Тақырыбы: У А Қ Ы Т Т Ы Ө Л Ш Е У.С Е К У Н Д

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Уақытты өлшеу. Секунд


Сабақтың мақсаты: Уақыттың жаңа бірлігі - секундты біледі,

уақыттың бірліктерінің арасындағы

қатынастарды анықтайды; күнделікті

өмірде бірліктерінің қолданылуын

түсіндіреді;топта үш таңбалы сандарды

талдайды және салыстырады, оларды

разрядтар бойынша көрсетіп береді.


Дамытушылық мақсаты: Оқушының танымдық қабілеттерін

дамыта отырып математикалық біліктерін

ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын

дамыту.


Тәрбиелігі: Қазіргі заманға сай бейімделген санасынада жаңа

рухани түйсік қалыптасқан. Алға қойған

мақсаттарына жетуге, шапшаңдаққа , жылдамдыққа

тәрбиелеу.


Әдіс- тәсілдері:Сұрақ -жауап, талдау - жинақтау,проблемалық түсіндіру.


Көрнекілігі: кестелер,тірек –сызбалар, үлестірмелер, сағат моделдері.


Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбекке баулу.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың оқу – құралдарын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

( №7 есеп 187-бет )

Р = 5см+4см+5см+4см = 18см


4. Өткен сабақты пысықтау

Сұрақ -жауап

1.Бір сағатта неше минут бар?

2. Бір тәулікте неше сағат бар?

3.Бір жылда неше ай бар?

4. Бір аптада неше күн бар?

5.Бір айда неше күн болады?

6. Қазір жылдың қай мезгілі?Оған қандай айлар жатады?

---Наурыз айында қандай мерекелер бар?

-- 8 наурыз және 22 наурыз

-- Аналар мейрамына санаулы күндер қалуына байланысты ,бүгін біз анамызға арнап гүл шоғын жинаймызОл үшін үш топқа бөлініп , гүл түсіне байланысты атымызды белгілейміз.

1- топ- « Ақ гүлдер»

2-топ - « Қызыл гүлдер»

3- топ - « Сары гүлдер»


Әр топ сабақ барысында жылдамдығына,білімділігіне ұйымшылығына байланысты өз құмыраларына гүл шоғын жинайды. Қай топ құмырасына

Көп гүл жинаса,сол топ жеңеді.


5. Жаңа сабақ Уақытты өлшеу.Секунд


  • Уақыттың жаңа өлшем бірлігі секундпен таныстыру үшін 1 минуттың қанша уақыт екенін секундтық тілі бар сағатты пайдаланып көрсету, түсіндіру.


Сағатта көрсеткіш үш тіл бар:1 -- сағаттық

2 – минуттық

3—секундтық

Уақыттың минуттан да кіші өлшем бірлігі бар. Ол - секунд, 1мин = 60с.

1 секундта біз екі –ақ қадам жасап үлгереміз. Ал,инелік 1 секундта 30-50 рет, қара шыбын 115-117 рет, маса 500-ге жуық рет қанат қағады екен.


6. Оқулықпен жұмыс.

1- тапсырманы еркін талқылау.Кестеде көрсетілген ууақыт бірліктерін өмірде қолдануға мысалдар келтіру.


2- тапсырма. Нүктелердің орнына сәйкес уақыт бірлігін қойып, сөйлемдерді оқыту.


3-тапсырма. Еліміздің мереке күндеріне байланысты сұрақтарға жауап алу.( ауызша)


Саусақтардағы буын санымен жыл мезгілдерін,ай аттарын есептеу арқылы оқушыларға өздерінің туғанайларын анықтату.


Бір жылда он екі ай бар,сонымен бірге төрт саусақтағы буын саны он екі.Сондықтан санаудың бұл түрі жыл қайыру—мүшел есебіне, ай ретін санауға, бір тәуліктегі сағат санын есептеуге өтғе ыңғайлы.Әр саусақтағы буын саны үш –үштен, олай болса төрт саусақ жылдың төрт мезгіліне сәйкес келеді.


Сұқ саусақ -наурыз,сәуір, мамыр ( көктем)

Ортаңғы саусақ -маусым,шілде,тамыз (жаз)

Аты жоқ саусақ - қыркүйек, қазан, қараша ( күз)

Шынашақ – желтоқсан, қаңтар, ақпан ( қыс)

Саусақтың салыстырмалы ұзындығы жыл мезгілдерінедегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Наурызда, қыркүйекте күн мен түннің теңеледі,ендеше сұқ саусақ пен аты жоқ саусақтың ұзындығы орташа. Қолдағы ең ұзын ортаңғы саусақтың бірінші буыны маусым айын көрсетеді.Бұл күннің мейілінше ұзаратын айы ( 22 маусым), ал ең қысқа күн шынашақтың бірінші буынына сәйкес келеді (22желтоқсан).


7. Сергіту сәті

8. Тақтамен жұмыс

Оқулықтағы № 4 есептегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу, құстардың пайдасын айтқызу.

Шарты:

Үкі -68 жыл

Аққу - ? 44 жыл қысқа

Шешуі: 68-44 = 24

Жауабы: Аққу 24 жыл тіршілік етеді.


Бүркіт - 46 жыл

Жапалақ - ?31 қысқа

Қарға -? 44 жыл ұзақ

Шешуі: (46-31) +44 = 59

Жауабы: Қарға 59 жыл тіршілік етеді.


9.Логикалық есептер.

1. Екі сиырдың неше мүйізі бар? (4)


2. Баласы 6 жаста , ал шешесі одан 36 жас үлкен. Шешесі неше жаста? (30)


3.Салтанат кітаптың 16 бетін ,ал Азамат 10 бет оқыды.Салтанат қанша бет артық оқыды? (6 бет)


4. 3 түйеқұс ұшып келеді. 1-ін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?

(түйеқұс ұшпайды)

5. 5 қойдың неше аяғы бар? (16)


6. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5)


7.Үңгірде тиіннің 6 құйрығы көрініп тұр. Үңгірде неше тиін бар?

(Тиінде құйрық біреу. Ендеше үңгірде6 тиін бар.)

10.Семантикалық картамен жұмыс.



11. Топтық жұмыс. « Сиқырлы шаршылар»



12. « Баспалдақ ойыны »

Топ басшыларын жарыстыру.


Ең көп гүл жинаған топ жеңеді..


13. Шығармашылық жұмыс.

10 орындықты үш - үштен бөлменің әр қабырғасына орналастыру


. . .

.

. .

. . . .


14.Бағалау.


15.Үйге тапсырма.

5 есеп, 189-бет.