Сабақтың тақырыбы: Балықтар, жорғалаушылар және қосмекенділер 3сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


6.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға балықтар,қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі туралы білім беру,оқу дағдысын жетілдіру,оларды саналы түсініп,дұрыс оқуға машықтандыру.ә)Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, сөздік қорын,тілін дамыту.б)Балықтарды,қосмекенділерді,жорғалаушыларды қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын әдісі. Сабақтың көрнекілігі:суреттер,Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. II.Үй тапсырмасын тексеру.(Сұрақтарға жауап алу.)1.Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады.2.Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.3.Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.4.Шағала келсе,сең бұзылады.5.Жыл құстары қаптап келсе,көктем ерте келеді.т.б III.Жаңа сабақ. Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар. -Оқушылар ,бір жылда неше мезгіл бар? -Қазір қай мезгіл? -Көктем. -Көктемде табиғатта болатын өзгерістер туралы не айтасыңдар?Күн жылынып,көктем келісімен су бетінің мұзы ериді, жер де жылына бастайды.Осы кезде балықтар,бақалар,кесірткелер,жыландар өзге тіршілік иелері секілді өз тіршіліктерін жалғастырып,көбейеді.Балықтардың жұмыртқасын «уылдырық» деп атайды.Олар уылдырығын суға шашады.Уылдырық күн өткен сайын үлкейіп,шабаққа айналады.Шабақтар үлкейіп балыққа айналады.Ал балықтар су өсімдіктерімен,майда жәндіктермен,ірі балықтар ұсақ балықтармен қоректенеді. Бақаны « қосмекенді» дейді.Бұл сөз «бақаның екі мекені бар-суда да жерде де мекендейді» дегенді білдіреді.Бақа-басы жалпақ,аяғы талтақ,қимыл-қозғалысы тез жануар. Бақалар қыс бойы су түбінде ұйықтап,көктемде оянып,көбеюге кіріседі.Бақалардың аталықтары қатты құрылдайды.Аналықтары жұмыртқасын балықтар секілді суға шашады.Бақалардың да жұмыртқасын «уылдырық» деп атайды.Күн жылынғанда бақаның кішкентай уылдырықтары тез өсіп,итшабаққа айналады.Итшабақтар су түбіндегі балдырлармен,су жәндіктерімен қоректенеді.Күн жылыған сайын итшабақтар тез өсіп,бірінші артқы ,содан соң алдыңғы аяқтары пайда болады.Кейіннен құйрықтары тартылып итшабақтар жас бақаға айналады да, судың жағасына шығады.Қосмекенділер құрт-құрмысқалар мен шыбын- шіркейлермен қоректенеді.Ал өздері балық, бауырымен жорғалаушылар, құстар, кейбір аңдарға қорек болады.-Оқушылар, мынау ненің суреттері?-Кесірткелер,жыландар. -Ал осы кесірткелер мен жыландарды неліктен жорғалаушылар деп атаймыз?-Себебі,олар бауырымен сырғып,жорғалайды. -Кесірткелердің түрлері өте көп.Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа ,бұтаққа өрмелей алады. Құмға батып кететін түрлері де бар.Кесірткелердің де көпшілігі жұмыртқалайды.Кесірткелер жұмыртқаларын күн көзі жақсықыздыратын жерге салады. Кесірткелердің арасында жемін күндіз де,түнде де аулайтын түрлері бар.Олар түрлі жәндіктермен,өрмекші ,құрттар,құстардың жұмыртқаларымен ,бақа,жыландармен қоректенеді.Кесіткелер ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жеп пайда келтіреді.Кесірткелердің терісінен түрлі бұйымдаржасалады.Кесірткелердің кейбір түрлері улы болады:Оларды көп аулаған.Сондық-тан олардың саны азайып, «қызыл кітапқа»енген. Жыландардың да түрлері өте көп.Жыландардың сыртқы құлақ (есту) тесігі болмайды.Сондықтан жыландар ауадағы дыбыстарды естімейді.Тілі ұзын, ұшы-айыр болады.Кейбір жыландар улы,ал кейбіреулері усыз болады.Улыжыландардың үстінгі жақтарында улы тістері болады.Ал усыз жыландарға тістері тек өз жемтіктерін ұстау үшін қажет балады. IY.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді тізбектей оқыту.Дәптермен жұмыс.Сөздік жазуУылдырық-балықтың және бақаның жұмыртқасы. Y.Сергіту сәті.Ойын. «Сәйкесін тап».Балық------жүзеді.Бақа------- секіреді.Жылан------- ысылдайды.Кесіртке------- жорғалайды.Құстар------- ұшады.YI.Шығармашылық тапсырма.Мақалдардың жалғасын табу,мағынасын ашу.1.Балық басынан ... . 2. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... ... .3.Тыныш жатқан жыланның ... ... . YI.Сабақты қорытындылау..-Балық,бақа,кесіртке,жыландар қалай көбейеді?-Бақаны неге қосмекенді деп атаймыз?-Балық пен бақаның жұмыртқасын не деп атайды?-Балық пен бақа уылдырығын қайда шашады?-Кесіртке мен жылан жұмыртқасын қандай жерге салады?-Бақалар немен қоректенеді. -Кесіртке, жыландар немен қоректенеді?YII.Үйге тапсырма.Мәтінді оқып мазмұнын айту,суреттерін салып келу.