Қостанай облысы
Қостанай ауданы
«Семенов орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Серкенова Күләйхан Амантайқызы
4 сынып
Математика
Тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.
Мақсаттары:
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге жаттықтыру.
Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: монеталар, қима қағаздар, қалалардың аттары, ақша қағаздар, «білім банкі», «касса» жазулары.
Сабақ түрі: «Капитал » ойыны
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсатын айту.
Бүгін көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейтуді үйренеміз. Сабақ кезінде «капитал» ойынын ойнаймыз.
Банк деген не?
Қор жинау деген не?
Біз бүгін «Білім банкіне» қор жинаймыз. Мен – Банк президентімін. Сендерге жинақтық қорын ашуды ұсынамын. Ең кіші салым – 4 монета. Әрбіреуіңе 6 монета берілген. Дұрыс жауап үшін Банктың кассасына барып монета саласыңдар.
1 тапсырма. Ауызша санау
Әрбір торкөз 4 апельсин деп санасаңдар, әрбір себетте неше апельсин бар?
8 6 9 12
[pic]
16 32 24 36 48
Әрбір торкөз 3 кг алма деп санасаңдар, әрбір себетте неше кг алма бар?
8 6 10 7
[pic]
12 24 18 30 21
3 оқушы бірінші болып тапсырған кредит алады. Кредитқа 2 монета беріледі.
2 тапсырма. Банк жүйесі деген ұғым бар. Банк жүйесі дегеніміз- ол қаланың әр ауданында не болмаса басқа қалаларда осындай банктер жұмыс істейді дегені. Білім банкі қандай қалаларда бар екенін анықтайық. Дәптерлеріңе бағанмен мысалдар шығарасындар.
1. 203*6 9. 2003*6 15. 200003*6
2. 2008*6 10. 22005*3 16. 10507*5
3. 7006*6 11. 42073*4 17. 1131*5
4. 4308+249 12. 4805+2609 18. 1264+168
5. 908*2 13. 2804 * 2 19. 2023*2
6. 304*8 14. 3707*2 20.4065+2019
7. 13242*2
8. 31202*3
Қатармен жұмыс.
Жауаптары: 9. 12018-Р 15. 1200018 - А
1. 1218 -Қ 10. 66015 -У 16. 52535 -С
2. 12048-О 11. 168292 -Д 17. 5655 - Т
3. 42036-С 12. 7414 –Н 18. 1432 -А
4. 4557-Т 13. 5608 –Ы 19. 4046 - Н
5. 1816 -А 14. 7414. – Й 20. 6084 - А
6. 2432 –Н
7. 26484-А
8. 93606-Й
3 қала: ҚОСТАНАЙ, РУДНЫЙ, АСТАНА.
3 тапсырма
Білім банкі «Үлгілі депозит» ашуға болады деп жариялайды. Онда үш саты бар.
1 саты- жай есеп
5 көйлек тігу үшін 15 м мата қажет болды. 60 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады?
15:5= 3 м 60:3 = 20 (к) Ж: 20 көйлек.
2 саты- орташа есеп
Бірдей 3 жүк вагонымен 144т картоп тасуға болады.240 т картопты тасу үшін осындай қанша вагон қажет болады? 480 т картопты тасу үшін ше?
144:3 = 48 т 240: 48 = 5(в) 480: 48 = 10(в) Ж: 5 вагон, 10 вагон.
3 саты- күрделі есеп.
Шаруа қожалығы 1128 т бидай, одан 250 т кем қара бидай және бидайдан 8 есе кем арпа сатты. Шаруа қожалығы барлығы қанша астық сатты?
1128-250 = 878 1128: 8 = 141 1128+878+141= 2147 Ж: 2147 т .
Осыған байланысты әркім өз мүмкіндігіне қарай есеп алады.
Тақтада шығарылады.
4 тапсырма.
Білім банкі оқу курсын ашып жатыр. Мұнда «Банк менеджері», «Озат тұтынушы» деген лауазым беріледі.
Ол үшін күрделі теңдеу шешуі керек.
305*3-х = 809 10 007*2-в = 10 000
10 000 –а = 4008*2 945 783-30 009: х = 945 780
5 тапсырма. «Сыйлық» депозиті.
Салыстыру - №6
6 тапсырма – «Озат» депозиті.
№ 7
Қорытынды: Кассадағы монеталар саналады. Бағаланады.