Тақырыбы: «Дос іздеудемін»
Сынып: 4
Мақсаты:оқушыларға өздігінен ашылуға көмектесу; қарым-қатынастағы кедергіні жеңуді қалыптастыру; қатынасу дағдысын жетілдіру .
Материалдар: қалам, хабарландыру жазуға қағаз.
Сабақтын барысы
1.Талақылау:«Адал достық, амал достық» дегенді қалай түсінесіңдер? Сендер қандай адамдармен дос болғыларың келеді?
-Дос – ол біз сенетін, бізді қолдайтын, бізге жаны ашитын адам. Досымызға өз сырымызды сенімділікпен айтамыз. Ал сендер өздерің ойлаңдындар ма, сендер өздерің «дос» деген түсінікке лайықсындар ма? Кім сендерді сенімділікпен досым деп айта алады? Кім сырын ашу деген сөздің мағынасын түсіндіреді?
2. Тақырыппен жұмыс: (тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтау, өз қалауы бойынша оқып беру)
Ашық айтқанда, бүгінгі күнге дейін маған..... қиын.
Ашық айтқанда, мен үшін..... өте маңызды.
Ашық айтқанда, мен.... жеккөрем.
Ашық айтқанда, мен.... қуанамын.
Ашық айтқанда, өмірде ең маңызды.....
-Біз өз сырымызды біреуге айта аламыз ба? Қолдарыңды көтеріңдерші, кімде сенетін, нағыз досы бар? Ересек адамдар (ата-ана, мұғалім) сендерге дос бола ала ма?
3. Хабарландыру: «Дос іздеудемін» (өзі туралы аздап жазу, немен шұғылданады, нені жақсы көреді. Хабарландыру қысқа болу керек, бірақ шын жүректен жазылу керек. Аттарыңды жазбауға да болады, не болмаса өз ойыңнан ат қоюға болады. Жазып болған соң, жүргізуші жинап, оқиды. Ал қатысушылар авторы кім екенін тауып алу керек)
4. «Ақпарат беру» жаттығуы.
Мақсаты: біреуден естіген ақпаратты бір-бірінен естіп, қалай жеткізілетіні жөнінде көз жеткізу
Қатысушылар шеңбер бойынша отырады, ортасынан 7 адам шығады. Жеті адамның біреуі қалады, алтауы есіктің сыртына шығып кетеді. Тренер сол бір адамға қысқа мәтін оқып береді, қалғандары тыңдаушылар. Есіктен адамдарды бір-бірден шақырады да, кезектесіп бір-біріне сол ақпаратты жеткізеді. Соңғы адам шеңбердегі қалған адамдарға естіген ақпаратты айтады.
Шешім: бірден мәліметті шала естіп, ұрсыса бастағанша, алдын ала болған істі анықтап сұрап алған жөн.
5. Қоштасу рәсімі: «Әрдайым... , ешқашан... . »
Мақсаты: достыққа байланысты бір-біріне тілек айту
«Әрдайым.... , ешқашан..... . » (шеңбер бойынша тілек жолақшасын қолына сағат сияқты салып, өз ойларынан тақырыпқа байланысты тілек айтады)