз туралы алған білімдерін толықтыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

Белгі салатын сызғыш түрлері

[pic]

Тік бүрышты Екі бүйірі тең үшбүрышты сызғыш

Тіктөртбүрыш өлшемін жазу

Тіктөртбұрышты қатырмаңағаз өлшемі: ені - 4 см; ^аыидығы - 7 см.

Бүрыштың сызғыш

I. Тіктөртбұрыштың екі жақ ені өзара тең болады.

ІV. Сарамандық жұмыс.

[pic]

2. Тіктөртбүрыштың үзындыңтары да өзара тең

7 см

[pic]

7 см

Сол себепті тапсырма берілгенде, тіктөртбүрыш өлшемдік көрсеткіші ғана беріледі. Ол өлшем оңуль лай жазылады: 4 см х 7 см.

Қатырмаңағазға тіктөртбүрыш салу

Қағазды үнемдеу үшін белгіні ңатырмаңагаз, шетінен бастап салады.

1. Қажетті өлшемнің ңатыр- маңағазға бірінші үзындың белгі- сін саламыз. Ол - 7 сантиметр.

2. Тіктөртбүрыштың бірінші енін ңатырмаңағаздың шетінен бастап саламыз. Ол - 4 санти- метр.

[pic]

3. Тіктөртбұрыштың екінші енін белгілеп, оны сызамыз. Ол - 4 сантиметр.

4. Тіктөртбүрыштың екінші үзындығын белгілеп, оны сыза- мыз. Ол - 7 сантиметр.

5. Нәтижесінде үзындығы 7 сантиметр, ал ені 4 сантиметр тіктөртбүрышты ңатырмаңағазға сызып аламыз. Белгі бойымен ңиямыз.

Тіктөртбүрыш пішінді дайын ңатырмаңағаздың үлгісі

Торкөзді ңағаз бен ңатырмаңағазға үшбүрышты сыз- і і.і ппіен тіктөртбүрыш сыз және оны ңиып үйрен.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



















Сабақтың тақырыбы: Қатырмақағаздан үшақ үлгісін жасау

Білімділік мақсаты: қатырмақағаздан үшақ үлгісін жасаудың техникасымен таныстыра отырып, ұшақ жасату

Дамытушылық мақсаты: қағаз туралы алған білімдерін толықтыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат.

[pic]

Ұшақтың халықты тасымалдаудағы, халық шаруашылығындағы маңызы үлкен. Ұшақтың көмегімен шарының кез келген жеріне ұшып бара аламыз. С; ұшақ түрлеріне қара.

Сызба бойынша ұшақтың үлгісін жасап көрейік. Жасау үшін қатырмақағаз, сызғыш, қарындаш, қайшы, желім керек.

I . Ұшақ үлгісінің құрылысына қара.

2. Ұшақтың сызбасына мұқият көңіл бөл.

4. Қиятын, бүктейтін, желімдейтін бөліктеріне көңіл бөл.

[pic] Ұшақтың үлгісін дайында.

[pic] [pic]

Ұшақтың үлгісі. Ұшақтың үлгісін жасауды үйрен.

«Авиация мерекесі» атты ұжымдық жоба дайындау.

ІV. Сарамандық жұмыс.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан жалауша жасау

Білімділік мақсаты: Қағаздан жалауша жасау, қию дағдыларын жетілдіру

Дамытушылық мақсаты: қағаз туралы алған білімдерін толықтыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат. Мереке күндерінде көшені, бөлмелерді безендіру қағаздан әртүрлі шағын жалаушалар дайындалады. Жалаушаларды жіпке тізіп іліп қояды. Ол бөлмелер мен көшені сәнге бөлейді. Жалаушаларды қолға да ұстап жүреді.

[pic]

Жалауша түрлері

Жалауша жасауға керекті материалдар: өлшемі 10 гм х 5 см түрлі түсті қағаз, жіңішке бау, желім. Жалаушаның жасалу реті:

I. Ұзындығы 20 сантиметр, ені 5 сантиметр түрлі түсті тіктөртбұрыш дайында.

Дайындаманың дәл ортасын тауып, бүгу сызығын тап.

ІV. Сарамандық жұмыс.

[pic]

3. Дайындама жартысының бір бетіне ортасына немесе 1 см 5 мм жеткізбей желім жағамыз.

[pic]

4. Дайындаманы екіге бүктеп жапсырып, желімін кептіреміз. Қағаз беттері желімденген соң, енінің ортаңғы сызығын табамыз. 5 сантиметрдің тең ортасы 2 см 5 мм болады. Белгіні дайындаманың екі шетіне қарай саламыз.

5. Дайындамаға салынған екі белгіге сызғышты қойып, желім жағылған шетінен 2 сантиметр қашықтықта белгі саламыз.

6 [pic] . Дайындама шетінен салынған 2 сантиметрлік белгіні қағаз бұрыштарымен қосамыз.

Салынған белгі бойымен қиямыз. Сонда жалауша пішіні дайын болады.

Жалаушаны безендір. Дайын жалаушаның арасынан жіп жіңішке шыбық өткіз.

Жалаушаны жасап үйрен. Жалаушаның қандай түрлерін жасауға болады?


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


























Сабақтың тақырыбы: Ермексаз туралы түсінік

Білімділік мақсаты: оқушылардың ермексаз туралы түсініктерін қалыптастыру

Дамытушылық мақсаты: қағаз туралы алған білімдерін толықтыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Технологиялық мағлұмат. Ермексаз - жұмсақ материал. Әр түсті ермексазды зауытта химиялық жолмен дайындайды. Ермексаз суда ерімейді. Ермексазды арнаулы қорапта сақтайды.

Жұмысқа керекті ермексазды қалақшамен тік жіппен бөліп алады. Қалақшалардың әр түрі болады. Дайын қалақшаларды арнайы жасайды. Ермексазбен түрлі жұмыстар атқару үшін қалақшалардың көмегі үлкен.

Ұлттық ыдыстар

Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажетті ыдыс ағаштан дайындаған. Ағаштан түрлі бұйымдар жасалған кісілерді «шебер» немесе «ағаш ұстасы» деп атаған. Тостаған, ожау, қасық, күбі, келі, тағы да үй тұрмысына керекті заттарды жасаған.

Тегене - ет салынып тартылатын ағаш ыдыс. Ошақ деп те атайды. Тегенені емен, қайың, тал («екпе тал» тал» деп те атайды) сияқты кепкен ағаштардан жасі Шебер әуелі ағашты суға ұзақ қайнатып алады. Сонда бойындағы талшықтар жібиді, ағаш майының дәмі шығады. Ағаш жұмсарып, шапқан кезде жарылмайды. Ағаш жасалған тегененің іші шұңғылдау, жалпақ кернеулі болады. Сондай-ақ жиекті, дөңгелек, ағашы қалыңдау болып келеді. Ол әртүрлі көлемде жасалады. Үлкен тегенемен адамдарға бас табаң тартады. Тегенені шара, тостаған безендірмейді, тек ағаштың өзінен ғана жасайды. Көбін тағамдары салынатындықтан, тазартуға, жууға оңай болу үшін бетіне көп өрнектер де ойылмайды.

ІV. Сарамандық жұмыс.

[pic]

Ермексаздан тегене пішінін жасау

1. Ермексаздан дөңгелек шар жаса.

[pic]

2. Шарды бас бармағымызбен басып отырып, бүйір шетін шығар.

[pic]

3. Тегененің кернеуін шығар. Ол үшін асыл түсті ермексазды алақанмен илеп, ширатылған кесінді дайында.

4. Осы кесіндіні тегененің жиегіне жапсырмала. Тегененің ортасын тауып, белгіле.

5. Жіңішке кесінділер дайындап, оны ие отырып, ою жаса.

6. Оюды тегененің ортасына орналастырып, айналасына жолаң жүргіз.

7. Тегененің дайын үлгісі

Көрсетілген үлгі бойынша ермексаздан тегенені үйрен.

Е [pic] рмексаздан жасауға болатын ыдыс түрлері

Ы [pic] дыс-аяқтарға көбінесе геометриялық және өсімдіктектес ою-өрнектер салынған. Бұл оюлардың өзі белгілі бір мағына білдіріп отырды. Мысалы, «и» белгісіне ұқсас ою «бітпес» деп аталады. Ол молшылықты, ұзақ ғұмырды білдіреді. Сол сияқты «қошқармүйіз» оюы да байлықты, дәулеттілікті көрсетеді. Бұл ою қазақ халқының сәндік-қолданбалы қолөнерінде жиі кездеседі.

Ыдыс үлгілерінің өзіңе ұнаған біреуін өз бетінше жасап көр. Оны қандай оюмен безендірер едің?

Қазаң халқы сусын ішу үшін қандай ыдыс түрлерін пайдаланған? Ас ішуге қандай ыдыстар пайдаланған?

Қазіргі заманда ыдыс-аяқтардың қандай түрлері қолданылады?

Ермексаздан ожау жасау

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



Сабақтың тақырыбы: Ожау туралы түсінік

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шарадағы қымызды, шұбатты сапыру және аяққа құю үшін ожау керек. Ожауды ұзын сапты етіп ағаштан шауып жасайды. Кей өңірлерде сабын қысқа, тіке етіп жасайтын үлгілері де бар. Оның сабын көркемдеп әшекейлейді. Ожау мен шара бірге жасалады және бірге қолданылады.

Ағаштан көркемдеп ойылған мұндай ожауды ожау деп атайды. Ондай ожаудың кішірек екі басы болады.

Ермексаздан «үкікөз» ожау жасау үшін бізге өте жұмсақ жез қажет.

1. Алдымен жұмсақ жезден ожаудың пішімін келтіріп ал.

2. Дөңгелек ермексаздың ішін қуыстау арқылы ожаудың басын дайындап, оны жез темірге жапсырмалаймыз. Сопақша пішінде иленген ермексазды тұтқасына жапсыр.

3. Ожаудың сыртын тегістеп шық.

4. Ожаудың жиегіне жасыл түсті ермексаздан ширатылған кесіндіні жапсыр.

5. Жиектің арасына кішкене түймелер мен жолақтар жапсыру арқылы ожауды сәндейміз.

Дайын болған ожау пішіні

Ожаудың басқа түрлерін жасап көр.

Ожау не үшін қажет? Ожаудың қандай түрлерін білесің?

Үйде сұйық тамақты құю үшін, қандай ожау қолданылады?

[pic]

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Мата қайдан алынады?

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ертедегі адамдар үй жануарларын қолға үйреткеннен кейін, олардың жүні мен терісінің жылуды жақсы ұстайтынын, суықтан қорғайтынын байқады. Осылайша малдардың жүнінен жылы мата алуға болатынын білді.

Дәл сол сияқты өсімдіктерді де бақылай жүріп, зығыр, мақта сияқты талшықты өсімдіктерден ылғалды сіңіретін мата дайындай бастады.

Жәндіктер тіршілігін бақылау арқылы жібек құртының өте мықты жіптер өндіретінін көрді.

Үй жануарларының жүнінен, өсімдік талшықтарынан көне жібек құртының жібінен алынатын маталарды табиғи атайды.

Мақта өсімдігі туралы түсінік

Мақта бір жылдық өсімдіктер қатарына жатады. Ол жылы аймақта өседі. Бойы бір метр биіктікке дейін жетеді. Гүлдейді, мақта қауашағын салады. Күзде гүл қауашағы пісіп, мақта талшықтары ашылады. Мақта талшығы қысқа, жіңішке және ақ түсті болып келеді. Мақта талшықтарын фабрикада өңдеп, иіріп, мата тоқиды.

Мата - өте жіңішке жіптермен тұтас тоқылған материал. Матаны, негізінен, киім-кешектер тігуге пайдаланады. Тоқыма маталар ылғалды жақсы сіңіреді, ауаны жақсы өткізеді. Сондықтан мақта жібінен тоқылған мата адам денсаулығына пайдалы.

Мақта жібінен көркем және қарапайым таспалар, жалпақ баулар, тағы басқа да заттарды тоқып шығарады.

Мақта талшығынан тоқылған мата түрлері

[pic]

Шыт - мақтадан тоқылатын ең арзан, өңделуі жеңіл көздеме. Ол баспа суреттерімен немесе қанық түстермен боялады. Шыт маталар ендеп тоқылады.

Бөз шыт матаға қарағанда арқау жіптері үлкен ұзындықта толықтырылады. Бөз қатты, жылтыр, кей кезде күміс секілді болып өңделеді. Ол шытқа қарағанда берік және аз созылады. Жуғанда бөз негізгі жіп бойынша қысқарады.

Сәтеннің оң бетінде арқау жіптер басым. Сондықтан да олардың оң беті тегіс және жылтыр болады.

Зығыр өсімдігі туралы түсінік

Зығыр - бір-бірімен тығыз өсетін өсімдік. Сондықтан да олар түзу және биік болып өседі. Зығыр талшығы сыртқы қабығы мен ортаңғы өзегінің арасында орналасады. Ол талшықтар ұзын және өте мықты, жылтыр болып келеді. Суды (ылғалды) жақсы сіңіреді. Зығырдан тоқылған мата берік болады. Одан кенеп, жайма, тыстық маталар дайындалады.

Зығырдан алынған матадан тігілген бұйымдар

Мақта мен зығырдан тоқылған матаны салыстыр. Олардың қалыңдығы, мықтылығы, жылтырлығы бойынша сапасын анықта. Қолға алғанда қай мата салқындау, қай жылы болып сезіледі?

I Мақта мен зығыр талшықтарының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Зығыр мен мақтадан алынған маталарды неге киім-кешек, жаймалар тігуге қолданады?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.














Сабақтың тақырыбы: Қошақан пішінін мақтадан жапсырып жасау

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қошақан пішінін жасау үшін саған қатырма қағаз, мақта, желім керек.

Қошақанның суретін қатырма қағаздың бетіне көшір.

Сызық бойымен қошақан суретінен екі бөлік қиып ал.

Қошақанның екі бөлігін бір-біріне беттестіріп желімде. Аяғының басын қайырып бүкте.

Дайындалған пішін бетіне желім жағып, оның үстіне мақта талшығын жапсыр. Мақта талшығын екінші бетіне де жабыстыр. Қошақанның көзі мен аузын қаламмен белгілеп шық. Жайылымда жүрген қозыны көрсету үшін жасыл қағаз бетіне шөптер мен гүлдерді жабыстырып шығуға болады.

«Жайылымдағы қошақан»

Балалар, қошақан туралы әнді еске түсіріп, айтып көрейік.

Жазда апамның ауылына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шыға келді жүгіріп.

Ақ маңдайлы ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен?

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

Қасқыр мен қозы

Ертегі

Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағы су ішіп тұрады. Қасқыр қозыны жегісі келіп, сылтау іздей бастайды.

Қасқыр қозыға айғайлап:

- Мен ішетін суды неге былғайсың? - дейді.

Қозы:

- Қасеке, мен сен ішетін суды қалай былғаймын? Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, - дейді.

Қасқыр тағы айғайлап:

- Сен өткен жылы менің әкемді қорлағансың, - дейді.

- Қасеке, мен қалайша сенің әкеңді қорлаймын, өткен жылы тумаған да едім.

Қасқыр ашуланып:

- Әдепсіз, үлкенге неге қарсы сөйлейсің? - деп, қозыны сол жерде бас салыпты.

«Елу ертегі» кітабынан


Қозыны құтқару үшін ертегіні қалай жалғастырар едің?

Қошақаннан басқа қандай төлдерді білесің?

Қошақан жасау үшін қандай материалдар қолдандың?

Төлдердің басқа түрлерінен «Жайлауда» тақырыбында «позиция құрастыр.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


















Сабақтың тақырыбы: Жіптің түрлері

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жіпті талшықтардан дайындайды. Талшықтан жіпті иіру арқылы алады.

Талшықтардан жіп иіретін фабрикаға бума күйінде әкелінеді. Олар ұйпалақтанған, шатасқан, қоқыстар араласқан түрде келеді.

Талшықтарды арнайы машиналармен тазалайды және тарайды. Олардың талшықтарын бір бағытта жазып қояды. Содан кейін оларды ұзына бойына бірдей бөліктерге бөледі. Бөліктерді созу, иіру арқылы жіп алады.

Тігін жіптерімен киімдерді, бұйымдарды тігеді, түймелерді қадайды. Жіңішке жіптерді жіңішке инемен, жуан жіптерді жуан инемен тігеді. Матаның түсі қандай болса, сондай түсті жіп гаңдалып алынады.

Кесте тігуге арналған жіптерді де әр түсте шығарады.

Мата тоқу үшін дайындалған жіптерді үлкен шарғыларға орайды. Тоқыма фабрикасында бұл жіптерден мата тоқиды.

Жіп тоқыма, өрім өру, сәндік заттар, тігін өнерінде көп қолданылады.

Жіптен шашақбау түю

Шашақбау жасау үшін алдымен тіктөртбұрышты қатырма қағаз дайындаймыз. Қатырма қағаздың өлшемі дайындалатын шашақбаудың көлеміне байланысты болады. Егер шашақбау үлкендеу болу керек болса, онда ені үлкен қатырма қағаз алынады. Оған жіпті де көбірек жинауға болады.

Шашақбауды дайындау реті:

1. Дайындалған қатырма қағазға жіпті керегінше ора. Толың орап болған соң, жоғарғы жиегін иненің көмегімен мықтап байла. Сонда жіп шашырап тарқатылмайды.

2. Жіптің қатырма қағазға оралған төменгі жиегін қайшымен қи. Оралған жіпті қатырма қағаздан босатып ал.

3. Шашақталған жіптің жоғарғы тұсынан сәл төмен мықтап орап байла. Шашақты іліп қоюға қажетті шамалы жіп ұшын қалдыр. Шашақтың төменгі ұштарын қайшымен тегістеп қи.

Жіпті неден дайындайды?

Жіптің қандай түрлері бар?

Жіпті қайда пайдаланады?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.












































Сабақтың тақырыбы: Жіптен шөже пішінін жинақтау

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

[pic] [pic]

2. Екі дөңгелекті беттестіріп, жіп орауға дайында.

3. Дөңгелектің ортасындағы ойың толғанша жіпті тығыздап ора.

4. Екі қатырма қағаздың ара- сын ашу үшін жіптерді дөңгелек жиегінен айналдыра қи.

[pic] [pic]


5. Қабатталган дөңгелек қатырма қағаз арасын аш. Қосымша жіппен топтасңан жіптің тең ортасынан байла.

6. Әрбір қатырма ңағазды қай- шымен ңиып, жіп топтамасынан босатып ал.

айдары

7. Дөңгелек шашаң пайда бол- ды (а). Осындай шашақтың сары жіптен көлемі кішірек тағы біреуін жаса (ә).

аяғы

қанаты


Шөженің ңанаты мен айда- рын, қүйрығын, көзін, түмсығын қағаздан қиып алып, желіммен жабыстыр.

Дайын болған шөже пішіні.

Шашаңты не үшін қолданады? Дөңгелек шашақтан шөжеден басңа тағы не жасауға болады?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

































Сабақтың тақырыбы: Тігін ісіне қажетті құрал-жабдықтар

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Матамен жұмыс тігін өнеріне жатады. Матадан киім-кешек, сыйлық заттарын дайындау үшін әртүрлі тігіс түрлері қолданылады. Матамен жұмыс істеу кезінде түрлі құрал- жабдықтар қажет болады.

Матамен тігін жұмысын орындамас бұрын алдымен дайындық жасалады. Қажетті тігін құралдары дайындалып, мата таңдалады. Матаны өлшеп, белгі саламыз. Белгі ізімен қиямыз. Содан кейін ғана мата бөліктерін құрастыру үшін әртүрлі тігістерді қолданамыз.

Матаға белгі салып, қиып үйрен.

Қайшымен, инемен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Тігіс не үшін қолданылады?

Матамен жұмыс тігін өнеріне жатады. Матадан киім-кешек, сыйлық заттарын дайындау үшін әртүрлі тігіс түрлері қолданылады. Матамен жұмыс істеу кезінде түрлі құрал- жабдықтар қажет болады.

Матамен тігін жұмысын орындамас бұрын алдымен дайындық жасалады. Қажетті тігін құралдары дайындалып, мата таңдалады. Матаны өлшеп, белгі саламыз. Белгі ізімен қиямыз. Содан кейін ғана мата бөліктерін құрастыру үшін әртүрлі тігістерді қолданамыз.

Матаға белгі салып, қиып үйрен.

Қайшымен, инемен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Тігіс не үшін қолданылады?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



Сабақтың тақырыбы: Тігіс түрлері

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Инені сабақтау, жіптің ұшын түю тәсілдерін есіңе түсір. Тігістерді

тіккенде матаны осылай ұстайды.

[pic] [pic] [pic]

Бірінші сыныпта көктеп тігу тәсілімен таныстың. Ол әртүрлі мақсаттарда қолданылады. Тігілетін бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіре тұру үшін немесе бөлшектерді бірден біріктіру үшін қолданылуы да мүмкін. Бұл тігіспен кесте тігуге де болады.

Көктеп тігудің түрлі нұсқаларын қарастыр. Түзу көктеп тігу түрінен иректеп, қатарлап тігуді қалай шығарып алуға болады?

Көктеп иректеу тігістері бұйымның бетін әшекейлеу қолданылады. Олар көркем тігіс түрлеріне жатады. Алдын ала салынған суреттің беті майда шаншымдармен көктеп тігіледі. Содан соң басқа түсті немесе сол түсті жіппен шаншымдардың арасынан жіпті иректеп бос өткізіп шығады.

Көркем тігіс түрлері

[pic]

1. Көктеу тігісін жүргізу.

[pic]


[pic]

2. Тігісті басқа түсті жіппен иректеп көркемдеу.

[pic]

3. Екі қатар түскен көктеу тігістерінің арасынан жіпті иректеп өткізу.

[pic]

Жіпті иректеп өткізу тәсілі

Көркем тігіс түрлерін орындап, қолыңды жаттықтыр.

Тігіс түзу, біркелкі түсу үшін белгілеп ал.

Бұл тігістерді қайда қолдануға болады?

Көктеп иректеу тігісі қалай орындалады?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.





















Сабақтың тақырыбы: ЖАҢА ЖЫЛҒА ДАЙЫНДЫҚ

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шырша ойыншықтарын жасау

Шырша ағашы туралы түсінік

Шырша республикамыздың салқын аймақтары мен таулы өлкелерінде өседі. Шыршаның жапырақтары ине тәріздес болады. Сондықтан шыршаны «қылқан жапырақты ағаш» деп айтады. Қылқандары бұтақ бойында біркелкі ілгері қарай тізіле орналасады.

Шыршаның бүрі ұзынша, жұмыр болып өседі. Шырша қабығының түсі қара қоңыр болып келеді. Шырша өте баяу өседі, отыз жылда толық өсіп-жетіледі. Ол қорғауға алынған, кесуге рұқсат етілмейді.

[pic]

Жаңа жылдық шырша ағашы сұлу әрі сәнді болуы үшін неше түрлі ойыншықтарды ілеміз. Олай болса, ойыншықтарды өзіміз жасап үйренейік.


[pic] 1. Түрлі түсті қағаздан радиусы 4-5 см-ге тең дөңгелектер дайындап ал. Бізге мұндай дөңгелектердің төрт-бесеуі керек.



[pic]

Осы дөңгелектерді ортаңғы сызығы бойынша бүктеп, әр дөңгелектің жарты бетін келесі дөңгелектің жарты бетіне беттестіріп желімде.

Бір-біріне жартылай беттескен 5 дөңгелектен бес қырлы ойыншық пайда болады.


[pic] 2. Түрлі түсті қағаздан ұзындығы 27 см, ені 10 см тіктөртбұрыш дайында. Арақашықтығын 1-2 см-ден қатпарлап бүкте. Қатпарланған қағазды дәл ортасынан жіппен буып, екі жағындағы шеткі қатпарларды біріктіріп желімде.

Үлгіде көрсетілгендей шырша ойыншықтарын жаса.


Шығармашылық жұмыс үлгілері

[pic] [pic]





Дөңгелек ойыншықтарды жасап үйрен. Олар қандай тәсілмен жасалған?

Түсті қағаздардан тағы қандай шырша ойыншықтарын жасауға болады?

Шеңберді қандай құралмен сызамыз?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.





















Сабақтың тақырыбы: Бетперде жасау

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жартылай көлемді әртүрлі бетпердені Жаңа жыл мейрамында қызықты той-думанға киеді. Бетперденің жасалу жолдары да әртүрлі болады.

Бетпердені қарапайым түрде де және әсемдеп те жасауға болады.

[pic]



«Қасқыр» бетпердесі

Керекті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қатырма қағаз, қайшы, желім, фломастер.

Қажетті материалдарды дайындау:

1. Ұзындығы 52 см, ені 2-3 см ұзынша жолақтан 1 бөлік дайында. Бұл - бетперденің астыңғы бөлігі.

2. Ұзындығы 28 см, ені 2-3 см ұзынша жолаңтан 4 бөлік дайында. Бұл - бетперденің үстіңгі бөлігі.

3. Ұзындығы 8 см, ені 16 см жолақтан бір бөлік дайында. қасқырдың тұмсығы.

4. Қабырғаларының ұзындығы 8 см шаршы дайында. қасқырдың құлағы.

Қауіпсіздік ережесін есіңе сақта.

Жұмыс орныңды ретке келтір.

Қайшыны жолдасыңа сақина жағымен ұсын.

Қайшыны ашық күйінде парта үстіне қойма.

Жұмыстың орындалу барысы:

1. Дайындалған ұзын бір бөлік жолақты басыңа өлшеп ұшын біріктіріп желімде.

2. Дайындалған төрт бөлікті дәл ортасындағы нүкте бір-біріне жапсыр.

3. Дайын болған бетперденің төбесін астыңғы басқа киетін бөлікке желімде.

4. Қасқырдың тұмсығын орнына желімдеп бекіт.

5. Алдын ала дайындалған қасқырдың құлағын бетпер- төбесіне жапсыр.

6. Қасқыр бейнесіндегі бетперде дайын болды.

Д [pic] айындамалар.

Дайындаманы құрастыру

«Мысық» бетпердесі

Бұл бетперде «Қасқыр» бетпердесінің жасалу реті негізінде орындалады.

Бетперде жасау тәсілін пайдаланып, мысықтың, күшіктің бейнесін жасап көр.

« [pic] Күшік» бетпердесі

[pic]








Күшік пен қасқыр бетперделерінің қандай айырмашылығы бар?

Қасқыр мен мысық бетпердесін салыстыр.

Бетперде басымызға тура келу үшін қандай өлшем қажет?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.
















Сабақтың тақырыбы: ОРИГАМИ

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қағаздан бүктеу арқылы құрбақа пішінін жасау

Құрбақа жасау үшін түрлі түсті қағаз, қайшы, фломастер, желім, қылқалам керек.

Құрбақа пішінінің басын дайындау

Қ [pic] абырғаларының ұзындығы 7 см болатын жасыл түсті шаршы қағаз дайында. Оны екіге бүктеп, үшбүрыш жасап, төбесін жоғары қаратып қой.



1. Төменгі екі бұрышты жоғары 2. Жоғарғы бұрышты төменге қайырып, кері аудар. қарай қайыр



[pic]


3. Жоғарғы және төменгі бұрыштарын 4. Сызық бойынша жанындағы және

сызық бойынша артқа қарай қайыр. жоғарғы бұрышын артқа қайыр

Құрбақа пішінінің кеудесін дайындау

Қабырғаларының ұзындығы 8 см болатын шаршыны үшбұрыштап бүкте.

[pic] [pic]

6. Үшбүрышты екіге бүктеп, 7. Екі бүйірін ортаңғы сызыққа жеткізіп

ортаңғы сызықты белгіле. Бүкте. Теріс жағына аудар.

[pic] [pic]

8. Төменгі бұрыштарын жоғары 9. Қайырылған бұрыштарын сызық

қарай қайыр. Бойымен төмен қарай тағы бүкте.

[pic]

[pic]

10. Басы мен кеудесін біріктіріп желімде. Міне, дайын құрбақаның үлгісі


Көрсетілген рет бойынша құрбақа пішінін жаса.

Құрбақалар қайда өмір сүреді?

Бақалардың қандай пайдасы бар?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.






Сабақтың тақырыбы: Қағаздан бүктеу арқылы күшік пішінін жасау

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Күшікті жасау үшін түрлі түсті қағаз, қайшы, фломастер, желім, қылқалам керек.

Күшік пішінінің басын дайындау

Қабырғаларының ұзындығы 8 см болатын шаршы дайында.

[pic] [pic]







1. Шаршыны диагональ 2. Шаршының екі бұрышын ор- сызықтар бойымен бүктеп, таңғы нүктеге қарай бүкте.

бүгу сызығын түсір түсір

[pic] [pic] [pic]






3. Оны екінші бетіне аудар. 4. Екі жағын ортаңғы сызыңқа бүгу

сызықтары бойымен бүкте. Сонда

арғы бетіндегі бүрыштары

[pic] алдыңғы бетіне ауысады.





5. Астыңғы бөліктегі бұрышына 6. Бұрыштарын суретте көрсетілгендей

қатпар жаса. Үстіңгі бөліктегі бүкте.

үшбұрышты төменгі бұрышқа

беттестір.

[pic]





7. Бұрыштарын кері бүктей отырып, 8. Үстіңгі және жанындағы бұрыш-

күшіктің тұмсығын келтір. Бүгу тарын артқа қайырып бүкте.

сызығы бойымен күшіктің құлағын

төмен түсір.


[pic]






9. Дайын болған күшіктің басына көзін, мрнын жапсыр.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.














Сабақтың тақырыбы: Күшік пішінінің кеудесін дайындау

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қабырғаларының ұзындығы 10 см-ге тең шаршы дайында. Шаршыны үшбүрыштап бүкте.

10. Үшбүрышты дәл ортасынан бүктеп, ортаңғы бүгу сызығын

ал.

[pic] [pic]





1 [pic] 1. Шеткі бүрыштарын

ортаңғы сызыққа келтіріп бүкте.

[pic]






ішке қарай бүктеп, бүгу сызығын ал ішке бүкте.

[pic] [pic]





15. Сызық бойымен қатпарлап бүкте. 16. Күшіктің басын кеудесіне

жабыстыр. Күшік дайын.


Көрсетілген үлгі бойынша күшікті жасап үйрен.


М [pic] ына күшіктің бейнесін өзің жасап көр.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



































Сабақтың тақырыбы: Қағаздан бүктеу арқылы мысық пішінін жасау

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мысықты жасау үшін түрлі түсті қағаз, қайшы, фломастер, қылқалам, желім керек.

Мысық пішінінің басын дайындау

Б [pic] ір беті қоңыр немесе сұр, бір беті ақ қағаздан ұзындығы 11 см-ге тең шаршы дайында.


1. 1.





1. Шаршының ақ бетінің қарама- 2. Астыңғы және үстіңгі бұрыштарының

қарсы бұрыштарын бір-біріне ұшын ортаңғы нүктеге жеткізіп бүкте.

беттестіре бүктеп, бүгу сызықтарын

түсір.

[pic] [pic]





3. Бүктелген жұмысты екінші бетіне 4. Астыңғы және үстіңгі бөліктерін

аудар. сызық бойымен ортаңғы сызыққа

жеткізіп бүкте. Арғы бетіндегі

бұрыштар бергі бетіне ауысады.

[pic] [pic]



5. Үстіңгі бөліктегі бұрышты артқа, 6. Сурет бойынша астыңғы бөлікті

астыңғы бөліктегі бұрышты жоғары көрсетілген нүктеге дейін жоғары

қарай қайыр. көтер.

[pic]





7. Суретте көрсетілгендей екі жағын 8. Құлағын бүгу сызықтары арқылы

бүкте. көрсет.


[pic]





9. Астыңғы орта және үстіңгі 10. Жанындағы бұрыштарын ішке қарай

бұрыштарын суретте көрсетілгендей бүкте. Мысықтың көзін, мұрнын

етіп қайыр. жапсыр.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.
















Сабақтың тақырыбы: Мысық пішінінің кеудесін дайындау

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ұзындығы 14 см-ге тең шаршыны үшбұрыштап бүкте.

[pic]

11. Үшбұрышты беттестіре 12. Шеткі бұрыштарын ортаңғы бүктеп, ортаңғы бүгу сызығын ал. сызыққа жеткізіп бүкте.

[pic]

[pic]







13. Астыңғы бұрыштарын бүктеп, 14. Төменгі бұрыштарын теріс

бүгу сызығын түсір. бүкте.

15. Берілген бүгу сызығы бойынша бұрыштарын теріс қарай бүкте.

[pic]

16. Сызық бойымен қатпарлап бүкте.

[pic]

Мысық пішінінің құйрығын дайындау

Қабырғаларының ұзындығы 5 см-ге тең шаршы дайында. үшбұрыштап бүкте.

18. Келесі бетіне аудар.

[pic]

Суретте көрсетілген сызық бойымен екі бүрышын бүкте.

Артқы бұрышын өзіңе қаратып, ақ жолақты көрсетіп бүкте.

20. Басы мен кеудесін, құйрығын біріктіріп жапсыр. Мысықтың пішінін жасап үйрен.

[pic]

Өз қалауыңша «Үй хайуанаттары» композициясын дайында.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.










Сабақтың тақырыбы: Қағаздан қарға пішінін жасау

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

[pic]

Қарғаны жасау үшін түрлі түсті қағаз, қылқалам, желім, қайшы керек.

1. Қара көк түсті қағаз дайында.

[pic]


[pic]

а) Қағазды шаршылап бүкте.

ә) Артық бөлігін қи.

2. Шаршыны ортасынан екіге бүкте.

[pic]

Екі шетін ортаңғы сызыққа жеткізіп бүкте

Дайын болған бұйымды тағы да ортасынан бүкте.

Бұл қарғаның артқы бойы, кеудесі, қанаты болады.

Белгіленген сызық бойынша артқы бойын жоғары қаратып бүкте. Қырын тегісте.

[pic]


[pic]

7. Дайын бұйымды келесі бетіне аудар. Қырын тегісте.

8. Артқы бойын тартып, қарғаның екі қанатын шығар.

9. Беттестіре бүкте.

10. Қанаттың жартысын қайыр.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.





















Сабақтың тақырыбы: Кестелі кілемшені тігу

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кестелі кілемшені тігу үшін:

1. Өлшемі 12 см х 20 см болатын тіктөртбұрыш пішінді матаны қиып ал.

2. Арқау және желі жіптерін суырып, матаның шетін шашақта.

3. Гүлдің суретін мөлдір қағаздың бетіне көшіріп ал немесе берілген үлгіні пайдалан.

4. Матаның бетіне көшірме қағазды, оның үстіне сурет салынған мөлдір қағазды түйреуішпен қада.

5. Салынған суреттің бетінен қаламсаппен қайтадан қатты басып жүргізіп шық.

6. Түйреуіштерді алып, салынған сурет бойымен көктеу ісін түсір.

[pic]

Кестелі кілемшені көктеп тігу тәсілімен орында.

«Желкенді қайық» композициясын көркем тігіс түрлерін пайдалана отырып орында.

Толқынды бейнелеу үшін майда шаншымдармеи орындалған көктеу тігісінің арасынан көк жіпті иректеп өткіз.

«Желкенді қайық» композициясын орындауда қандай тігіс түрлері қолданылды?

Қайықтың қандай бөлігі қайып тігу тәсілімен орындалды? Көктеп тігу тәсілімен ше?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Ілмек тігіс

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ілмек тігіс түймеліктің және сетінегіш матаның шетін жиектеп тігу үшін қолданылады. Бұл тігіспен көбінесе бұйымның бөліктерін біріктіреді, мысалы, жұмсақ ойыншықтарды тігеді. Қолорамал, сулықтардың шетін көмкеруге болады. Ілмек тігісінің шаншымдары тігінен түседі. Орындалу тәсіліне байланысты ілмек тігісінің түрлері көп. Оларды төмендегі суреттен байқаймыз. Бұйымға сән беру үшін басқа түсті жіппен тігуге де болады. Тігістің жиілігі мен шаншымдардың ұзындығы матаға, жіпке, қолдану түріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

[pic]


[pic]


[pic]

Ілмек тігісінің түрлері


Ілмек тігісін тігу үшін сабақталған инені мата шетінен 4-10мм қашықтықта шаншып аласың. Шанышқаннан кейін инені жіптің ілмегінен өткізіп отырасың. Мата жиырылып қалмау үшін ілмекті созып босатыңқырап, жиектің шамасына лайықтап тігеміз.

Ілмек тігісінің қарапайым түрін тігіп үйрен.

Көркем тігіс түрлері

Көркемдеуге арналған ілмек тігістерді тігіп үйрен.

Бұйымның бөліктерін біріктіруде қандай тігісті қолдануға болады? Ілмек тігісті тағы не үшін қолданады? Көркем тігістер не үшін қолданылады?

[pic] [pic]


[pic]


Кестеленген қайшықап тігу

Қазақ халқы ертеде көшпелі өмір салтын ұстанды. Сондықтан ыдыс-аяқ пен ұсақ-түйек заттарын ұзақ әрі қауіпсіз сақтау үшін әртүрлі тысқаптар қолданған. Оларды кесеқап, айнақап, аяққап деп атайды. Олардың көбін басылған киізден, теріден, тоқылған кілемнен жасады. Тысқаптың бетіне ою-өрнек салып немесе кестелеп көркемдеген.

Біз қайшы салуға қажетті қайшықап жасаймыз. Оған басқа да ұсақ-түйек заттарды салып қоюға болады. Қайшықап қалың матадан немесе жұқалау киізден тігіледі. Оны тігу үшін екі бөлік дайындалады. Бөліктердің шетін ілмек тігіспен біріктіріп, көркемдеуге болады. Материалы қалың болғандықтан, жуандау ине қолданған дұрыс. Бетін кестелеу үшін көктеу, қайып тігу тәсілдерін пайдалан. Қайшықапқа іліп қоюға болатын бау тағылады.

[pic]

Үлгіде көрсетілгендей қайшықап тік. Бетін өз қалауынша кестеле.

Тысқаптарды не үшін қолданады? Қайшыны не үшін қайшықапта сақтаймыз? Қандай тігіс түрлерін қолдандың?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Жөрмеп тігу

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бұл - шеттік тігіс. Бұйымның сетінеген шетін басып тұру үшін жөрмеп тігу тәсілін қолданады. Матаның шетінде тігіс солға және оңға қарай қиғаш орналасады. Бұйым өңдеуде шаншым арақашықтықтары мен ұзындықтары бірдей болуы тиіс. Сетінегіш мата шетін тіккенде, шаншым арақашықтығы неғұрлым жиірек орналасса, тігіс соншалықты сапалы болады.

[pic]

Жөрмеп тігу тәсілін үйрен.

Көзілдірікқап тігу

Көзілдірікқап көзілдірік салу үшін қажет. Көзілдірікқап тігу үшін орташа қалыңдықтағы шұға немесе жасанды маталарды таңдап алуға болады.

Егер мата жұқа әрі сетінегіш болса, онда оның астын флизелин (желімі бар синтетикалың материал) материалын жабыстырады.

Көзілдірікқап жасау үшін өлшемі 40 см х 18 см мата керек.

[pic]

40 см

1. Қатырма қағаздан үлгіқалып дайында.

[pic] [pic]

2. Үлгіқалыпты екіге бүктелген мата бетіне орналастырып, әр тұсынан түйре. Белгілеу үшін үлгіқалыптың сыртқы сызықтарын бормен сыз.

3. Сызық бойымен қиып шық. 2 бөлік шығады.

4. Жеке бөліктерді оң бетіне қаратып, бір-біріне беттестір де, көктеп тік. Бұл - уақытша тігіс.

[pic]

5. Бөліктердің шетін жөрмеп тігу тәсілімен біріктір.

Жұмыс соңында уақытша тігісті сөгіп таста.

[pic]

6. Әшекейлеу үшін сөгілмейтін матадан (немесе астына желімқағаз жабыстырылған матадан) гүл қиып ал.

Гүлдің астына осындай пішінді целлофан қойып, ыстық үтікпен үтіктеп жабыстыруға немесе бұйымға бастырмалап тігуге болады. Пішу барысында матаны барынша үнемдеу жет.

Көзілдірікқапты тігіп үйрен.

Көзілдірікқап неше бөліктен тұрады?

Оны қандай матадан тігуге болады? Бұйымның шеті қандай тігіс түрімен біріктіріледі?

Көзілдірікқап тігуде көктеу тігісі не үшін қолданылады?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.











Сабақтың тақырыбы: Симметриялы және симметриялы емес бөлшектер

Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.


[pic]


[pic]

Егер мына берілген бөлшектерді дәл ортасынан екіге бүктесең, олардың екі жартысының бірдей екенін байқайсың. Мұндай бөлшектерді симметриялы деп атайды. Ал ортасын бөліп тұрған сызықты симметрия сызығы дейміз.

Енді мына бөлшектерге қара. Оларды екіге бүктесең, жарты бөліктері бір-бірімен сәйкес келмейді. Ондай бөлшектерд симметриялы емес дейді.

Өсімдіктер, жәндіктер, жануарлардың дене бітімдері симметриялы болып келеді. Біз де әртүрлі бұйымдар жасаған кезде симметрия заңдылығын сақтауымыз керек.

[pic] [pic] [pic]


[pic] [pic]

Суреттерге қара. Құстың, көбелектің екі қанатын беттестірсе, бір-біріне сәйкес келе ме? Егер жапырақты ортаңғы сызығынан бүктесек ше? Суреттен симметриялы, симметриялы емес заттарды ата.

[pic] [pic] [pic]

Симметриялы бөлшектерді белгілеу және қию

Симметриялы бөлшектерді белгілеп және қиып үйрен. Ол бөлшектерді қағаз бетіне желімде.

Өзіңді қоршаған ортадан симметриялы және симметриялы емес заттарды ата. Дәлелде.

Симметриялы бөлшектерді белгілеу үшін қағаз неге екіге бүктеледі? Белгілеу, желімдеу және қию үшін қандай құрал-жабдықтар қажет?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.
















Тақырыбы: Құстарға жем салатын қорап жасау. Қалам салғыш құрастыру.

Мақсаты:

1. Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қорап жасауды үйрету, қалам салғыш құрастыру;

2.Дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстауға дағдыландыру

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі : аралас сабақӘдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, желім, қайшы.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру.

1.Түбі жоқ қорапты қай жерде қолданамыз?

ІV. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі

Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қораптың қабырғасын аласа, ішін кеңдеу етіп жасайды. Қалам салғышқа қалам, қарындаштарымызды саламыз. Сонда олар әр жерде шашылып қалмайды, әрі жоғалмайды. Біз қалам салғышты адам бейнесіне келтіріп құрастырамыз.

Пысықтау:

1. Қораптың қабырғаларын бір-біріне желіммен бекітіп, құрастырамыз. Қораптың түбі мен қабырғаларын бір-біріне бекіту үшін қатырма қағаздың жиегіне желім жағып, оны қабырғаларына жапсырамыз. Қалам салғыш құрастыру үшін қатырма қағаздан 11 см х 12 см етіп қалып үлгі дайындаймыз.

2. Қалып үлгіні қағаздың бетіне қойып, белгі саламыз. Қағаз шетін желім жағу үшін артықтау аламыз.

3. Қатырма қағазды цилиндр пішінді етіп бүктеп, желімдейміз.

4. Қатырма қағаздан бас киімін жасаймыз. Ол үшін бас киім дайындамасын конус тәріздес етіп қиып, екі жағын бір-біріне жалғап жапсырамыз.

5. Түрлі-түсті қарындашпен адам бейнелі қалам салғыштың көзін, аузын салып, киімін көркемдейміз. Одан кейін бас киімін кигіземіз. Қалам салғыштың аяғын желімдеп бекітеміз. ә) оқулықпен жұмыс.

V. Бекіту кезеңі

Қорытындылау.

ҮІ. Бағалау.






Тақырыбы: Ою-өрнек қию. «Қошқармүйіз» оюын жасау.

Мақсаты :

Қазақтың ою-өрнектерімен таныстыру, ұлттық ерекшеліктерді құрметтеуге дағдыландыру, еңбек, эстетикалық тәрбиесіне баулу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: ұлттық киімдер.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, қайшы.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру

1. Қандай ою түрлерін білесің?

2.Оюларды қайда қолданамыз?

ІҮ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі.Тізіліп біркелкі түскен оюлармен әшекейленген сәнді камзол, тақия, тұскиіздерді көріп жүрсіңдер.Кез-келген ою композициясында «қошқармүйіз» элементтері қолданылады. Ол – қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері. Бұйым көзге тартымды да әсем көрінуі үшін ою біркелкі түсуі керек. Сондықтан оюды симметриялы етіп қию үлкен рөл атқарады.

ә) оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

1. Қағазды керекті өлшемде қиып, дайындаймыз.

2. Қақ ортасынан сызық жүргіземіз.

3. Сызық бойынша қағазды төртке бүктейміз.

4.Төрт қабатқа бүктелген қағаздың бірінші бетіне өрнектің төрттен бір бөлігін сызып аламыз да, қайшымен қиямыз.

5. Қиып алынған өрнекті ашамыз.

6. Өрнектің жиектерін тегістеп, қағаз бетіне желіммен жапсырамыз.

7. Өрнекке қатырма қағаздан жақтау жасап, оны әшекейлейміз.

Ү. Бекіту кезеңі

Қазақтың қошқармүйізден басқа қандай ою түрлерін білесің?

ҮІ. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.



Тақырыбы: Жұқа фольгадан әріп жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға жұқа фольгадан әріп жасауды үйрету; Ой-өрісін кеңейту; Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгіме

Көрнекілігі: кесілген әріптер.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: жұқа фольга, қарындаш, сызғыш, қайшы.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру

1.Қандай ою түрлерін білесіңдер?

2.Өрнекті тұтас қиып алу мен шексіздікке ұластыра оюдың ерекшелігі неде?

ІҮ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі: Фольга – жұқа , жылтыр материал. Оны өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданады. Сондай-ақ, ол – бұйымдарды әшекейлеу, көркемдеу үшін де таптырмайтын материал.

ә) оқулықпен жұмыс.

Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті: Фольгадан әріп жасау үшін алдымен жұқа фольганы тегістеп аламыз.Тегістелген фольгаға көрсетілген өлшем бойынша қарындаш және сызғыштың көмегі бойынша әріптердің сызбасын түсіреміз. Олардың биіктігі 5 см, жалпақтығы 1 см шамасында. Берілген өлшемдер бойынша әріптерді фольгаға түсіргеннен кейін қайшымен қиямыз. Оқушылардың еңбегін, орындалу ретін қадағалау.

V. Бекіту кезеңі

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

Сендерге ұнады ма?

ҮІ. Бағалау Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:

фольгаға өз аттарыңды немесе фамилияларыңды жазып, қиып алыңдар, қатырма қағазға желімдеңдер.

Тақырыбы: Қатырма қағаздан және фольгадан маска жасау.

Мақсаты :

Оқушыларға жаңа жылдық мерекеге арналған маска жасап үйрету; Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: маска түрлері.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, қарындаш, қайшы, кеңсе пышағы, қылқалам, балға, біз, фольга, қалып үлгі.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру

1. Фольга қандай материал?

2.Оны қандай мақсаттарда пайдаланады?

ІҮ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен жаңа жылдық мерекеге арналған масканы жасап көрейік.

ә) Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатырма қағаз бетіне қалып үлгіні қойып, мысықтың бет пішінін сызып аламыз.

2. Сызылған орны бойынша қағазды қиямыз.

3. Қалып үлгіні масканың үстіне қойып, қаламның көмегімен барлық нүктелерді белгілейміз.

4. Көздің орнын оямыз.

5. Барлық нүктелерді бізбен ақырындап тесіп шығамыз.

6. Тесіктердің үстінен пышақтың ұшымен ойықтар жасаймыз.

7. Ұрттарын қиып аламыз.

8. Масканың ішкі жағынан, құлақтың тұсынан резеңкенің екі ұшын желімдейміз. Үстінен төртбұрыш қағаз жапсырамыз.

9. Құлақтары мен ұрттарын ішке қарай қайырамыз.

10. Ұрты сәл томпайып тұру үшін кесілген жерлерін біріктіріп желімдейміз.

11. Масканың көзін, ұртын, құлағының шетін фольгамен әшекейлейміз.

Ү. Бекіту кезеңі

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Масканы дайындау үшін қандай материалдарды пайдаландыңдар?

ҮІ. Бағалау





Тақырыбы: Матамен жұмыс. Жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызы.

Мақсаты :

Оқушыларды мата түрлерімен таныстыру, матаның қасиеттері мен ерекшеліктері туралы түсіндіру, жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызы, жіпті матаға түйінсіз бекітуді үйрету; Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту; Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. .

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: мата түрлері.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар : әр түрлі мата қиындылары, қайшы, желім.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру

1. Матаның қандай түрлерін білесіңдер?

2. Жіпті қалай түйіндейміз ?

ІҮ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі Мата түрлерімен таныстыру. Матаның қасиеттері мен ерекшеліктеріне тоқталу. Жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызын түсіндіру, көрсету.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.Суретпен, көрнекілікпен жұмыс.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

.Сарамандық кезең.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау.

А) Мата қиындыларын жапсырмалау, үлгісін көрсету.

ә) Жіпті матаға түйінсіз бекіту.

Ү. Бекіту кезеңі

Қорытындылау.

Жапсырмалау деген не?

Ұлттық киімдерді матаның қай түрінен тіккен дұрыс?

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

Оқу. Жіпті матаға түйінсіз бекіту тәсілін жаттығып үйрену.










Тақырыбы: Құс панносын тігу.

Мақсаты:

Оқушыларға « Құс» панносын жасауды үйрету; Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: әр түрлі паннолар.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма қағаз, мақта немесе паролон, түйме, бау, желім, қайшы.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру

1.Панно деген не?

2. Тігістің түрлерін еске түсірейік.

ІҮ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен «Құс» панносын тігеміз. «Құс» панносын қолдан тігіп сыйға тартуға немесе ине шаншитын жастықша ретінде пайдалануға болады. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей

ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1. Құс панносының қалып үлгісін дайындау үшін қатырма қағазға құстың кеудесін қарындашпен сызып, қиып аламыз.

2. Екі қабатталған матаның бетіне қалып үлгіні қойып, бормен айналдыра сызамыз да, сызық бойынша қиямыз. Ішіне мақта немесе паролон салу үшін бір бөлігін тікпей қалдырып, қалған бөлігін теріс бетінен көктеп тігеміз. Содан соң оң бетіне аударып, кеудесін мақта не паролонмен толтырамыз. Тігілмеген бөлігін тігеміз.

3. Матадан құстың қанатын қиып алып, кеудесіне желімдейміз. Қызыл түсті матадан айдарын дайындап, құстың басына желімдейміз не тігеміз.

4.Ал қосымша бөлшектерін суреттегідей етіп жапсырамыз.

5. Көзіне түйме, ал кеудесіне іліп қою үшін бау тігеміз.

Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Панно қандай бөлшектерден тұрады? Өз қолыңмен жасаған панноңды кімге сыйлар едің? Құс панносына қандай тігіс қолдандың?

ҮІ. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.










Тақырыбы: «Ат» ойыншығын жасау.

Мақсаты :

Оқушыларға «Ат» ойыншығын жасауды үйрету. Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: ат панносы.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, мата, мақта (синтепон), ине, жіп, қайшы, оймақ.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру.

1.Тігістің қандай түрлері бар?

2. Тігіс тізбегі қандай қашықтықта болу керек?

ІҮ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен Ат ойыншығын жасаймыз. Ол үшін

1. Суретке қарап отырып, ат кеудесі мен оның ұсақ бөлшектерінің қалып үлгісін дайындаймыз.

2. Бір түсті қалың мата бетіне ат кеудесінің қалып үлгісін түйреп, бормен жан-жағын сызып, сызық бойынша қиямыз. Ал құйрығы, жалы мен қалған ұсақ бөлшектерінің пішінін басқа түсті матадан қиып аламыз.

3. Сонда кеудесіне екі бөлшек, ауыздығына екі бөлшектен төртеу, құйрығына екі бөлшек, жалына екі бөлшек, әшекейлеріне бірнеше бөлшек, тұяғына екі бөлшек, көз айналасындағы жұлдызшаға екі бөлшек мата керек.

4. Алдымен матаның теріс бетінен кеудесінің екі бөлшегін бір-біріне беттестіріп көктеп тігеміз. Ішіне мақта не синтепон толтыру үшін бір жағын тікпей қалдырамыз. Одан кейін тігілмеген жағынан оң бетіне айналдырамыз. Ішін мақта, синтепонмен толтырып, тігілмей қалған бөлігін тігеміз. Енді қосымша бөлшектерін тігеміз. Олар: жалы, құйрығы, көз айналасындағы жұлдызша, ауыздықтары, тұяғы мен әшекейлері. Қосымша бөлшектерін «Құс» панносын тіккендегідей әдіспен орындаймыз.

ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Ү. Бекіту кезеңі

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Панно жасау барысында қандай тігістерді қолдандыңдар ?

ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.






Тақырыбы: Әшекейлі бет орамалдар.

Мақсаты:

Оқушыларды бет орамалдардың түрлерімен таныстыру. Оларды әшекейлеуге үйрету. Оқушының логикалық ойлау қабілетін, қол икемін дамыту.

Әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: әр түрлі әшекейленген бет орамалдар.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бет орамал – тазалықтың кепілі. Ол әрқашан өзіңмен бірге жүруі тиіс. Бет орамалдың көлемі әр түрлі, ол балаларға, ересектерге арналып тігіледі. Өздеріңе ұнамды матадан бет орамал тігіп, өрнектеп алуларыңа болады. Ол үшін бір түсті үш бөлек шаршы мата алып, жиектерінен бір жіпті суырып, орамал шетін түзулеңдер. Суырылған жіп ізімен қиыңдар. Үш орамалды үш түрлі тор көзді, кестелі, мережкалы өрнектермен көркемдеуге дайындаңдар.Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту.

2. Практикалық жұмыс. Орамалды өрнектермен көркемдеу.

3.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бет орамалды әшекейлеудің қандай түрлерін үйрендік ?

Мережкалы кеестені қандай бұйымнан кездестірдің?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.












Тақырыбы: «Күнбағыс панносы.

Мақсаты:

Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: дайын панно.

Оқушыларға керекті құрал-жабдықтар: сары, жасыл, ашық жасыл және қара түсті тоқыма жібі, қатырма қағаз, ПВА желімі, қайшы, қарындаш.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Күнбағыс – ірі жапырақты, сары гүлді, дәні майлы өсімдік. Одан өсімдік майын, шекілдеуік алады. Күнбағысты көз алдымызға елестете отырып, өз бетімізше жасап көрейік.

Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап.

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатырма қағаздың дәл ортасына қарындашпен күнбағыстың суретін саламыз.

2. Күнбағыстың дәнін жасау үшін қатырма қағазға аздап желім жағып, қара түсті тоқыма жібін айналдыра отырып желімдейміз.

3. Тоқыма жіптің сары түсімен күнбағыстың гүл күлтелерін желімдейміз.

4. Күнбағыстың сабағын жасау үшін жасыл түсті үш тоқыма жіпті өріп алып, қатырма қағазға жапсырамыз.

5. Жапырақтарына ашық жасыл түсті тоқыма жібін таңдап, оны да желімдейміз.

Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі

.Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Күнбағыс қай жерлерде өседі?

Одан қандай шикізаттар алынады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.




Тақырыбы: «Гүлденген Қазақстан» композициясы.

Мақсаты:

Оқушыларға гүлдерді бейнелеп панно жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, паннолар. Қажетті құрал-жабдықтар: қатты қағаз, түрлі-түсті мата қиындылары, калька қағазы, ПВА желімі, қайшы, қарындаш,өшіргіш.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлдермен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді. Түрлі-түсті матадан әсем гүлдерді бейнелеп, оларды қатырма қағазға желімдеу арқылы панно жасауға болады.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатты қағазға қарындашпен бірнеше гүлдің суретін салып аламыз.

2. Салынған гүлдердің үлгісін калька қағазына түсіріп, қиямыз.

3. Дайын үлгілерді әр түрлі мата бетіне (гүлдің басын қызыл, күлтелерін көк, сабағы мен жапырақтарын жасыл түсті матаға) орналастырып, оларды қиямыз.

4. Қиып алынған үлгілерді қатты қағаз бетінде бейнеленген гүлдерге бөлшектерін ауыстырып алмай жапсырамыз. Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Гүлден жасаған панно ұнады ма?

Гүлдің қандай түрлерін білесіңдер?

Сен тұратын аймақта қандай гүлдер өседі?

VI. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.







Тақырыбы: «Наурыз мейрамы» аппликациясы.

Мақсаты:

Халықтық мерекелермен және дәстүрлермен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: арнайы суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті мата қиындылары, қатты қағаз, желім, қайшы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Наурыз қазақша «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы бұл мейрамға ерекше дайындалады. Киіз үйлер тігіліп, халық жаңа, таза киімдерін киіп, наурыз көже пісіреді, айтыс, ат жарысын ұйымдастырады.Ұлттық ойындар ойналады. Міне, енді түрлі-түсті матадан осы көріністің аппликациясын орындайық. Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3. Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

Ұзындығы 30 см, ені 20 см қатты қағаздың төменгі бөлігіне жасыл түсті матаны, жоғарғы бөлігіне көкшіл түсті матаны желімдейміз. Жайылып кетпеуі үшін желімді аздап жағамыз. Қатырма қағаздан киіз үйдің қалып үлгісін дайындап аламыз. Ақ түсті мата қиындысының бетіне дайын қалып үлгіні қойып, киіз үйді жасаймыз. Қызыл түсті матадан оюын дайындап, киіз үйге желімдейміз. Киіз үйдің есігін қиып, қайырып қоямыз. Одан кейін дайын киіз үйді жасыл матаның бетіне жапсырамыз. Жылқылар мен ешкілерді ақ, қара, қоңыр матадан қиып алып, желімдейміз.

4.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер?

Наурыз мейрамы аппликациясын неге жасыл түспен алдық?

Наурыз мейрамы қай мезгілде болады?

VI. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Таспадан «раушан гүлін» жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға таспадан раушан гүлін жасау жолдарын үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: таспадан жасалған раушан гүлі.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Раушан гүлін жасауға әр түрлі материалдарды пайдалануға болады. Гүлдің көзге тартымды көрінуі материалға байланысты және оны орындау тәсілі қарапайым болып келеді.

ә) Практикалық жұмыс. Техника қауіпсіздігін сақтау.

Раушан гүлін жасау үшін ұзындығы 60 -70 см, ені 3-4 см жібек таспаны аламыз. Таспаның қыртыстарын үтіктеп, оны бір шетінен екі-үш рет орап шиыршықтаймыз. Шиыршықталған бөлік гүлдің орталық өзегі болады. Оралған таспаның төменгі жиегін қысып ұстап, ине-жіппен бір-екі шалып тігіп бекітеміз. Таспаның қалған бөлігін шиыршықтап, гүлдің күлтелерін жасаймыз. Таспаны ораған сайын төменгі жиегін ине-жіппен тігіп, бекітіп отыру қажет. Ширатылған таспаның жоғарғы жиектерін сыртқа қарай шалқайта бүктегенде, раушан гүлі ашылып келе жатқандай әсер қалдырады. Гүл композициясын толықтыру үшін оның жапырақтарын дайындаймыз. Ұзындығы 8 см, ені 4 см жасыл түсті матадан таспа жасаймыз. Таспаның теріс бетін ішке қаратып қойып, жоғарғы екі жақ шетін бүктейміз. Сонда үшбұрышты пішін пайда болады. Үшбұрыштың төменгі екі ұшын бір-біріне айқастырып, инемен іліп тартамыз. Астыңғы жағы жиырылып, сүйір жапырақ болып шығады. Дайын болған бірнеше жапырақтармен гүлді әсемдейміз. Раушан гүлін кенеп тартылған жақтауға бекітіп, іліп қоямыз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Не үйрендік?

Раушан гүлінің орталық өзегін қалай жасайды?

Раушан гүлінен басқа қандай гүлдерді жасай білесіңдер?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.


Тақырыбы: Айқас тігіс кестесін тігіп үйрену.

Мақсаты: Оқушыларға кесте туралы түсінік беру, кестенің түрлерімен таныстыра отырып, айқас кестесін тігуді үйрету. Есте сақтау қабілеттерін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестеленген әр түрлі бұйымдар.

Қажетті материалдар мен құралдар: селдір мата, мулине жібі, ине.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Айқас тігіс кестесі – орындалуы қарапайым әрі ең көп тараған кесте түрі. Оны селдір матаға түсірген дұрыс. Бұл кестені үйрену үшін тор көз дәптерге сатынған суретті пайдаланамыз. Содан кейін кесте жіптерінің түсін таңдаймыз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1. Бірінші қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырып тігіп шығамыз. Ине ұшын қиғаштап, төмен қарай бағыттап ұстаймыз.

2. Одан кейін оңнан солға қарай кері бағытта қайталаймыз. Ине ұшын төменнен жоғарыға қарай ұстаймыз.

3. Келесі қатардың тігісін жүргізу үшін инені төмен қарай бұрамыз.

4. Кестелеуді осы реттілікпен жалғастырып, өзімізге керекті өлшемге дейін толтырамыз.

5. Соңғы төменгі қатарды толтырған соң, жоғарғы тігісті оңнан солға қарай айқастырып орындаймыз.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Кесте тігу ұнады ма?

Кестелеуге қажетті жіптің түстерін қалай таңдаймыз?

Кестелеуге неліктен селдір мата пайдаланамыз?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.







Тақырыбы: Жеміс-жидектер композициясы.

Мақсаты:

Оқушыларға жеміс-жидек композициясын жасауды үйрету.Ой-өрісін кеңейту.қиялдай білуге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: әртүрлі жемістерден жасалған композиция.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен матадан жеміс-жидек композициясын жасап үйренеміз. Ол үшін қажетті материалдар мен құралдар: қызыл, жасыл түсті мата қиындысы, мақта, ине, жіп, қайшы дайындап алайық.

Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3. Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1. Алманың қалып үлгісі түсірілген қатты қағазды қызыл мата бетіне орналастырып,бірдей төрт бөлшек қиып аламыз.

2. Бөлшектерді бір-біріне ағылшын түйреуіштерімен жалғап, беттестірілген бөлшектерді матаның оң бетінен қиғаш тігіспен тігеміз.Тек алманың сабағы мен жапырағын тігуге және ішіне мақта толтыру үшін матаның кішкене бөлігін тікпей қалдырамыз.

3.Алманың ішін мақтамен толтырып, тігілмей қалған бөлігін қиғаш тігіспен тігеміз. Жасыл түсті матадан жапырағы мен сабағын дайындап, алманың жоғарғы бөлігіне бекітеміз. Техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру.

Матадан алмұрт пен банан жасап, композицияны толықтыр.







Тақырыбы:Қызғалдақ гүлін жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға тауық жұмыртқасы қабығынан қызғалдақ гүлін жасату. Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: қызғалдақ композициясы.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, жұмыртқа қабығы, ПВА желімі, кескіш, акварель бояуы, қылқалам, қарындаш.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен Қызғалдақ композициясын жасап үйренеміз. Қызғалдақ гүлін 8 наурыз мерекесінде аналарға, ұстаздарға немесе сыныптас қыздарға сыйлық ретінде ұсынуға болады. Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1. Екі-үш жұмыртқа қабығын жуып, кептіреміз.

2. Кептірілген жұмыртқаның қабықтарын қызыл,сарғыш, жасыл, көк түстерге бояймыз.

3.Бояуы кепкен соң жұмыртқаны кескішпен ұсақтаймыз.

4. Қатты қағаз бетіне әсем гүлдердің бірі – қызғалдақ гүлін бейнелейміз.

5. Қатты қағаздағы гүлдің сабағына, жапырақтарына жасыл түске, ал күлтелеріне қызыл,сарғыш түстерге боялған жұмыртқа қабықтарын желімдейміз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Қызғалдақ гүлі қай мезгілде гүлдейді?

Қызғалдақ гүлін жасағанда қандай әдістерді қолдандың?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.








Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Сабаннан жасалған панно.

Мақсаты:

Оқушыларға табиғи материалдар туралы түсінік беру, олардан жасалатын бұйымдар, оларды кептіру жолдарын ұғындыру, сабаннан панно жасауды үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту.Әдемілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: әр түрлі кепкен өсімдіктерден жасалған паннолар.

Қажетті материалдар мен құралдар: кептірілген сабан.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.Қандай да бір бұйым жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет.Ол үшін қолданатын материалды тазалап, кептіріп алады. Кептіру жолдары әр түрлі. Мысалы «икебана» жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап, іліп қояды.Сабаннан бұйым құрастыру үшін оның ұзындығын бірдей етіп кесіп алып, панно жасауға болады.Сондай-ақ әр түрлі дән, жаңғақ, бүрлермен жануарларды, құстарды, көбелектерді,т.б.бейнелеп, ерекше композиция құрастыра аламыз. Бүгін сендермен сабаннан панно жасап үйренеміз.

Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

«Табиғат көрінісі» панносын қағаз бетіне саламыз.Сурет үстіне калька қағазын қойып, суретті айналдыра сызып көшірмесін калька бетіне түсіреміз. Дайын болған сабанның ішкі бетіне ПВА желімін жағып, калька бетіндегі сурет бейнесіне қатарлап жапсырамыз.Суретті сабанмен толық желімдеп шығамыз. Суретті сабанмен толық жапсырмалап болған соң, желімді кептіреміз. Кепкеннен кейін сурет бейнесін калька қағазының екінші бетінде көрініп тұрған сызықтары бойынша қиып аламыз. Қиып алынған бейнені панно негізіне калька қағазы жағына желім жағып, екінші рет желімдеу технологиясын орындаймыз. Нәтижесінде «Табиғат көрінісі» панносы дайын болады.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Панно сендерге ұнады ма? Неліктен сабанды табиғи материал түріне жатқызамыз?

Тақырыбы:

Өздік жұмыс. Емен жаңғағы, жапырағы және бұтағынан құрамақ жасау.

Мақсаты: Оқушыларға емен ағашы туралы, оның қасиеті туралы түсінік беру. Оқушының ойлау қабілетін дамыту. Өз бетінше жұмыс істеуге баулу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: емен ағашының суреті, жаңғағы, жапырағы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Емен ағашы 1000 жылдай өсіп тұрады.Осы мерзімде еменнің діңінің жуандығы екі метрден асады.Еменнің өсу мерзімі ұлғайған сайын, одан алынатын табиғи материалдың сапасы да арта түседі. Емен – тығыз, салмақты және қатты ағаш. Еменді құрал-сайман және жоғары сапалы жиһаздар мен құрылыс материалын жасау үшін кеңінен пайдаланады. Емен ағашы табиғи материалға бай ағаштар тобына жатады. Сергіту сәті


IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей,тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Өздік жұмыс.

1.Емен жапырағын, жаңғағын жинап, тазала.

2.Олардан өз бетіңше құрамақ құрастыр.

3.Жасаған құрамағыңа атау беріп,сыныптастарыңның жұмысымен салыстыр.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Емен ағашы қандай табиғи қасиетімен ерекшеленеді?

Табиғи материалдардың қандай түрлерімен жұмыс істегенді ұнатасың?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.












Тақырыбы:Табиғи материалдан саты жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға ағаш кесіндісінен саты жасауды үйрету. Қол икемін дамыту.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер

Қажетті материалдар мен құралдар: ағаш кесінділері, ширатылған жібек жіп немесе мықты арқа

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Күнделікті тұрмыста темірден дәнекерлеп, ағашты қиюластырып жасаған сатылар жиі кездеседі. Демалыс орындарында, саябақта, балалардың ойын алаңдарында табиғи материалдан жасалған саты, әткеншектердің қарапайым тәсілмен, яғни шағын ағаш кесіндісі және мықты жіптің көмегімен бекітілген түрлерін кездестіреміз. Қазір сендермен шағын ағаш кесіндісінен саты жасап үйренеміз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

Арқанмен байлау үшін саты баспалдақтарының екі ұшына кертіктер салынады.Ол арқанның байланған жерінен шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Мұндай қарапайым сатыны жасау үшін ағаш кесіндісі мен ширатылған жібек жіп немесе мықты арқан қажет. Екі ұшы кертілген ағаш кесіндісін қазықбау шалып байлайды. Сөйтіп керегіне қарай сатының баспалдақ ағаштарын бір-біріне байлап жалғастырып, сатыны ұзартады.


V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Аспалы сатыны қандай жерлерде қолданады?

Саты баспалдақтарын қалай бекіттің?

Саты жасауға төрт қырлы ағаш кесіндісін пайдалануға бола ма?


VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.






Тақырыбы: Гүл шоғын құрастыру.

Мақсаты:

Оқушыларға гүл шоғын құрастыруды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту.Әдемілікке,эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Көрнекілігі: икебана

Қажетті материалдар мен құралдар: қыш ыдыс, кептірілген гүл шоқтары.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Өсімдік түрлерінен құрастырған гүл шоғы өнерін «икебана» деп атайды. Бұл өнер түрі Жапонияда пайда болған. Икебананы кепкен жапырақтан, шөптен, тал бұтағынан, гүл күлтелерінен құрастырады. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2. Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Гүл шоғын жасау. Олардың әсем жасалуына көңіл бөлу, қадағалау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Икебана дегеніміз не?

Құрғақ құмда гүлді қалай сақтаймыз?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.









Тақырыбы:Аққала жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға «Аққала» жасауды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: шиден жасалған мүсіндер.

Қажетті материалдар мен құралдар: барқыт мата, қатты қағаз, ши немесе пенопласт (ұсақталған), ПВА желімі, бор, үтік, кеңсе пышағы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Аққала – қыста балалардың қардан мүсін жасап ойнайтын ойыны. Аққаланы мектептің, үйдің ауласында жасауға болады. Бүгін сендермен аққаланы шиден жасап көрейік. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Шиді аққала жасауға жететіндей етіп дайындап алып, тазалаймыз да, суда жібітеміз.

2. Судан алып, оларды кеңсе пышағымен бойлай жарамыз.

3. Жарылған шилерді астына және бетіне қағаз төсеп, үтіктейміз. Одан кейін шилерді ұсақтап бөлеміз.

4. Барқыт матасын қатты қағазға желімдеп аламыз. Содан соң бормен аққаланың мүсінін бейнелейміз.

5. Аққалаға ұсақталған шилерді, ал сыпыртқысының сабы мен басына ұзын жіңішке шилерді желімдейміз.

6.Аққаланың айналасындағы қар ұлпаларын да шимен жапсырмалаймыз.

7. Ұсақ шимен аққаланы тұтас толтырып шығамыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Ши қайда өседі?

Шиден кілем тоқуға бола ма?

Шиден тағы қандай мүсіндер жасауға болады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.





Тақырыбы: «Қайырлы таң» панносы.

Мақсаты:

Оқушыларға «Қайырлы таң» панносын жасауды үйрету. Ой-өрісін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: үй құстарынан жасалған панно.

Қажетті материалдар мен құралдар: сұлы немесе арпа масағы, қатты қағаз, желім, гүл жапырағы, қайшы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен «Қайырлы таң» панносын жасаймыз.

Қандай үй құстарын білесіңдер?

Әркім өзіне ұнаған құсты таңдап панно жасайық Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Қатты қағаздың бетіне әтешті бейнелейміз.

2.Салынған әтеш суретіне ұқыппен желім жағамыз. Желім суреттің жан-жағына шығып кетпеуі тиіс. Сұлы не арпа масақтарын әтештің бас бөлігінен бастап жапсырамыз. Айдары мен сағақ салпыншағына қызыл раушан гүлінің күлтесін, көзіне шекілдеуік немесе шие сүйегін, ал тұмсығы мен аяғына кез келген ағаш жапырағын желімдеуге болады.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Панно неліктен «Қайырлы таң» деп аталған?

Масақты қай мезгілде жинайды?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы: Шиден композиция құрастыру.

Мақсаты:

Оқушыларға шиден гүл композициясын құрастыруды үйрету.Танымдық қабілеттерін арттыру, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: шиден жасалған гүл композициясы.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, ши, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Ши тоқу ерте заманнан бері халқымыздың қолөнерінің бір түрі болып келеді. Шиді жаңбырдан кейін, кешке немесе таңертең шық кеппей тұрғанда жинаған жөн. Мұндай кезде шидің түбі жібіп, суырылғыш келеді. Шидің бәрі тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабағын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді. Тоқылған ши сыртқы түріне қарай: ақ ши, орама ши, шым ши болып 3 топқа бөлінеді. Ал біз шиді пайдалана отырып, гүл композициясын орындаймыз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Қатты қағазға гүл композициясын қарындашпен орындаймыз.

2.Шиден гүлдің сабағын,жапырағын, күлтесін дайындап аламыз.

3.Жұмысты гүлдің сабағын желімдеуден бастаймыз. Ол үшін шиге аз ғана желім жағып, ұқыппен жапсырамыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Шиді қай мезгілде жинайды?

Тоқылған шилер сыртқы түріне қарай қандай топтарға бөлінеді?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Тақырыбы:Сүт қорабынан қалам салғыш жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға қатырма қағаздан қалам-қарындаш салатын қорап жасату.Ой-өрісін дамыту.Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: сүт қораптары, қайшы, желім.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бірнеше сүт қорабын жуып, тазалап, кептіреді.Үш қораптың ұзындығын әр түрлі етіп түзулеп қияды. Ал қалған үш қорап қысқа етіп, қиғаш кесіледі. Қораптардың сыртын түрлі-түсті қағазбен, жылтыр фольгамен қаптаса ерекше әсем көрінеді. Оларды желімдеп біріктіреді. Сонда қалам салғыш құламайды, ішіндегі заттары да шашылмайды. Биік қораптарға қалам, қарындаш, қайшы, сызғыш сияқты құралдарды салып қоюға болады.Ал аласа қораптар қыстырғыш, өшіргіш және басқа ұсақ-түйек заттар салуға қолайлы.Мұндай қораптың сабақ дайындайтын үстел үстінде тұрғаны дұрыс. Өйткені өздеріңе қажетті құралдардың барлығын бір жерден табасыңдар. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Оқушылардың еңбегін қадағалау.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Сүт қорабынан тағы қандай заттар жасауға болады?

Жасаған затың ұнады ма?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.




Тақырыбы: «Лего» құрастыру.

Мақсаты:

Оқушыларды легоқұрастырғыштармен жұмыс істеуге үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту.Шыдамдылыққа, ептілікке баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: легоқұрастырғыш.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Легоқұрастырғыш бөлшектерінен неше түрлі ойыншықтар құрастырылады. Оқулықтарыңдағы суретте көрсетілгендей, екі қабатты әсем үйден бастап, оның ішіндегі ұсақ-түйек үй жиһаздарын құрастыра аласыңдар. Құрастыру кезінде бөлшектер ең алдымен бір-бірімен тығыз орналасуы керек. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Легоқұрастырғыш бөлшектерінен неше түрлі ойыншықтар құрастыру.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Легоқұрастырғыш бөлшектерінен тағы қандай модельдер жасай аласың?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.







Тақырыбы:Салфетка қоятын тұғыр жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға салфетка қоятын тұғыр жасауды үйрету. Ой-өрісін, қол икемін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер Қажетті материалдар мен құралдар: жұқа тақтай, қарындаш, сызғыш, желім.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

а) мұғалімнің түсіндірмесі:

Бүгін сендермен салфетка қоятын тұғыр жасаймыз.Ол үшін өлшемі 10 см х 7 см болатын тақтайды дайындаймыз (2 бөлшек) Одан кейін тұғыр қабырғаларын бекітетін табанына өлшемі 8 см х 8 см тақтай керек.(1 бөлшек).Тұғыр табанына бекітетін қабырғалардың орнын белгілейміз.Алдымен бірінші, одан кейін екінші қабырғаны табанына желімдейміз. Салфетка қоюға арналған дайын тұғырды өз бетімізше сәндеп, пайдалана беруге болады. Сергіті сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2. Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Оқушы еңбегінің орындалуын қадағалау.

V.Бекіту кезеңі.

Салфетка қоюға арналған тұғырды тағы қандай материалдан жасауға болады?

Олардың қандай түрлерін білесің?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Ағаш кесінділерінен құрастырамыз.

Мақсаты:

ағаш кесінділерінен әр түрлі заттар (ыдыс қойғыш түрлері, машина, тікұшақ) жасауға үйрету; Ой-өрісін, қол икемін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі:аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: ағаштан жасалған заттар.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен ағаш кесінділерінен әр түрлі заттар жасаймыз. Ыдыс қойғыш түрлері, машина, тікұшақ т.б.Ол үшін ағаш кесінділері мен желімді пайдаланамыз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықтағы суреттермен жұмыс.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

4.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Ағаш кесінділерінен тағы қандай заттар жасауға болады?

Қалай ойлайсыңдар, суреттегі бұйымдар қандай тәсілмен құрастырылған?

Желіммен бекітілген бе, әлде шегемен қағылған ба?

VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Тақырыбы: Электр тоғы туралы түсінік. Электр тізбегінің шартты белгілері.

Мақсаты: Оқушыларға электр тогы, электр тізбегінің шартты белгілері туралы түсінік беру. Оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Токпен жұмыс істегенде абай болуға, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: гальвандық элемент (батарея)

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Электр энергиясы тұрмыста және өндірісте кеңінен қолданылады. Онымен үйге жарық береді, зауыт-фабрикалардағы қондырғылар жұмыс істеп, өнім шығарады. Темір жолдағы электровоздар вагондарды тартады. Көшедегі бағдаршамдар көліктердің жүрісін реттейді. Күнделікті тұрмыста қолданылатын техникаларды іске қосу үшін ток көзі болу керек. Мұндай ток көзі ретінде гальвандық элемент (батарея), аккумулятор немесе генератор пайдаланылады. Ток көзі мен электр тұтынушылардың өзара байланысуынан электр тізбегі пайда болады. Электр тізбектері схема түрінде шартты белгілермен көрсетіледі.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту

2.Сұрақ-жауап

а) Батареялар қайда пайдаланылады?

Электр энергиясының тұрмыста алатын орны қандай?

Үйіңде токпен жұмыс істейтін қандай техника түрлері бар?

Шартты белгілер не үшін қажет?

Ток қосқышты розеткадан не себепті корпусынан ұстап суыру керек?

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Кез келген техника түрін ток көзіне қосып, ажыратқан кезде қауіпсіздік ережесін есте сақтаңдар.

Шартты белгілер мен олардың нақты бейнесін есте сақтаңдар. VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.






Тақырыбы: Электр тізбегін құрастыру. Электр тізбегін құрастыруға қажетті сымтемір түрлері.

Мақсаты:

Оқушыларға электр тізбегін құрастыру, оған қажетті сымтемір түрлері туралы түсінік беру. Логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ток көзін пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтауға баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі:гальвандық элемент, электр сымы, шам, ажыратқыш, өткізгіш сымдар.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Электр тізбектері қарапайым және күрделі болып келеді. Қарапайым электр тізбектері күнделікті тұрмыста ток көзімен жұмыс істеуге, ал күрделілері өнеркәсіптерде, зауыт-фабрикаларда пайдаланылады. Электр тізбегін құрастыру үшін электр схемасын дайындап алу керек. Электр энергиясын ток көзінен тұтынушыға жеткізу үшін өткізгіш сымдар қажет. Оларды зауыттарда алюминий немесе мыстан дайындап шығарады. Сымный бірнеше түрі бар. Сырты қапталмаған сымдар, сырты әр түрлі материалмен қапталған сымдар, және ток өткізбейтін оқшаулауыштан жасалған сымдар. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2. Сұрақ-жауап

Сымды қандай металдардан жасайды?

Сымның қандай түрлері бар?

Сымды неліктен қаптайды?

Суреттегі электр сымдарының бір-бірінен айырмашылығы неде?

3. Суретпен жұмыс.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Суреттегі қарапайым электр тізбегі қандай элементтерден тұрады?

Оның құрылысын түсініп ал.

Тұрмыстық техникаларды ток көзіне дымқыл қолмен қосып, өшіруге болмайды.

Сым түрлерін есіңе сақта.

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Электр тогымен жұмыс істеу құралдары.

Мақсаты:

Оқушыларға электр тогымен жұмыс істеу құралдары туралы түсінік бере отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі:электр тогымен жұмыс істеу құралдары.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Электр тогымен жұмыс істеу құралдары әр түрлі. Олардың бірімен сымды қиып, түзетсе, енді бірімен бұрап, иеді.

1.Сызғышпен сымның ұзындығын өлшейді.

2.Кеңсе пышағы. Қапталған сымды кесіп, тазалау үшін қажет. Мұндай пышақ ашып-жабуға ыңғайлы. Жұмыс кезінде пышақтың жүзін ашып, жұмыс біткен соң сабына қарай жауып қояды.

3.Тістеуік. Сымды түзетуге, июге арналған құрал. Мұндай тістеуіктер болаттан жасалады.

4.Үшкір тұмсықты тістеуік. Бұл құралмен сымды дөңгелектеп иіп, шеңбер, өрнек жасауға болады.

5.Тістеуік. Бұл құралды диаметрі 3 мм-ге дейін жететін болат, мыс және алюминий сымдарды қиғанда қолданады.

6.Тістеуік (әмбебап).Сымды түзетеді, иеді, қияды, бұрайды (тісімен, екі жақ иығындағы ойықшамен)

7.Бұрауыш. Бұрандалар мен бұрама шегелерді бұрап бекітетін және шығаратын құрал.

8.Оқшаулағыш таспа. Бір-біріне жалғанған сымды орайды. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

а) Токпен жұмыс істеу құралдарын ата. Олардың атқаратын қызметтері қандай?

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау.Бүгінгі сабақтан не ұқтық? Мына ережені есте сақтаңдар. Құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстап, арнаулы қораптарда сақта. Пышақтың жүзін өзіңнен ілгері қарата ұста. Жұмыс орнында құралдардың сабын өзіңе қаратып қой. Құралды екінші кісіге ұсынғанда оның сап жағымен бер. Бұрандалы тетікті бұрауышпен бұрау кезінде ол тетіктен тайып кетпейтіндей етіп түзу ұста.

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Тақырыбы: Тақтайшадан ыдыс қойғыш жасау.

Мақсаты:

Ағаш материалынан әр түрлі ыдыс қойғыш жасау. Ой-өрісін дамыту.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру

Көрнекілігі:ағаштан жасалған ыдыс қойғыштар.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Ыдыс қойғыш – ас үй жабдықтарының бірі. Ыдыс қойғыш жасау үшін қалыңдығы 1-1,5 см тақтайша, бөтелкенің металл тығындары, майда шеге мен балға қажет. Ыдыс қойғышты төртбұрыштап, үшбұрыштап, көпбұрыштап жасай береді. Металл қалпақшаларды тақтайша бетіне әр түрлі тәсілмен орналастырады. Алдын ала тазалап, өңделген тақтайшаны бір пішінге келтіріп, бояп, лак жағып дайындап алады. Тақтайшаның шеге қағатын орнына қарындашпен белгі салып, белгі салынған жерге металл қалпақшаны қағып қояды. Қалпақшаның арақашықтықтарын бірдей етіп жиірек қағып бекітсе, ыдыс қозғалмай, орнықты тұратын болады. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Еңбек қауіпсіздік ережесін сақта.

Бояу және лак жаққанда қылқаламды ұқыпты ұста, оны арнаулы қалам қойғышқа қоятын бол. Жұмыс орнына қағаз немесе газет төсе. Шегені қағарда саусақтарыңды абайла. Балға сабын мықтап ұста. Балға мықты сапталған болсын. Шегені, балғаны ойын құралына айналдырма. Құралдарды арнаулы орынға қой.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Тақтайшаның бетіне қалпақшаларды қалай орналастырдың?

Ыдыс қойғышты тағы қандай пішінде жасауға болады?

Тақтайшаға бояу жақпауға бола ма?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Тақырыбы:Сымтемір туралы түсінік. Сымтемірлерді түзету.

Мақсаты:

Оқушыларға сымтемір туралы түсінік беру. Олардың тұрмыстағы пайдасы, оларды түзетудің тәсілдерін үйрету. Ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: сымтемірлер.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сымтемір – диаметрі 10мм-ге жетпейтін металдан жасалған ұзын жіңішке материал. Зауытта сымтемірді балқытылған металды арнайы қондырғымен жіңішкерте созу арқылы дайындайды. Зауытта сымды темір, болат, мыс, алюминийден жасайды. Олардың жуандықтары әр алуан болады. Болат сымнан шеге, бұранда, бұрамашеге және тұрмысқа қажетті заттар жасаса, алюминий, мыстан дайындалған сымдар жұмсақ, пайдалануға ыңғайлы болғандықтан радио, телефон-телеграф байланысы мен жарық беру үшін қолданылады. Сымтемірлерді жуан-жіңішкелігіне қарай әр түрлі жолмен түзетеді. Оларды түзетудің қарапайым және күрделі тәсілі бар. Қарапайым тәсілмен жіңішке сымтемірді әр түрлі құралдардың көмегімен түзетеді.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Жіңішке жұмыр материалды пайдалану арқылы түзету.

2.Ағаш материалы бетіне бір сызық бойына қағылған шегелер арасынан өткізіп түзету.

3.Есіктің тұтқасына ысқылап түзету.

4.Шеберханадағы іскенжеге жұмыр материалды қысып қойып, ысқылау арқылы немесе екі жалпақ материал арасынан тартып өткізіп түзетеді. Ал мыс және алюминий сымтемірлерді ағаш балғамен де түзетуге болады.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау. Сымтемірді қандай материалдан жасайды? Алюминий және мыстан жасалған сымтемірлер қандай мақсатта пайдаланылады? Сымтемірді түзетудің қандай тәсілдерін білесің? Олардың ішіндегі ең жеңілі қайсы деп ойлайсың? Жуандау сымтемірді қарапайым тәсілмен түзетуге бола ма?

VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Геометриялық фигураларды сымтемірмен тізбектеу.

Мақсаты:

Геометриялық фигураларды сымтемірмен тізбектеу арқылы шаршы тізбек құрастыру.Ой-өрісін,қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: Өзара тізбектелген геометриялық фигуралар.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаз, сызғыш, қайшы, қарындаш, біз.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

1.Көлемі 4смх4см болатын шаршы пішіндерді қатырма қағаздан дайындап аламыз.

2.Шаршы пішінді дайындаманың бұрыштарынан шынжыр өткізетін тесіктер жасаймыз. Оны біздің көмегімен тесеміз.

3.Шаршыларды тізбектейтін шынжыр дайындаймыз. Шынжырды жұмыр ағашқа оралған жіңішке мыс сымтемірден дайындаған дұрыс. Ұзындығы 6 см болатын сымтемірді бірдей үш бөлікке бөліп, оларды бір-біріне жалғау арқылы шынжыр жасап, шаршыларды тізбектеуге пайдаланамыз.4.Өзара тізбектелген геометриялық фигуралар. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Еңбек қауіпсіздігін сақтау.

Ү.Бекіту.

Қорытындылау.

Тізбектелген геометриялық фигураларды көркемдеуге бола ма?

Шаршы тізбек құрастыруда симметриялықты сақтау қажет пе?

Жасаған геометриялық шаршы тізбекті көркемдеп, әшекейле. Үшбұрышты тізбек құрастыр.

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Тақырыбы: Киіз үй. Сымтемірден киіз үй құрастыру.

Мақсаты:

Оқушыларға сымтемірден киіз үй құрастыруды үйрету.Ой-өрісін,қол икемін дамыту.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: киіз үй макеті.

Қажетті материалдар мен құралдар: сызғыш, қарындаш, тістеуік, жуандығы 2-3 мм болатын сымтемірлер.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.


II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Киіз үйдің шаңырағын жасау үшін жуандығы 2-3 мм,ұзындығы 50 мм сымтемірді шеңбер пішініне келтіріп, майыстырамыз. Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша шаңырақтың күлдіреуіштерін жасаймыз. Ол үшін қалыңдығы 2 мм болатын алты сымтемірді шеңберге дөңестеу етіп бекітеміз. Күлдіреуіштердің бір-бірінен арақашықтығы 5 мм болуы тиіс. Киіз үйдің керегесін жасау үшін сымтемірден диаметрі 100 мм болатын екі шеңбер құрастырамыз. Дайын болған кереге бөліктерін бір-біріне биіктігі 40 мм сымтемірмен бекітіп, құрастырамыз. Одан кейін киіз үй есігінің орнын белгілейміз. Ол үшін екі сымтемірді бір-бірінен 20 мм арақашықтықта бекітеміз. Одан кейін керегелерді байлаймыз. Олардың бір-бірінен арақашықтығы 5-7 мм шамасында болуы керек. Керегелердің табанымен арасындағы бұрыш 45 градусқа тең. Енді киіз үйдің уықтарын бекітеміз. Шаңырақ пен керегенің аралығы 40 мм болуы керек. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?

Киіз үйді тағы қандай материалдан құрастыруға болады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

Тақырыбы:Киіз үйдің жарма есігі. Жарма есікті құрастыру.

Мақсаты:

Оқушыларға киіз үйдің жарма есігі (сықырлауығы) туралы түсінік бере отырып, есікті құрастыруды үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: киіз үй макеті.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаздар,желім.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

1.Киіз үйдің жарма есігіне өлшемі 55 мм х 170 мм қатырма қағаз дайында. 2. Есік жақтауларын (4дана) қатырма қағаздан таспа түрінде дайында.а) өлшемі 10 мм х 170 мм (2бөлшек) ә) өлшемі 10 мм х 178 мм (2 бөлшек). 3.Есік жақтауларын біріктіретін бақалақ өлшемі 10 мм х 40 мм(8 бөлшек). 4.Жарма есіктің жоғарғы көзіне жапсыратын шағын шаршының өлшемі 30 мм х 30 мм (2бөлшек). 5.Төменгі көзіне жапсыратын 30 мм х 40 мм өлшемдегі тіктөртбұрышты қатырма қағаз (2 бөлшек). 6.Есіктің орта көзіне орналастыратын бедерлі бақалақтың ұзындығы 30мм (8бөлшек). Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Өлшемі 55 мм х 170 мм қатырма қағаздың бетіне есіктің жақтауын жапсырамыз.

2. Есіктің жоғарғы бөлігіне бірінші бақалақты жапсырамыз.

3.Шағын шаршыны жапсырамыз. 4.Екінші бақалақты жапсырамыз.

5.Бедерлі бақалақтарды жапсырамыз. 6.Үшінші бақалақты жапсырамыз.

7.Есіктің үлкен шаршы бөлігін жапсырамыз.

8.Есіктің ең төменгі төртінші бақалағын жапсырамыз.

9.Есіктің 178 мм-лік ұзын жақтауын жапсырмалаймыз. Есіктің екінші бөлігін құрастыруды есіктің ұзын жақтауынан бастаймыз. Ол 1а деп белгіленеді. Есікті толық жапсырмалау бірінші бөлікті орындаған реттілік бойынша жалғасады. Есік пішінін толық құрастырып болған соң есіктің екі жағына үш-үштен құлақшаларды жапсырамыз. Ол құлақшалар есікті керегеге бекіту қызметін атқарады.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау.Киіз үй есігі неліктен сықырлауық атанады?Есікке қандай өрнектер салуға болады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.


Тақырыбы: Ұлттық киімдер. Тымақ тігу.

Мақсаты:

Қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстыру. Ерлерге арналған бас киім үлгісінің бір түрі – тымақ тігуді үйрету. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: ұлттық киімдер.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, бір түсті мата, жасанды тері, қайшы, ине, жіп, сызғыш, қарындаш, бор.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Халқымыздың ұлттық киім түрлері өте көп. Олар өзінің көз тартарлық әсемдігімен, ою-өрнегімен,сәнділігімен осы күнге дейін жоғары бағаланып, қадір-қасиетін жоймай келеді. Ер адамдар мен әйелдердің бас киімдері сәнділігімен ерекшеленеді. Ерлерге арналған бас киім үлгісінің бір түрі – тымақ. Тымақты суық күндерде киетіндіктен, оны құндыз, суыр, түлкі, қасқыр және қозы, құлын, лақ елтірісінен тігеді. Тымақтың басқа ерлер бас киімінен ерекшелігі – ол төбе, маңдай, екі құлағы және артқы етегінен тұрады.Тымақтың төбесі үшкіл, төрт немесе алты бұраш болып келеді. Тымақтың іші терімен, сырты дүрия, пүліш, барқытпен тысталады. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Тымақтың негізгі бөлігінің төбесіне биіктігі 15см, ені 9см өлшемде қатырма қағаздан қалып үлгі дайындап алып, оны матаның бетіне түйреп, айналасын бормен сызып, төрт мата бөлігін қиып аламыз.

2. Тымақтың маңдайын жасау үшін биіктігі 4см, ені 9см болатын қалып үлгіні пайдаланып, матадан бір бөлік қиып аламыз.

3. Тымақтың құлағы мен артқы етегін пішу үшін ұзындығы 27см, биіктігі 8см, етегі доғалдау келген қалып үлгіні мата бетіне қоямыз да, бормен жан-жағын сызып, қиямыз.

4.Дайын болған тымақ төбесінің бөліктерін теріс бетінен бір-біріне біріктіріп, көктеп тігеміз.

5.Тымақтың етегі мен маңдайын төбесіне жалғап тігеміз. Жасанды теріден маңдайын әшекейлеп, көркемдеуге болады. Ал бауын таспадан дайындап, екі жақ құлағына тігеміз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

Қазақ халқының ұлттық киімдері несімен ерекшеленеді?

Тымақ қандай бөліктерден тұрады?

Тымақ тігу үшін қандай аң немесе мал терісі пайдаланылады?

Тымақтың сырты қандай матамен тысталады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.







































Тақырыбы:Сәукеле тігу.

Мақсаты: Қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі сәукеле тігуді үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Әдемілікке,эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: сәукеле.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз,қызыл түсті барқыт мата,ақ түсті тоқыма жіп,мақта,желім,қайшы,ине-жіп,сызғыш,қарындаш,бор.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сәукеле алтын, күміс, меруерт, маржанмен әшекейленіп, зер, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Ертеде бір сәукеленің бағасы жүз жылқыға барабар болған. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Биіктігін 20 см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып, желімдейміз.Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.

2.Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін қызыл түсті мата бетіне орналастырамыз. Жиегінен тігіске 1см-дей қалдырып,бормен сызамыз. Сызық бойынша матаны қиып аламыз.

3.Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.

4.Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3см мақта желімдейміз.

5.Ақ түсті тоқыма жіптен шашақ жасап,үкісі ретінде сәукеленің төбесіне қадаймыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау

.Сәукелені кімдер киеді?

Тағы қандай ұлттық бас киім түрлерін білесіңдер?

Сәукелені қалай өрнектеп,әшекейлейді?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.



Тақырыбы:Киізден қуыршақ жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға киізден қуыршақ жасауды үйрету. Ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: қуыршақтар.

Қажетті материалдар мен құралдар: киіз, таспа, мулине жібі, зер жіп, ПВА желімі, ине, жіп, қайшы, қатты қағаз.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Киіз – малдың жүнінен тығыз етіп басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Киізден сырт киім, байпақ, қоржын мен дорба тігеді. Сондай-ақ киізден өзге де тұрмыс тіршілікке қажетті бұйымдарды дайындауға болады. Ал біз киізден қуыршақ жасап үйренейік. Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша қатырма қағаздан қуыршақтың кеудесі, бас киімі, жеңі және бетінің қалып үлгісін дайындап аламыз. Киіз бетіне қалып үлгілерді қойып, белгі саламыз. Жиегінен тігіске 0,7см қалдырып, қуыршақ бөліктерін қиып аламыз.

2. Қуыршақтың кеудесін жасайтын бөлікті конус тәрізді пішінге келтіріп бүктеп, теріс бетінен тігеміз.

3.Екі жеңін де конус тәрізді пішінге келтіріп тігіп, кеудесінің екі жақ шетіне жалғап, біріктіреміз.

4.Қуыршақ бетін жасауға арналған бөлікке қарындашпен көз, қас, мұрыны мен ернінің орындарын белгілеп алып, қасы мен көзін, мұрнын қара жіппен, ал ернін қызыл жіппен тігеміз.

5.Бас киіміне маңдай бөлігін жалғап тігіп, оны түрлі ұсақ моншақтармен әшекейлеп, дайындап қоямыз.

6.Қуыршақтың кеуде бөлігіне, жеңіне сәнді таспаны айналдыра жапсырамыз.

7.Ал бұрымын жасау үшін мулине жібін өреміз. Оны қуыршақтың басына бекітіп, бас киімін кигіземіз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Киізден тағы қандай бұйым жасауға болады? Қуыршақ жасауда қандай қол тігістерін қолдандың?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.


Тақырыбы: Ыдыс-аяқтар. Қағаздан ыдыс-аяқ жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға ыдыс-аяқ туралы түсінік бере отырып, қағаздан ыдыс-аяқ жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, қағаздан жасалған ыдыс.

Қажетті материалдар мен құралдар: 50 мл су, 2 ас қасық ұн, қағаз немесе газет, өзіңе ұнаған кез келген ыдыс, қайшы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Ыдыстардың металдан, қыштан, шыны, пластмассадан жасалған түрлері бар. Металл ыдыстар шойыннан, алюминийден, жезден, т.б. жасалынады. Алюминий ыдыстар ыстыққа өте төзімді әрі онда пісірілген тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмайды. Темір ыдыстар, жезден жасалған ыдыстар, шойын ыдыстар, фарфор ыдыстар, шыны ыдыстар, пластмасса ыдыстар болады. Папье-маше – қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалған қатты нығыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағынаны білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Папье-машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады. Ал біз ыдыс жасаймыз.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз.

2.50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз.

3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып, ыдысқа қажет газет қиындылары жабысып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.

4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз.

5.Осылайша 4-5 рет қабаттап, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.

6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз.

7.Дайын кесеге ою-өрнекті түсті қағаздан қиып алып желімдейміз, немесе акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып безендіреміз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Металл ыдыстың қандай түрлерін білесің?

Тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмас үшін қандай ыдыстарды пайдаланған дұрыс?

Папье-машеден тағы қандай бұйымдар жасалынады?

Ыдыстарды қалай безендіруге болады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.







































Тақырыбы: Кәмпит салатын ыдыс жасау.

Мақсаты: Сусыннан босаған пластмасса бөтелкеден кәмпит салатын ыдыс жасауды үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту.Үнемшілдікке баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: пластмасса ыдыстан жасалған әр түрлі ыдыстар.

Қажетті материалдар мен құралдар: пластмасса бөтелке, кеңсе пышағы, ермексаз.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сусыннан босаған пластмасса бөтелке мен ермексазды пайдаланып, қарапайым тәсілмен кәмпит салатын ыдыс жасап көрейік. Ол үшін бөтелкенің бас жағы мен түп жағын қайшымен қиып немесе кеңсе пышағымен абайлап кесеміз. Содан кейін бөтелкенің түбін кеңсе пышағымен оямыз. Ойық арқылы бөтелкенің мойнын кіргізіп, оның жан-жағын ермексазбен жапсырып, бекітеміз. Дайын ыдысты әр түрлі тәсілмен безендіруге болады. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс .Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Пластмасса ыдыстан тағы қандай бұйым жасауға болады?

Ыдысты қандай тәсілдермен көркемдеп, әшекейледің?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.





Тақырыбы:Түймелерден жасалған моншақ.

Мақсаты:

Оқушыларға зергерлік бұйымдар туралы түсінік бере отырып, түймелерден моншақ жасап үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: моншақтар.

Қажетті материалдар мен құралдар: түйме, қармақ бау немесе жіп, ілгек, қайшы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі

Рухани мұраларымыздың бірі – зергерлік бұйымдар. Зергерлердің қолынан шыққан бұйымдар адам бойына әрқашанда көрік, ажар берген. Зергерлік бұйымдарға алқа, моншақ, білезік, сырға, жүзік, шашбау жатады .Бұл бұйымдар анасынан қызына мұра ретінде қалып отырады. Ал жіпке тізілген әсемдік үшін мойынға салып жүретін моншақ түрлі-түсті майда асыл тастардан тұрады .Моншақты тек алтын, күміс, меруерт, маржандардан ғана емес, түймелерден де жасауға болады екен.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Ұзындығы 25см қармақ бауын немесе жіп алып, оны инеге сабақтаймыз.

2.Жіптің бір ұшына ілгекті байлап, бекітеміз.

3.Түймелерді жіптің екінші ұшынан бір-бірлеп өткіземіз.

4.Жіптің екінші ұшына ілмек жасап, оны ілгегіне бекітеміз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Зергерлік бұйым түрлерін ата.

Зергерлік бұйымдарды кімдер жасайды?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру.

Түймелерден жүзік жасап үйрену.





Тақырыбы: Жіптен алқа жасау.

Мақсаты:Оқушыларды жіптен алқа жасауға үйрету. Ақыл-ойын, қиялын дамыту. Шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: әр түрлі алқалар.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Әшекейлеп жасалған алқа – адам көркі. Шеберлер алқаны алтыннан, күмістен, табиғи материалдан жасайды. Сонымен қатар күнделікті кездесетін материалдардан да алқа жасауға болады. Оған машина жібінің жуандауы немесе жібек жіп, майда моншақ, пластмасса сақиналар және ине қажет. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс .Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Жіпті инеге сабақтап, онымен сақиналарды ілмектеп байлаймыз.

2.Дайын болған сақиналар бір-бірімен моншақ арқылы біріктіріледі.

3.Бірдей үш сақинаны моншақпен әшекейлеп, бау тағып, оларды алқаға байлаймыз.

4.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Алқа жасауға қандай жіп түрін қолданған дұрыс?

Алқаны тағы неден жасауға болады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Ұсақ моншақтардан жасалған білезік.

Мақсаты:

Оқушыларға білезік жасап үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі:аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: әр түрлі қолдан жасалған білезіктер.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті ұсақ моншақ, жіп, ине.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Білезік – білекке салатын әшекейлі, сәнді бұйым. Оны қымбат металдардан жасайды. Білезіктің пішіні, өрнегі әр түрлі болады. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс .Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Жасалатын білезіктің ұзындығына қарай екі қабатталған жіп аламыз.

2.Жіптің екі ұшын да жіңішке иненің көзінен өткізіп, иненің біреуінен ұсақ моншақтарды тіземіз. Жіптің екінші ұшындағы инені тізілген моншақтарға кері қарай өткізіп, оны тартамыз.Осы тізбекті қажетті өлшемге дейін қайталаймыз.

4.Техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Білезік жасағанда моншақ түстерінің бір-біріне үйлесімділігін сақтау керек пе?

Ұсақ моншақтардан алқа жасауға бола ма?

Жасаған білезіктерің өздеріңе ұнады ма?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру.

Ұсақ моншақтардың әр алуан түсін таңдап, алқа жасау.





Тақырыбы:Фольгадан әшекейлі бұйымдар жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға фольгадан қапсырма жасап үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: әшекейлі бұйымдар, қапсырма.

Қажетті материалдар мен құралдар: жұқа азық-түлік фольгасы, қатырма қағаз, қарындаш ,қайшы..

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Зергерлік бұйымдардың ішінде қыз-келіншектерге арналған білезік, сырға, сақина, шашбау, шолпы, қапсырмалардың орны бөлек .Кез-келген зергерлік бұйымның бетіне әр түрлі тастар орнатып, ою-өрнектер салса, оның әсемдігі арта түседі. Зергерлік бұйымдарды әсемдеу үшін қолданылатын тастардың түрі де көп. Олар: гауһар, ақық, маржан, інжу, меруерт және т.б. Бүгінгі сабақта қатырма қағаз бен фольгадан қапсырма жасаймыз. Қапсырма – қыз-келіншектер киімінің екі өңірін қаусырып, іліп тұратын ілгек. Оған әр алуан әшекей тастар салынады. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс Іштей, тізбектей оқыту 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.Жұмыстың орындалу реті:

1.2-суретте көрсетілген қапсырманың қалып үлгісін жасап, қатырма қағазға түсіреміз де, қиып аламыз.

2.Қалып үлгіні фольганың бетіне қойып, жан-жағын сызамыз .Бүктеу үшін 1см-дей артықтау алып, оны қиып аламыз.

3.Қатырма қағаздан жасалған қапсырманы фольгамен қаптап, жиектерін тегістеп бүктейміз.

4.Қапсырманың бетіне қарындашпен әр түрлі өрнектерді ойып саламыз .Қапсырманың екі бөлігі бірдей болуы шарт. Қапсырманың бетіне қарындашпен өрнек салғанда, фольганың тесіліп, жыртылып қалмауын қадағала.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Сымтемірді көркемдеп ию.

Мақсаты:

Сымтемірді көркемдеп ию тәсілімен тұмарды құрастыру .Оқушының ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап ,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: сымтемірден құрастырылған тұмар үлгілері..

Қажетті материалдар мен құралдар: жұмсақ, иілгіш сымтемірлер.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгінгі сабақта сымтемірді көркемдеп ию тәсілімен зергерлік бұйымдардың ерекше бір түрі – тұмарды қарапайым тәсілмен құрастырамыз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Сендерге ұнады ма?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.




Тақырыбы:Ұлттық бұйымдар. Қатырма қағаздан адалбақан жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға ұлттық бұйым адалбақан туралы түсінік бере отырып, оны қатырма қағаздан жасауды үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке, салт-дәстүрді құрметтеуге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаз, қайшы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Адалбақан – киімдерді, жеңіл бұйымдарды іліп қоятын жабдық. Ол киіз үйді құру кезінде шаңырақты көтеріп тұру қызметін де атқарады.Шаңырақты көтеріп тұру үшін басы аша ағаш даярланады. Оны бақан деп атайды. Ол киіз үй жабдығының бірі болып саналады. Шеберлер адалбақанды табиғатта өсіп тұрған жиде, тал сияқты бұтағы көп ағаштардан жасайды. Адалбақанды оймыштап сүйекпен, ою-өрнекпен, зергерлік металл бұйымдармен әшекейлейді. Адалбақанның ашамайлы келген үстіңгі жағын уыққа тіреп, төменгі ұшын қозғалып кетпейтіндей етіп жерге бекітеді.Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей,тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Керекті өлшемде қатырма қағаз дайындап, оның бетіне адалбақанның суретін салып, қайшымен қиямыз.

2.Қиып алынған адалбақан пішінін көркемдейміз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Қазіргі кездегі киім ілгіш пен адалбақанның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

Адалбақан киіз үй жабдығына жата ма?

Оны табиғи материалдан жасауға бола ма?

Адалбақанды неліктен әшекейлейді?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.







Тақырыбы: Сандық. Қатырма қағаздан сандық жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға сандық туралы түсінік бере отырып, оны қатырма қағаздан жасап үйрету. Танымдық касиеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер,қатырма қағаздан жасалған сандықтар.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаз, қайшы, түрлі-түсті қағаздар, желім.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сандық – киім-кешек және т.б. заттарды салып, сақтауға арналған үй жиһаздарының бірі. Сандықтың бірнеше түрі бар. Олар: абажа, әбдіре, қобдиша. Бұл бұйымдардың жасалу тәсілдері бірдей. Олар екі жағы өңделген жұқа тақтайдан жасалады. Сондықтан олар жеңіл әрі тұрмыста қолдануға ыңғайлы. Сандықтың қақпағы тұтас ашылады. Әр халық сандықты өзінің ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлейді. Алтын, күміс сияқты қымбат металдармен зерленіп, асыл тастармен безендірілген, әр түрлі ойма сүйектермен әрленген қазақ сандықтарын қазір мұражайдан көруге болады. Сергіту сәті


IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қатырма қағаздан сандық жасау. Оны әшекейлеу. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Жасаған сандықтарың ұнады ма?

Сандықты тұрмыста не үшін қолданады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Жүкаяқ. Қатырма қағаздан жүкаяқ жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға жүкаяқ туралы түсінік бере отырып, оны қатырма қағаздан жасауды үйрету. Ақыл-ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаз,қайшы,желім.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Жүкаяқ – сандықтың астына қойылатын жиһаз. Оны өңделген қатты ағаштан жасайды. Жүкаяқ төрт бөліктен тұрады. Олар: алдыңғы және артқы жақтау ағаш, төрт аяғы, екі жақтау ағашты біріктіріп тұратын 4-5 шабақ ағаш және тіреуіштер. Жасалу тәсіліне қарай жүкаяқ қайқы бас және үсті тегіс болып екі түрге бөлінеді.Қайқы бас жүкаяқтың төсек ағаш тәріздес екі жақ басы жоғары қарай көтеріңкі болып келеді. Оған тек төсек-орын жинайды.Үсті тегіс жүкаяқты сандық қоюға пайдаланады. Шеберлер жүкаяқтың алдыңғы бетін майлы бояумен сырлап, оюмен өрнектелген сүйекпен әшекейлейді. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.Еңбек қауіпсіздігін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Жүкаяқ пішінін жасайтын қатырма қағазды дайындаймыз. Жүкаяқ өлшемі қалауынша алынады.

2.Жүкаяқ бөліктерін таспа түрінде дайындаймыз.

а)жүкаяқтың жақтауы (2бөлшек) ә) жүкаяқтың аяғы (4бөлшек)

б) жүкаяқтың ағаш шабағы (4бөлшек) в)қиғаш тіреуіштері (8бөлшек)

3.Өлшеп, қиып алынған дайын таспалар.

4.Дайын таспалардан жүкаяқ пішінін құрастырамыз.

а) Жүкаяқ жақтауларына аяқтарын желіммен жапсырамыз.

ә)Жүкаяқтың шабақтарын дайындаймыз.

б)Жүкаяқтың жақтауына желімделген аяқтарын іш жағына қаратып, дайын болған шабақшалармен екі жақтауды бір-біріне жалғастырып, құрастырамыз. Ол үшін шабақтардың ұшына аз ғана желім жағып, арақашықтықтарын бірдей етіп, жақтауға жапсырамыз. Шабақтарды алдымен бірінші жақтауға жапсырып, желімін кептіреміз.

в) Бірінше жақтаудың желімі кепкеннен кейін екінші жақтауды кептіреміз.

5.Жүкаяқтың аяқтары қозғалмас үшін тіреуіштерін жапсырамыз. Содан кейін жүкаяқты ою-өрнектермен көркемдейміз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Жүкаяқ қанша бөліктен тұрады?

Қандай мақсаттарда қолданылады?

Жүкаяқты көркемдеу үшін қандай ою-өрнектерді пайдалануға болады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



































Тақырыбы: Кебеже және асадал.

Мақсаты:

Оқушыларға кебеже,асадал туралы, олардың тұрмыстағы атқаратын қызметі туралы түсінік бере отырып, оларды қатырма қағаздан құрастыруды үйрету. Ақыл-ойын,қиялын дамыту. Шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: қатырма қағаз, желім

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Кебеже – бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді дақылдарды, тағы басқа да азық-түлік түрлерін салып қою үшін арнайы жасалған сандық. Кебежеде салмақты заттар сақталатын болғандықтан, оны қалың тақтайдан мықты етіп жасайды. Кебеженің сырт пішіні сандық сияқты болғанымен, жасалу тәсілі өзгеше. Кебеже аяқтары оның қабырғаларын, қақпағын, түбін біріктіріп тұратын негізгі арқау сияқты жасалады. Кебеже қақпағы жартылай ашылады. Қақпақтың ашылмайтын бөлігі кебеже жақтауларына шегемен бекітіледі. Ал ашылатын бөлігі былғары таспамен немесе топсалармен екінші бөлігіне жалғасады. Шеберлер кебеженің бетін бедерлеп ойып, өрнектер салады, майлы бояумен әшекейлейді, өрнектелген сүйекпен жапсырмалайды. Ол өрнектер жан-жануарлар, өсімдік, геометриялық денелер бейнесіне ұқсас келеді. Асадал – асың адал болсын деген сөз. Оған ыдыс-аяқтар сақтайды. Асадал мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады. Ол сәнді болу үшін шебер оның бетін әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды. Қазіргі заманда ыдыс-аяқ қоюға арналған жиһаздардың сан алуан түрі бар. Олар шыны, темір таспа, пластмасса таспа сияқты тегіс, жылтыр заттармен безендіріледі.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қатырма қағаздан кебеже немесе асадал жасау. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Кебеженің сандықтан қандай айырмашылығы бар?

Жасаған кебежелерің ұнады ма?

Үйде ыдыс-аяқтарыңды қайда сақтайсыңдар?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Қағаздан сырмақ жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға сырмақ туралы түсінік бере отырып, оны қағаздан жасауды үйрету.Танымдық қабілеттерін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: сырмақтар

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қағаз, қатырма қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, желім.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Оны түрлі түсті киізден ойып, өрнек салып та, шымқай ақ киіздің бетіне ақ, қызыл, сары маталардан ою бастырып та тігеді. Сырмақ сыру өнерінде «қошқармүйіз» оюы көп қолданылады. Ол үшін алдымен ою-өрнек салынған үлгі дайындалады. Үлгіні жасауға қалың қатырма қағаз, жұқа пластмассалар қажет. Пластмассадан жасалған үлгілерді бірнеше рет пайдалануға болады.

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Түрлі-түсті қағаздың дәл ортасынан көлденең және тік сызық жүргіземіз.

2.Оны төртке бүктеп, бір бөлігіне қарындашпен оюды сызамыз.

3.Сызық бойынша оюды қиып аламыз.

4.Дайын оюға желім жағып, түрлі түсті қатырма қағаз бетіне желімдейміз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Жасаған сырмақтарың ұнады ма?

Сырмақтан басқа тағы қандай ұлттық төсеніш түрлерін білесіңдер?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Тақырыбы:Түрлі-түсті матадан құрақ құрау.

Мақсаты:

Оқушыларға ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі – құрақ құрау туралы түсінік бере отырып, оны құрауды үйрету.Танымдық қабілетін, қол икемін дамыту. Шеберлікке,әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: құрақ көрпешелер, сүлгілер, ыдыс қойғыштар.

Қажетті материалдар мен құралдар: әр түрлі мата қиындылары, ине, жіп, қайшы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Құрақ құрау – ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тіксеңдер, құрақ болып шыға келеді. Құрақ құрау өнерімен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды. Мысалы: қазақ халқы «құрақ», орыс халқы «құрақ мозаикасы» немесе «верк» деп атайды. Соған қарамастан, барлығына қойылатын талап біреу, ол – мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Құрақтан жастық тыстары, көрпешелер, тұскиіз, сүлгі, ыдыс қойғыштар тігуге болады. Құрақтың «Ботагөз құрақ», «Майда құрақ», «Жұлдызша құрақ» сияқты түрлері бар. Құрақтан жасалған бұйымның шетін бұрыштамамен, кестемен, шашақпен сәндеп тігуге болады.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Құрақ құрау. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Құраған құрақтарың ұнады ма?

Құрақтан қандай бұйымдар дайындалады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.






Тақырыбы: Былғарыдан шашақ жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға былғары, одан жасалатын бұйымдар туралы түсінік беру, былғарыдан шашақ жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: былғарыдан жасалған шашақ.

Қажетті материалдар мен құралдар: былғары, қайшы, сызғыш, қарындаш, жіп.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Былғары теріні өңдеу арқылы алынады. Былғары жұмсақ, төзімді, қандай да бір бұйым жасауға ыңғайлы әрі таптырмайтын материал. Былғарыдан аяқ киім, сырт киім, сөмке және әр түрлі сәнді, әшекейлі бұйымдар жасайды. Сондай бұйымдардың бірі – шашақты былғарыдан жасау жеңіл де қарапайым болып келеді. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Шашақ жасайтын былғарының қатпарларын тегістеп жазып, суретте көрсетілгендей көлденең сызық жүргіземіз.

2.Қарындашпен көлденең сызыққа дейін тігінен белгі саламыз.Сонан кейін белгі ізімен қиямыз.

3.Тарамдалған былғары шашақты ширатып ораймыз.

4.Оралған шашақ дайындамасының жоғарғы жағына қосымша жіпті мықтап байлап, ілмек жасаймыз.

5.Ілмекке жіп өткіземіз де, дайын шашақты кез келген бұйымды әшекейлеу үшін пайдаланамыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Былғары қандай материал?

Одан қандай бұйымдар жасауға болады?

Былғарыдан жасалған шашақпен қандай бұйымды әшекейлеуге болады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Тақырыбы: Дизайн туралы түсінік. Геометриялық фигуралардан түрлі құрамақтар құрастыру.

Мақсаты:

Оқушыларға дизайн туралы түсінік бере отырып, геометриялық фигуралардан түрлі құрамақтар құрастыруды үйрету. Ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қатты қағаз, қайшы, желім.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Дизайн ұғымы қандай да бір затты көркемдеп құрастыру, безендіру деген мағынаны білдіреді. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған заттар мен бұйымдардың үйлесімін және жаңа үлгілерін ойлап табу. Дизайн өнері орындалу тәсіліне және қолданылу саласына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: графикалық, киім, интерьер, құрылыс, жиһаз, гүл дизайны және т.б.Дизайн өнері заман талабына сай үнемі өзгеріп, дамып отырады. Дизайнмен айналысушы тек суретші не сәулетші ғана емес, сондай-ақ бұйымдарды өз идеясы бойынша ыңғайлы, үйлесімді көрсете білетін шебер болуы керек.Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Шеңбер, сопақша, төртбұрыш, ромб, үшбұрыш, бесбұрыш, цилиндр, шаршы, т.б. геометриялық фигураларды түрлі-түсті қағаздан әр түрлі көлемде қиып аламыз.

2.Геометриялық фигураларды қатырма қағазға желімдеп, суретте берілген құрамақтарды құрастырамыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Құраған құрамақтарың қандай геометриялық фигуралардан құрастырылған?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Қағаздан үй құрастыру.

Мақсаты:

Оқушыларға қағаздан үй құрастыруды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: қағаздан жасалған үй макеті.

Қажетті материалдар мен құралдар: ақ түсті қатты және түрлі-түсті қатты қағаз, желім, сызғыш, қарындаш, қайшы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Үй айналасын безендіру өнерімен ландшафт дизайншылары айналысады. Ландшафт дегеніміз белгілі бір аймақтың жалпы көрінісі. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Үйдің шатыры мен қабырғасын жасау үшін ақ түсті қатты қағаздың дәл ортасын тауып, тігінен үзік сызық жүргіземіз. Сызықтың оң және сол жағынан тағы екі үзік сызық сызамыз.

2.Үзік сызықтар бойынша қағазды бүктейміз. Қағаздың ортанғы бөлігіне тор көз сызықтар сызып, оны шатыр пішініне келтіреміз. Шатырдың төрт жағынан кертік жасауды да ұмытпаймыз.

3.Үйдің қабырғасына екі терезе суретін салып, қайшымен қиямыз.

4.Қабырғасы мен шатырының көлемін есептеп, үйдің алдыңғы және артқы бөлігін құрастырамыз. Ол үшін қағаздың дәл ортасын тауып, жоғарғы екі жақ бұрышын ішке қарай бүктейміз. Бүктелген қағаз бұрыштары шатырдың ішкі бөлігіне желімделеді. Алдыңғы бөлігінің қабырғасына есік салып, қайшымен қиямыз.

5.Дайын үйдің төменгі бөлігін кертіктері бойынша ішке қарай бүктеп, оны қатты қағазға желімдеп, бекітеміз. Ағаштарды жасыл түсті қағаздан, ал шарбағын ақ түсті қағаздан суретте көрсетілгендей етіп жасап, оларды да қатты қағазға жапсырамыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Жасаған үйлерің ұнады ма? Үй құрылысы қандай бөліктерден тұрады? Үйдің ауласын қалай безендіруге болады? Үйдің ауласын безендірумен қандай саладағы дизайншылар айналысады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Тақырыбы:Қатырма қағаз таспасынан тоқылатын бұйымдар.

Мақсаты: Оқушыларға қатырма қағаздан себет тоқуды үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ептілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: тоқылған себет, сандықша.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қатырма қатырма қағаз, желім, қылқалам, қайшы.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Себет тоқу жұмысы қағаз таспаны тіктеп тоқудан басталады. Мұндай тәсілмен қорап, себет, сандықша сияқты бұйымдарды тоқып алуларыңа болады. Тоқудың екінші түрі - таспаны қиғаштап тоқу. Бұл тәсілмен дайындалатын бұйымдар сәнді көрінеді. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Түрлі-түсті қағаздан ұзындығы 20 см, ені 15 см тік төртбұрыш қиып аламыз. Ол қораптың негізі болады.

2.Қағаздың жиектерінен 5 см-ден қалдырып отырып, сызық жүргіземіз. Бұрыштарындағы артық бөлшектерді қиып, алып тастаймыз. Қорап қабырғаларын бүктеу сызықтары бойынша ішке қарай қайырамыз.

3.Ені 1см-ге тең болатын жолақтар сызамыз. Оларды бүктеу сызығына дейін қиямыз.

4. Қорап қабырғаларын 3-суретте көрсетілгендей етіп ені 1см ұзын жолақтардың көмегімен тоқимыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Жасаған қораптарың әдемі шықты ма?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Тақырыбы:Ұсақ моншақтардан панно жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға ұсақ моншақтардан панно жасатып үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: моншақтардан жасалған әр түрлі бұйымдар.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті ұсақ моншақтар, көбелек, жапырақ, жұлдызша бейнелі пайеткалар, қатты қағаз, қарындаш, ПВА желімі, ағылшын түйреуіші.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Ұсақ моншақтарды алқа, сырғалар жасап, әр түрлі киімдерді безендіруге қолданады. Сондай-ақ өзімізге ұнайтын кез келген суретті алып, панно жасауға болады. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Ең алдымен қатты қағаз бетіне қарындашпен себеттегі гүлдің суретін саламыз.

2.Суреттің бетіне қылқаламмен жіңішкелеп желім жағып, кеппей тұрып үстіне ұсақ моншақтарды жапсырамыз. Себетті аяқтаған соң, гүлдерді безендіреміз.

3. Гүл мен себетті безендіріп болғаннан кейін панноға көбелек, жұлдызша, жапырақ бейнелі пайеткаларды жапсырамыз.

4.Дайын панноға жақтау жасап, оны әшекейлейміз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Өздерің қандай гүлді ұнатасыңдар?

Желімді не үшін жіңішкелеп жағамыз?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Тақырыбы:Былғарыдан сөмке тігу.

Мақсаты:

Оқушыларға сөмке тігуді үйрету.Танымдық қасиеттерін дамыту. Шеберлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: әр түрлі сөмкелер.

Қажетті материалдар мен құралдар: былғары, қайшы, ине, жіп..

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сөмкенің қолданылуына қарай бірнеше түрі бар. Оны әр түрлі пішін мен көлемде матадан, былғарыдан тігуге болады. Біз қол тігістерінің техникасы бойынша сөмкені былғарыдан тігеміз. Сөмке тігу үшін материалдың қалыңдығына қарай ине мен жіпті дұрыс таңдау қажет. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Былғарыдан өлшемі 50см х 20см болатын сөмкенің негізін қиып аламыз.

2.Оның дәл ортасын тауып, екіге бүктейміз.

3.Тағы да екіге бүктеп, тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып, арасын ашамыз.

4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік белгілейміз.

5.Материалдың оң бетінен сөмкенің негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін теңестіріп, түзу тігіспен тігіп шығамыз. 6.Сөмкені әшекейлеу үшін гүл қадаймыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Жасаған сөмкелерің ұнады ма?

Мектепке ұстайтын сөмке қандай болуы керек?

Сөмкені қалай безендіруге болады?

VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы:Түйме салатын қобдиша жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға түйме салатын қобдиша жасату. Ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: қалың қағаз, екі түсті қалың мата, ине, жіп, қайшы, екі түсті моншақ (бірнеше)

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Әр түрлі материалдардан ұсақ-түйек салатын құралдар жасауға болады. Бүгін сендермен соның бірі – қобдиша жасаймыз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін және тазалық ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Қалың қағаздан шеңбер пішінді қалып үлгі дайындап аламыз. Оны екі түсті мата бетіне кезектестіре қойып, айналдыра қиямыз. Қиып алынған екі матаны бір-біріне беттестіріп, бірнеше жерінен ине-жіптің көмегімен іліп қоямыз.

2.Моншақтарды матаның бетіне орналастырып көреміз.

3.Моншақтың көзінен сабақтаулы инені өткізіп, оны матаның шетіне тігеміз.

4.Келесі моншақты керісінше екінші матаның шетіне тігеміз.

5.Осы әдісті шеңбер пішінді қобдиша пайда болғанша қайталаймыз.

6.Дайын қобдишаға түйме немесе басқа да ұсақ-түйек заттарды саламыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Жасаған қобдишаларың әдемі шықты ма?

Қобдиша жасауға неліктен қалың мата пайдаланамыз?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.





Тақырыбы: Ашықхаттан үй жиһазын жасау.

Мақсаты:

Оқушыларға ашықхаттан диван жасату. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: ашықхаттан жасалған әр түрлі заттар.

Қажетті материалдар мен құралдар: ашықхат (5дана), қарындаш, сызғыш, қайшы, ине, жіп.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Ашықхат – жұқалау, қиюға жеңіл қатырма қағаз. Одан алуан түрлі әсем әрі тартымды бұйымдар жасауға болады. Ашықхаттан жасалатын диван 5 бөліктен тұрады. Олар:

1.Диванның арқасы.

2.Диван арқасының алдыңғы бөлігі мен отыратын бөлігі болып табылатын алдыңғы жоғарғы бөлігі.

3.Диванның төменгі бөлігі.

4.Жақтаулары (2 бөлшек) Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

Диван бөліктерінің барлығын ашықхаттан қиып аламыз. Оларды торлап тігу әдісімен бір-біріне біріктіріп тігеміз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Жасаған дивандарың әдемі шықты ма?

Ашықхаттан тағы қандай бұйымдар жасауға болады?

VI.Бағалау.

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.



Тақырыбы: Құмыраны дәндермен безендіру.

Мақсаты:

Ермексаздың кез келген түсін және әр түрлі дәндер мен тұқымдарды пайдаланып, құмыраны безендіруге үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: безендірілген құмыралар.

Қажетті материалдар мен құралдар: пластмасса немесе шыны бөтелке, ермексаз, өсімдік дәндері мен тұқымдар.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Құмыра қыштан, шыныдан және ағаштан жасалып, көлемі әр түрлі болады. Құмыралардың кейбір түрінің мойны ұзын, бүйірлі келеді. Ал құмыраларды безендіріп, әшекейлеу үшін дизайншының көмегі керек. Өзімізді дизайншы ретінде сезініп, құмыраны ерекше тәсілмен түрлендіріп көрейік.Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

Құмыраны безендіру үшін сусыннан босаған пластмасса немесе шыны бөтелкенің сыртына ермексазды жағып, оның үстіне дән мен тұқымдарды белгілі бір ретпен жапсырамыз.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кімнің құмырасы әдемі шықты?

Бұйымды безендіруде дизайншының рөлі қандай?

VI.Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Тақырыбы:Мата мен моншақтардан аппликация жасау.

Мақсаты:

Мата мен моншақтардан аппликация жасауды үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: мата мен моншақтардан жасалған әр түрлі аппликациялар.

Қажетті материалдар мен құралдар: әр түрлі мата қиындылары, жіп, моншақ, таспа, ПВА желімі.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Аппликация – негізтүске әр алуан бөлшектерді желімдеу немесе тігу арқылы орындалатын өрнек не сурет. Негізтүс үшін көбінесе қатты материал таңдап алынады. Сонымен қатар негізтүс пен оған желімделетін бөлшектердің түсі бір-бірімен үйлесімді болу керектігін ұмытпау керек. Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін және тазалық ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Аппликация дегеніміз не?

Аппликация жасау үшін тағы қандай материалдарды қолдануға болады?

Жасаған аппликацияларыңа қандай атау берер едіңдер?

VI.Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.






Сабақтың тақырыбы: Түзу, ирек жолақтардан, таспалардан компози - ция құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: түзу, ирек жолақтардан, таспалардан үйлесімді композиция құрастыруды меңгеру.

2. Дамытушылық: түстердің үйлесімділігі туралы түсінік беру; оқушы - лардың ойлау қабілетін арттыру, өзіне деген сенімділікке баулу.

3. Тәрбиелік: оқушылардың өзіндік ізденуіне ықпал ету, түзу, ирек лақтарды қиюда әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әшекейленген ыдыстар суреттері, түрлі түсті қағаз, таспалар, желім, қайшы, қарындаш, қылқалам, шыны, пластмасса ыдыстар.

Еңбек нысаны: түзу, ирек жолақтардан, таспалардан композиция құрастыру.

Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығы тексеріледі. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Түзу, ирек жолақтардан, таспалардан жасалған жұмыстардың үлгілерін көрсете отырып, түстердің байланысы туралы жалпы түсінік береді. Олардың орындалу техникасы мен технологиясын таныстырады, оны желімнің көмегімен фонға жапсыру тәсілі арқылы орындалатыны түсіндіріледі. Әртүрлі жолақтар - дан композиция құрастыруда түс туралы шешімді естен шығармау керек. Оқушыларға оқулықтағы, журналдағы суреттерді көрсетіліп, ондағы композиция мен түстік шешімге жасалады. Көрсетілген суреттер мұқият талданады. Түзу, ирек жолақтардың; таспалар түстерінің, пішіндерінің әртүрлі орналастырғандығын байқайды. Композицияның тек сыртқы ерекшелігін ғана емес, жекелеген жолақтарын да анықтайды. Жұмысты алдын ала жасалған жоспары бойынша жасау кезеңдерін анықтау керек. Оқушыларға жолақтардың желім арқылы біріктірілгенін айтады.

Сонымен қатар мұғалім түстер берілген суретті көрсете отырып, оларға анықтама береді.

Түс - композицияның нағыз белсенді құралдарының бірі. Композициядағы түс - мұның өзі бейнелі сәуле шағылысуының спектрлық құрамынан туған көру түйсігі. Түстің адамға эмоциялық әсері орасан зор әрі көп қырлы. Біз түсті аялаушы, мазалаушы, күйзелтуші, қуанышқа бөлеуші, қапаландырушы; шымыр немесе әуе істпетті, ілгері бастаушы; салқын және жылылық ретінде түсінеміз.

Түстердің екі тобы көрген көзге әртүрлі әсер етеді. Жылы түстер неғұрлым белсендірек, ынталандырушы, ал салқын түстер - енжар, кері кетіруші ретінде әсер етеді.

Түрлі түсті қағаздарды көрсетіп, олардың түстерін оқушылармен бірлесе ажырату қажет. Негізгі түстермен бірге қосымша түстерді де ажырата білуге дағдыландырады. Ол үшін мұғалім ойындар, түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра алады.

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларға дәптер бетіне және өздері үй тапсырмасы бойынша әкелген шыны немесе пластмасса ыдыстарының сыртын безендіруге тапсырма беріледі.

Жұмысты оқушылардың өздері шешім қабылдап, өз беттерінше орындаула - рына мүмкіндік беріледі. Үлгіде көрсетілген бейнелердің ішінен өзі қалағанын ғана жасауына да болады. Жұмысты орындау үшін фон таңдайды. Жасалатын жұмыстағы түзу, ирек жолақтардың түстік үйлесімін негізгі түсіне байланысты анықтайды. Осы жолақтарды орналастырғанда олардың басталу, иілу және аяқталу сызықтарына көңіл бөлінеді.

Оқушылар әр түсті фонның бетіне қойған кезде сурет көрінісі әртүрлі болып көрінетіндігіне көздері жетеді. Осылайша түстер үйлесімін таңдауға мүмкіндік туады.

































Сабақтың тақырыбы: Дөңгелектің ішін безендіру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: оқушыларға қағаздың түрлерін қолдануды және олармен жұмыстың орындалу техникасын меңгерту.

2. Дамытушылық: оқушыларды дөңгелек пішінді орынды безендіруге құштарлығын арттыру және эстетикалық талғамын жетілдіру.

3. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, икемділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі композицияда әшекейленген заттар суреттері, түрлі түсті, фольга және өзі желімделетін қағаз, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қылқалам, жіп, шыны немесе пластмасса ыдыс.

Еңбек нысаны: дөңгелектің ішін безендіру.


Сабақтың барысы:

Мұғалім оқушыларға жазу, баспа, қатырма, сурет салура арналған, түсті қағаздан басқа өзі желімделетін қағаз қолданылатынын түсіндіреді. Ол қағаз - дың қасиетімен оның қалай қолданылатынымен таныстырады да өзі желімде - летін қағаздың бір шетін қиып алып, оны ішкі және сыртқа бетін көрсетеді де, оның ортасын ажыратып, асты жай қағаз, ал үсті желім жағылған жылтыр қағаз екендігін көрсетеді. Сонымен қатар тағы да өзі желімделетін қағазды бір затқа үстіңгі бетінің бір шетін жабыстыра отырып, астыңғы қағазын ақырын тартып отыраса өздігінен желімделетінін көрсетеді. Қорытынды әңгімеде мұғалім осы техниканы оқушылардың қолдарын жаттықтыру үшін өздігінен орындауға тапсырма береді.

Сарамандық жұмыс.

Оқулықта және көрнекілікте берілген материалдарды көрсете отырып, сарамандың жұмыстарын жүргізеді. Онда үш түрлі жұмыстың оқулықта берілген жұмыс реті бойынша орындауларын түсіндіреді.

Оқушыларға жұмыстың арасында сергіту жаттығуын жасатады:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды қолға соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

1. Түрлі түсті қатырмақағаз немесе фольгамен қапталған қораптар, шоколад қорабын алып оның радиусын тауып дөңгелек қиылады да сол дөңгелектің ішін әртүрлі геометриялық фигуралар қиып, оларды алдымен орналастырып түстерінің және олардың формаларының дұрыстығын тексеріп барып желім - дейді. Сонымен қатар, жұмыс барысында геометриялық фигураларды, арасына салынатын жіпті, желімді дайындап алатыны ескеріледі.

2. Сәндік ыдыстарды жасауда өздігінен желімделетінін қағазды пайдаланады және де олардан таңдаған ыдыстарының формасына байланысты геометриялық фигураларды дайындап алып барып желімделетіні айтылады.
Мұғалім бір оқушыны жанына шақырып, оған жұмыстың жасалу процесін көрсете отырып, басқа оқушылардың соған көңіл бөлгендерін қадағалайды.

3. Оқушылар үйлерінен әкелген бұтақтарын безендірген шишаларына салып оларды түрлі формадағы дөңгелектермен әшекейлейді.

Оқушылар жұмыстарына талдау жасалады. Жақсы жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыруға болады.








































Сабақтың тақырыбы: Өсімдік дәндерімен безендіру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: өсімдік дәндерімен безендіруді үйрету, оқушылардың жұмысқа икемділігін, шеберлігін арттыру.

2. Дамытушылық: композиция жасату арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: өсімдік дәндері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қылқалам, мата.

Еңбек нысаны: өсімдік дәндерімен композиция құрастыру.

Сабақтың барысы:

Мұғалім оқушыларға дәндерді қандай өсімдіктен алатыны жайлы және панно ұғымына түсінік беруден бастайды. Балалар, біздің бүгінгі сабақта өсімдік дәндерін қолдана отырып панно жасау жолын үйренеміз. Өсімдік дәндерінің түрлері көп. Оқушылар үйде жеген қайнатпа немесе тосаптарының дәндерін тазалап, кептіріп әкеледі.

Мұнда мұғалім оқушылардың қаншалықты дән әкелгенін және де олардың келемін қарастыра отырып, жұмыстың орындалатынын түсіндіреді.

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларды сабаққа дайындау. Қауіпсіздік және санитарлық-тазалық ережесін ескере отырып, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу. Оқушыларға оқулықтағы және де басқа журналдарда берілген үлгі бойынша өсімдік дәндерінен жасалған жұмыстарды көрсетеді. Осы жұмыстарға оқушылардың назарын аударып, оларды әшекейлеу үшін қандай материалдарды қолданамыз және оларды көлеміне қарай қалай орналастыру керектігі жайлы сұрақтар қойылады. Жұмыстың істелу ретін талдайды.

Жұмысты қатты қағаздың сыртын матамен қаптаудан бастайды. Жұмысты әрбір оқушы қолдарында бар дәндердін көлеміне қарай қолдана отырып өз беттерінше орындайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын салыстырмалы түрде тексеріп жүріп, жіберген қателіктерін түзейді. Оқушылар жұмысты орындап болғаннан кейін оның шетін безендіруге таспа немесе шоколад қорабын қолданатынын айтады.

Сабақты оқулықтағы сұрақтарға жауап беріп, жасалған жұмыстарының сапасын тексеру арқылы қорытады.


Сабақтың тақырыбы: Бөлмеде жиһаздарды дұрыс орналастыру дизайны.

1. Білімдік: бөлмеде жиһаздардың дұрыс үйлесімді орналастыру дизайнын үйрету.

2. Дамытушылық: оқушылардың қағазды бүктеу, қию, қаптауға байланыс - ты біліктері мен білімін кеңейтіп, дамыту.

3. Тәрбиелік: бөлме жиһаздарын орналастыру арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: ңатты қағаз, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қыл-қалам, қорап.

Еңбек нысаны: бөлмеде жиһаздарды дұрыс орналастыру


Сабақтың барысы:

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгелдеу, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру. Өткен сабақ қайталаудан басталады. Оқушылардың алдыңғы сабақтарда орындаған жұмыс істеу ережесі, қағазды қию тәсілдері туралы алған білімдері нақтыланып, бекітіледі. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:

  1. Дизайн дегеніміз не, дизайнды кім жасайды?

  2. Дизайн қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Дизайнерлерге қандай талаптар қойылады?

4. Интерьердегі дизайн - дегенді қалай түсінесіңдер? Мұғалім оқушыларға сыныптағы жиһаздардың орналасуып, түсінің сынып қабырғасының бояуына және пердесінің түсіне сәйкестігін сұрайды да, көрнекіліктегі жиһаз суреттерін көрсетіп, оларды талдайды.

Сарамандық жұмыс.

Сарамандық жұмыста оқушыларды топқа бөледі, себебі мұнда бірнеше бөлме болады және әртұрлі жиһаздар орналастырылады. Оқушыларды қатар бойынша төрт топқа бөлуге болады. Бір оқушыныны мұғалім өзінің жанына шақырып, оқулықта берілген қорапты қағазбен қаптау жолының реттілігін көрсете отырып, жұмысты орындауға көмектеседі, жұмыс барысында қорап шеттерініндегі қағазды бүгу кезінде қораптың қырларын, бұрыштарын дұрыс шығаруларына көңіл бөлу керектігін ескереді. Міне, енді қалған қораптарды да осы тәсілмен орында. Оқулықта берілген қонақ бөлмесі жиһаздарын қапталған қораптарыңды біріктіріп орында да оларды қатты қағаз бетіне орналастыр. Әрбір бөлмедегі жекелеген жиһаздарға қанша қорап кететінін және әрбір оқушы қанша қорап қаптайтыны анықталады.








Сабақтың тақырыбы: Сумоншақтан алқа жасау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: оқушыларға моншақтың түрлері және олардың бір-бірінен айырмашылықтары туралы жалпы мағлұмат беру және одан алқа жасауды үйрету.

2. Дамытушылық: сумоншақпен жұмыс жасау технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру.

3. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: зергерлік бұйымдар суреттері, сумоншақтан жасалған алқа түрлері, сумоншақтан жасалған бұйым үлгілері, сызба, журналдар; сымтемір, әртүрлі сумоншақ, оны тізетіп жіп немесе леска, №1 ине.

Еңбек нысаны: сумоншақтан алқа жасау.


Сабақтың барысы:

Сумоншақ - шыныдан жасалған, ортасында тесігі бар, ұсақ домалақ моншақ. Ол көлемі, пішіні мен түр-түсі жағынан әртүрлі болады. Көлемі үлкен моншақ - тардың ортасындағы тесіктері де ұлғая түседі. Пішіні домалақ, сопақ, үшбұ - рышты, төртбұрышты, алтыбұрышты болады. Сонымен қатар оларды ине - жіппен тігуге немесе үтікпен, яғни ылғалды жылумен желімдеуге болады. Сумоншақтан желімдеу арқылы жай суреттерден бастап, өте күрделі түрлі түсті бұйымдар - алқа, тұмар, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер, көйлекке жаға, әшекейлер жасауға болады.

Сумоншақтан бұйым тоқуда сымтемір немесе леска қолданылады. Сымтемір кедір-бұдыр емес, сумоншақтың көзінен өтуі үшін тегіс болуы керек. Леска - балық аулайтын қармақ жібіне немесе домбыра ішегіне ұқсайды. Сымтемір мен лесканың диаметрі шамамен 0,12-0,15 мм болуы керек.

Сумоншақтан бұйым тоқудың кең тараған техникасы -параллельді тоқу. Тоқудың ең қарапайым әрі ыңғайлы әдісі саналатын паралаллельді тоқуда сым сумоншақтың тесігінен параллель өтеді.

Екінші әдіс - шалып тоқу. Шалып тоқуда сумоншақты бір-бірден, түс-түсімен алып отырады. Айқыш (X) тәрізді тоқу әдісі мойынға тағатын жаға, алқа тоқуда кеңінен қолданылады. Моншақтар X тәрізді орналасып, тор секілді болып тоқы - лады.

Тоқудың келесі әдісі - өру әдісі. Моншақтарды бірінің үстіне бірін орналас - тыра өріп, белдік тоқуда қолданылады.

Мозайка әдісі тас моншақты бірінен кейін бірін, шахмат тәрізді, қатар-қатар тоқу үшін қолданылады. Бұл әдіспен тоқығанда моншақтар мата бетіне қатар - қатар етіп жіппен тігіп, орналастырылады.





Сабақтың тақырыбы: Әшекей бұйымдар дайындау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: әшекей бұйымдардың маңызы мен қажеттілігі туралы жалпы мағлұмат беру, әшекей бұйымдар жасауды үйрету.

2. Дамытушылық: сумоншақ қасиетімен танысу, оны маңызы мен қажеттілігі турады танымын кеңейту.

3.Тәрбиелік: оқушылардың, шығармашылық қиялын арттыру, эстетикалық талғамын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі зергерлік бұйымдар суреттері, сумоншақтан жасалған бұйым үлгілері, сызбасы, журналдар; жез сым немесе леска жіп, №1 ине.

Еңбек нысаны: сумоншақтан әртүрлі әшекей бұйымдар жасау.


Сабақтың барысы:

Мұғалім сабақты сумоншақтың шығу тарихы және оның түрлері мен пішіндерінен бастағаны

Халқымыз сумоншақты ертеден-ақ тұрмыстық, әшекей бұйымдар дайындауда кеңінен қолданған. Сумоншақпен жұмыс өнері асқан нәзіктік, биік талғам, ұшқыр қиял, шыдам мен шеберлікті талап етеді. Сумоншақпен тоқу үшін түстердің ретін сақтап, сызба үлгісін басшылыққа алған жөн.

«Сумоншақ», «Биссер» деген атау да осы Мысыр елімен байланысты. Арабтың «Бусра» немесе «Бусер», яғни «жалған маржан» деген сөзінен шыққан. «Биссер» деген сөздің өзі - сумоншақтардың жалпы атауы. Ұсақ, домалақ, сопақша, әртүрлі хрусталь, шыны, металл, қыш материалдарынан жасалған моншақта қазақ тілінде «сумоншақ» деп аталады.

Кез келген қолөнер түрі секілді сумоншақпен тоқудың да өзіндік тарихы бар. Сумоншақтың шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тұспа-тұс келді. Ал әйнектің қашан пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдалану құпиясын алғаш болып Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңыз бойынша финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп, Сирияға барып тоқтайды. Азық дайындау үшін қазанды отқа қояды да, өздері аялдаған аралдан үлкен тас іздейді. Тас таба алмаған олар кемедегі семетраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның қызуынан семетра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып ағады. Әйнек материалы осылай дүниеге келген деседі. Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізі жағалауындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Енді бір дерек бойынша, әйнектің отаны ежелгі Мысыр болған. Әйнектен жасалған моншақ, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейінгі VI ғасырға жататын ескерткіштерден табылған. Мысырлықтар әйнек массасына кобальт, мыс, марганец қосып, көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі.

Рим империясы Мысыр елін басып алғасын, әйнек өндіру Рим еліне өтеді. Империя құлағаннан кейін, әйнек өндірісі Византияға өтеді. Ал түрік жауынгер - лері Константинопольды жаулап алғаннан кейін, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, «биссер» атауы күллі әлемге мәлім бола бастады. Сумоншақтан тоқылған бұйымдар осы кезден бастап жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылып, киімдер, аяқ киімдер, сөмкелер және басқа заттар сумоншақтан жасалған оюлармен әшекейлене бастады. Ұзақ уақытқа шыдау үшін сумоншақ мықты жібек жіп немесе лескамен тоқылады. Сумоншақтан қазақтың ою-өрнектері, тұмар, алқа, шашбау, сырғалар және басқа да сәнді әшекейлер жасауға болады.

Тарихы құпия да қызық, су моншақ ертедегі Еуропа елінде еуроналықтардың өзге елдерді жаулап алуында өзіндік рөл атқарған екен. Еуропалықтар сумон - шақтарды басқа елдерге көрсетіп, қызықтырып, оларды алтын, бағалы заттарға, қымбат терілерге айырбастаған. Сумоншақ осылайша Еуропада кеңінен таралып, сұранысқа ие затқа айналды.

Ресей жеріне келуіне тоқталсақ, XII ғасырда Киевте ең алғаш сумоншақ жасайтын шеберхана ашылған. XVI ғасырда ресейліктер тас моншақты дінмен байланыстырып, икондар, насха жұмыртқаларын, сиынатын қасиетті орындарын сумоншақпен әшекейлей бастаған. Сумоншақтан жасалған жұмыстар түріне, түсіне, көлеміне байланысты бөлінген. Моншағының түсі адамның шыққан тегі, өмірге көзқарасы, қуаныш-қайғысын, отбасы туралы мағлұмат беретін болған. XIX ғасырда Ресейде тас моншақ кеңінен пайдаланылды. XX ғасырдан бастап сумоншақ тек әйел затына тән деп мойындалып, еркектерге арналған бұйым - дарға мүлде қолданылмайтын болды.

Сумоншақ тоқу технологиясы қазір күннен-күнге, жылдан-жылға дамып келеді. Бүгінде сумоншақтан тұрмыстың бұйымдар ғана емес, өнер туындылары да жасалады.

Сумоншақ қазір, негізінен, Жанония, АҚШ, Италия және Үндістан мемлекеттерінде өндіріледі. Ертеде жасалған сумоншақтардың сапасы өте жоғары болған. Олар музейлерде сақталған. Қазіргі өндіріс орындары сол сапалық деңгейде сақтауға тырысуда.

Бастауыш сынып оқушыларына жүзік, сырға, білезік, алқа, шолпы, шашбау, тағы басқа әшекей бұйымдарды моншақтардан жасатуға болады. Бұл әшекей бұйымдарды жасау үшін сымтемір, леска жібін қолдануға болады. Леска немесе мықты жіппен сырға, білезік жасау технологиясы кітапта берілген.

Сумоншақпен жұмысқа қажет керекті келесі құрал -жіп. Жұмыс барысында әртүрлі жіп қолдануға болады. Жіп жуан да мықты, моншақты тіккенде жұмысқа кедергі жасамайтын болуы керек. Жұмыстың әдемі шығуына жіптің сапасы ықпал етеді. Сумоншақпен жұмысқа арнаиы дүкендерде сатылатын синтетикалық жіп, соның ішінде лавсан мен матаның, лавсан мен зығырдың қоспасынан тұратын лавсаннан жасалған жіпті қолданған дұрыс. Жұмыс барысында жіпті қиюға мүмкіндігінше қолға ыңғайлы әрі өткір қайшы қолдану керек. Сондай-ақ, жіп орнына сым, жіңішке жез сым, леска қолдануға болады.




Сабақтың тақырыбы: Дизайн деген не?

  1. Білімдік: дизайн ұғымы және оның түрлері жайлы жалпы мағлұмат беру.

2. Дамытушылық: түрлі көлемдегі шаршыларды қолдануда және оны орынды орналастыруда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушылардың, шығармашылық қиялын арттыру, эстетикалық талғамын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әшекейленген ыдыстар суреттері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.

Еңбек нысаны: түрлі көлемдегі шаршыларды қолданып құмыраны безендіру.

Дизайн - үй немесе қызмет мекемесінің бөлмелері, ондағы жиһаздардың орналасуын эстетикалық тұрғыда, адамның көңіл күйін сергітетіндей әсем етіп безендіру. Үйде қонақ, жатын, ас, балалар бөлмесі және кіреберіс болады. Міне, осы бөлмелердің жалпы көрінісі, ондағы жиһаздардың орналасуы, олардың түр-түсі адамның көңіл күйіне, сергуіне, жұмыс жасауына әсер етеді.

Сол жиһаздардың бірі - қонақ немесе демалыс бөлмесіне орналастырылатын жұмсақ жиһазды бірнеше сіріңке қорабын бір-біріне біріктіру арқылы орындап үйренеді.


Сабақтың барысы:

Мұғалім оқушыларды сән әлеміндегі өзгерістермен таныстырып, бүгінгі күн талабына сай қолданылып жүрген интерьер, дизайн секілді жаңа терминдерге түсінік береді.

Интерьер - үй, кеңсе, мекеме бөлмелерін, ондағы жиһаздарды өңі мен бояуын өнертанушы, сәулетші, суретші-дизайнер, конструктордың өз идеясы бойынша эстетикалық тұрғыда әсем, ыңғайлы, үйлесімді орналастыруы.

Атақты американ дизайнері Чарльз Имс «Басқалардың көңілінен шығу үшін кез келген заттың жобасын алдымен өзің жасап көр» деген. Интерьер жобасын қарапайым адамның материалдық жағдайы көтеретіндей етіп құра білу керек. Дизайнер жиһазды орынды, жайлы, ыңғайлы да әдемі етіп орналастыра білуі керек.

Сарамандық жұмыс

Мұғалім жұмыс басында оқушылар әкелген сіріңке қораптарының бос екендігін және олардың санының жеткілікті екенін тексеріп шығады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту мақсатында оқулықта берілген жиһаздарды өз қолдарымен жасап, оларды тиісінше орналастыруды тапсыру керек. Жиһаздар қандай заттардан тұратынын және оның бөлшектерін анықтап алады. Жиһаз бөлшектерінің сыртын қағазбен қаптауда олардың шеттерін, бұрыштарын бүгу кертіктерін сызғышпен сызып алып қиылады. Қаптайтын қағаздың көлемі сіріңке қорабынан үлкен болатынын, желімдеу кезінде желім қағаздың бір жақ шетіне ғана жағылатыны көрсетіледі. Мұғалім желім, қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік және тазалық ережесін естертіп отырады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: оқушыларға конструктор бөлшектерін құрастыру және ажырату - ға байланысты оқушылардың білім, біліктерін кеңейту, бекіту.

2. Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстар орындауға қызығушылықтарын арттыру, зейінін, тапқырлығын шыңдау.

3. Тәрбиелік: шығармашылық жұмыстың тәрбиелік мәнін түсіндіру, шығар - машылықты сүйіспеншілікпен орындауға баулу.

Еңбек нысаны: әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасау.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал жабдықтар: суреттер, жасалған жұмыс үлгілері, журналдар мен нұсқаулықтар.


Сабақтың барысы:

Шығармашылық жұмыста орындалған өнер туындыларының ерекшеліктерін талдап, жұмысты өңдеу әдіс-тәсілі мен құрал-жабдықтарды анықтау керек. Шығармашылық - өте қызық жұмыс. Ол адамның сұлулыққа құштарлығын, өнерге қызығушылығын оятады, өмірдегі әдемілікті сезінуге, түсінуге жағдай жасайды.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім»,

- деп Абай атамыз айтқандай, жастай білім мен өнерге ден қойған жөн. Адам еңбексіз өсіп-жетіліп, дами алмайды, кері кетеді. Еңбек адамның жан-жақты үйлесімді дамуында шешуші фактор болып табылады. «Адамды адам еткен еңбек» деп Ж.Ж. Руссо айтқандай, адамзаттың осы күнгі дәрежеге еңбектің арқасында көтерілгенін ешкім, еш уақытта теріске шығара алмайды.

Жеке адамның және бүкіл қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын материалдың және рухани құндылықтар еңбекпен жасалады. Еңбек арқылы адамның ақыл-ой парасаты, мәдени болмысы, шеберлігі, эстетикалық талғамы жетіледі, өмірдің мәні мен маңызын түсінеді.

«Адамды ісінен, ағашты жемісінен таны» деген халық даналығы да адамның дамуындағы еңбектің маңызын көрсетеді. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Өсе-келе, көріп, танып, естіп, дүниедегі жақсы мен жаманның айыр-
масын түсінеді. Абай атамыз он тоғызыншы қара сөзінде: «Естілердің айтқан сөздерін естіген кісі өзі де есті болады» деген. Демек, баланы жастайынан білім, еңбекке тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесі - ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл
халықтың міндеті. Халқымыз еңбекті асыл мұрат санайды. Адам жанының сұлулығы істеген еңбегінен көрінеді. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулып, болашақта кәсібіне берік, «он саусағынан өнер тамған» шебер маман
болып шығуына жағдай жасау керек.

Шығармашылық еңбек барысында оқушылар өз күші қабілетін шамалайды. Оқушы өз еңбегінің қоғамдық маңызын неғұрлым терең түсінсе, жасаған жұмысы соғұрлым нәтижелі болады.

Әр азамат ел дамуына адал еңбегімен үлес қосуы үшін, оны жастайынан біліммен қаруландырып, еңбекке баулу керек.

Сарамандық жұмыс.

Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық. жұмыстар орындайды. Шығармашылық жұмысты топқа бөліп және жеке орындауға болады. Шығармашылық жұмысты оқу жылы бойы өткен тақырыптардың ішінен өздерін қызықтырған біреуін таңдап, оны күрделірек немесе басқа техникамен орындауларына болады.