Көрініс. Екі оқушы сыныпқа кіреді.
1-оқушы: - Фатима сен бүгін кезекші емесін бе?
Сыныпты тазалап кетпейсін бе?
Қыз: Ұлдар, біздің мереке қарсаныңда, өздерін жинап кетіндерші? Мен үйге асығып бара жатырмын.
2- оқушы: Жарайды мереке ғой, бүгінше біз жинай салайық.
Қыз: Рахмет ұлдар сау болыңдар!
1-оқушы: Сау бол!
2-оқушы: Ал Эльдар, енді кірісейік жұмысқа.
2- оқушы: Қарашы, Фатима асығыста өзінің кітабын ұмытып кетіпті. Арасында бір қағаз жүр екен.
2- оқушы: Қап, біз бір топ қыздың 8 наурызға арналған тілектеріне тап болыптық.
1 тілек: « Ұлдар бізге әсем ән арнасын!»
2 тілек: «Ұлдардың биін тамашалағымыз келеді».
3 тілек: « Сахналық өнерін көрсетсін ». «Көрініс»
4 тілек: « Ұлдар бізді таң қалдырсың ».
5 тілек: «Көңілімізді көтерсін».
6 тілек: « Ең ғажайып құттықтау сөздер ».
1 оқушы: Эльдар, сынып жинауды қойып мерекелік концертті ұйымдастыруға кірісейік! Кәне, ұлдарды шақырып кел!
1 жүргізуші: Армысыздар аяулы қыздар! Бүгін сендерді наурыз мерекесімен құттықтап, сый көрсетіп, шағын мерекелік концертімізді ұсынамыз!
Келеді ортамызға жайнап тасып.
Қыз баласын сыйлаған халқым менің,
Қошеметтеп қол соғып, қарсы алып.
Ортаға сері жігіттерімізді «Қыздар -ай» әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші.
Қыздардың 1-ші тілегін орындадық!
1-жүргізуші: Енді келесі тілектерін орындайық!
2-жүргізуші: Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем - дегендей, ұлдардың орындауында «Опа гананстайл» биі.
1-жүргізуші: Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
8-наурызды біз тойлап,
Қуанамыз бәріміз! 3 –тілек « Сахналық өнерін көрсетсін ».
Көрініс « Наурыз тв».
1-жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнерлерін ортаға салуға,
Жігіттеріміз тұр ғой асығуда. 4- тілек: « Ұлдар бізді таң қалдырсың ».
2-жүргізуші: Ортаға ұлдарымызды «Носа» биімен қарсы аламыз
1-жүргізуші: Біздің ару қыздарымыз! Сіздерге арнап дайындаған әзілдерімізді тамашалаңыздар!
1-әзіл: - Апа-ау, -деді Айдар. - Бүгін түк жұмыс істемеуің керек!Апасы мәз болып, алдындағы алжапқышын шеше бастайды.Сонда Айдар: -Бітпеген ісіңді түнгі он екіден кейін қайтып жалғастырсаң болады,-депті.
2-әзіл:-Қымбаттым! Саған 8 наурызға не сыйлайын?
-Тіпті... білмеймін...
-Ендеше тағы бір жыл ойлануыңа уақыт беремін.
1-жүргізуші: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
2-жүргізуші: Ал біздің аяулы да, ардақты қыздарымыз! Сендерге арнаған ойынымыз бар. Бізге ортаға 3 қыз керек. Ойынымыздың аты «Көктем аруы».
1-жүргізуші: Жігіттеріміз өз тілегін айтуға,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған жігіттермізді,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ұлдарымыз сендерге арнаған өлең жолдарымен сыйлықтары бар. (Музыка ойналады ұлдар өздері шығарған өлеңдерін қыздарға оқып, сыйлықтарын береді).
2-жүргізуші: Эльдар, біз бір тілекті орындамаған сияқтымыз!
1-жүргізуші: Әрине, ең басты қонағымыз Гульдана Болатовнаны құттықтауды.
Ортаға жігіттерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші: «Қош» дейміз, әлі талай мереке бар,
Өнерлерін шындай берсін, қалыспаңдар.
Көрермен көбейсін күннен-күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да.
1-жүргізуші: Тіршілік арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініште бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәрін аман болыңдар!
«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің
сәні бола беріңіздер!
Береговой жалпы орта білім беру мектебі
Сыныптан тыс і с-шара
Тақырыбы:
Өткізген: Токебаева Г.Б.
2014-2015 оқу жылы