Открытый урок по казахскому языку на тему Етістік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: Етістік


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Етістік туралы түсінік беру, етістікті сөйлем ішінен тауып,

оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс

жасату арқылы танымдық біліктері мен дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылығы: тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың

теориялық ойлауын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, түсінгенінен қорытынды шығара

білуге және сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабақ .

Әдісі мен тәсілі: ой- қозғау, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, қима қағаздар, слайдтар.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 слайд. 1. Психологиялық тренинг.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қазақ тілі- бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын,
Тіліме кім тағар мін
.

2. Проблемалық жағдаят туғызу.

- Балалар, бүгін біз үшін ерекше, әрі әсерлі сабақ. Біз саяхатқа Тараздан Астанаға теміржол арқылы поездбен барамыз.


2 слайд. Жұмбақ

Қатар жатқан қос білек,

Үстінен келер күш үдеп

(теміржол)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


  • Балалар, біз саяхатқа шықпас бұрын білімімізді тиянақтау үшін зат есім тақырыбы бойынша ережелерді еске түсірейік.


3. Арнайы сөздік қор алу. 5 минут (өткен ережелерді жатқа жазу керек)

Өтілген тақырыпты бекіту (суретпен жұмыс)







ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.


4. «Пантомимо» ойыны.

Ойынның шарты: Әр оқушы берілген сөздерді тек қимылмен көрсетіп

түсіндіреді, ал қалған оқушылар қандай сөз екенін табады.

Оларға сұрақ қойылады?

  1. Бұл сөздер қай сөз табына жатады ?


Жүгірді Жүзді Ұшты Жазды


- Балалар, қимыл арқылы сөздерді таптық, қай сөз табы екенін де анықтадық. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Етістік».

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

ІV. Мағынаны ашу стратегиясы.


- Енді біз Шу бекетіне келдік. (Шу бекеті туралы мағлұмат) Бұл бекеттің тапсырмасын орындау үшін оқулықтағы 1-жаттығуға көңіл аударайық. Шарты: өлеңнен етістіктерді тауып, олардың астын сызу.


5. Жаттығулар орындату.

- Міне, Қазақстанның ең ірі көлі Балқашқа да келіп жеттік.

3 слайд. 2-жаттығу. Жаңа ақпараттар (фото-суретпен жұмыс)

  1. Қаз бен үйрек 110 градусқа дейінгі суыққа төзеді.

(қаздың 7 түрі, үйректің 26 түрі бар)

2) Керіктің тілінің ұзындығы 60 сантиметрге жетеді.

3) Аралар сары гүлдерге көбірек қонады.

4) Кактус жылына бір рет гүлдейді.

5) Жапалақ қорегін түнде аулайды.

- Ал, балалар, Қарағанды қаласының тапсырмасы күрделірек екен. Бұл тапсырманы жақсылап ойланып, асықпай орындауға тырысайық. Егер бұл тапсырмадан қателессек, Астанаға жете алмаймыз.


4 слайд. 4-жаттығу. ( оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрастыру)


«Арман мен күшіктің достығы» мәтініне ат қою.

1-оқушы: Қыс. Далада қар жауып тұр. Арман көшеге серуенге шықты.

Ол келе жатып, иесіз жаурап тұрған кішкене күшікті көрді.

2-оқушы: Арманның артынан күшік еріп жүрді.

3-оқушы: Жаураған күшікке Арман қол шатырын берді.

4-оқушы: Екеуі де қар астында қалмау үшін қол шатырды бірігіп ұстады.

Мәтінге байланысты сұрақ қою.







Көмекші бағдарламасымен оқитын Спанбетова Айгерім және Л.Брайль жүйесі бойынша оқитын Ізтілеу Айданамен жеке жұмыс:


Спанбетова Айгерім : сөздерді буынға бөліп жазу, дауысты дыбыстарды

анықтау.

Ізтілеу Айдана: қима қағаздағы заттарды анықтап, мәтін құрау.



6. Түзету жұмысы: Артық сөзді тап?



7. Сергіту сәті: Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмайды жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

- Міне, балалар, көптен күткен Астанаға да келіп жеттік. Енді осы Астана қаласына берілген тапсырманы орындайық...

8. 5- жаттығу. (дәптерге, тақтаға орындату)

Шарты: Өлеңді аяқтау.

Қанатым...

Қиялым...

Ақын да, ғалым да...

Ұстазсыз...


- Ал енді, балалар көңіл-күйлерің қалай? Қимыл іс-әрекетке байланысты қандай сөздер білдік? Қандай қалалардың үстінен өттік?








9. Сабақты қорытындылау: Етістік туралы не білдік?


[pic] Сөз табы

[pic] [pic] Етістік Заттың қимылын білдіреді

Іс-әрекетін білдіреді

Сұрақтары: не істеді?

қайтті?

не қылды?



10. Оқушы білімін бағалау.

Мадақтау.



11. Үйге тапсырма: 7- жаттығу