20.10.16ж.Тақырыбы:Қауын мен қарбыз. Мақсаты:а) Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқуға, ертегінің негізгі ойын табуға үйрету;ә) тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту;б) достықты құрметтеуге, ынтымақшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.Өзара бірін-бірі бағалауды үйрету.Әдіс тәсілдері: сыни ойлау, диалогтік әңгіме, бағалау, рефлексия
Көрнекілігі: маркер,плакат,суреттер,оқулық
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Күн мен сенен жылу аламын, Жүрегіме саламын. Досыма сыйлаймын, Сәттілік тілеймін.
II.Үй тапсырмасын тексеру: «Ормандағы оқиға» 1.Ертегінің авторы кім?2.Екі ағаштың бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды?3.Қайың мен Қараағаштың ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті.?4.Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті? III. Жаңа сабақ: Қауын мен қарбыз. Жұмбақ шешейік: Іші жұмсақ, сырты қатты, Домаланған ала бас Етті-секер, сүті-тәтті. Қарбыз Дәмді шырын даяр ас Қауын Топтастыру әдісі: Сурет бойынша жаңа сабақты түсіндіру. Оқулықпен жұмыс.Оқушыларды рөлге бөліп оқыту. Мәтін астындағы сұраққа жауап беру. Жоспар құру. 1.Қауын мен қарбыздың достығы.2.Қауын мен Қарбыздың шешімі. 3.Атайдың Қауынды тауып алуы.4.Қарбыздың мұңы,жалғызсырауы. 5.Баланың Қарбызды тауып алуы.6.Атаның дәндерді егуі. 7.Көпті корген ата. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы. -Балалар олай болса мен сендерге Қарбыз бен Қауын туралы қысқаша мәлімет алайық. Қауын-қауынның ең алғаш пайда болған мекенін дәл басып айту қиын.Дегенмен,қауынның отаны-Египет деп тұжырым жасаған.Жер бетіндегі мемлекеттер Қауындар Египеттен тараған дейді.Ал «Арабтар»ортағасырларда қауынды Жерге түскен «Жұмақтың жемісі»ретінде таныған.Қауын көбінесе Италияндардың сүйікті тағамдары болған.Тарихшылардың айтуынша Рим Императоры Клавдий Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген екенюҚауынның құрамында қант,А,Р,С дәрумендері глюкоза бар.Қауын жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады. Қарбыз – қарбыздың отаны – Африка.дәлірек айтсақ Оңтүстік Африка саналадыюҚарбыздың сол Африкадан бүкіл әлемнің түкпір-түкпіріне таралған.Қарбыздың Қытайдағы мәртебесі өте жоғары.Себебі,күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап өтеді екен.Қарбыздың құрамында фруктоза,В1,В2,С дәрумендері,азотты заттар бар. IV.Сергіту сәті:Ой толғау: Топтық тапсырмалар: 10 мин
1-Топ: қиын сөздерді тап; 2- Топ: «Дән қауынның жүрегі, осы өлмесе, ол мәңгі жасайды» дегенді қалай түсінесіңдер? 3-Топ:ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?
V.Қорытынды: 1.Ертегіні кім жазған? Ж.Әлмашев 2.Ертегіде неше кейіпкер бар? Қауын,қарбыз,ата,бала,автор. 3.Қауын кіммен кездесті? Баламен,атамен. 4.Не үшін кездесті? Ен далада өлмеу үшін. 5.Қауынның шыққан мекені? Египет. 6.Достық туралы мақал мәтел айт. Бес жолды өлең: Ой толғаныс 1.Не? Қарбыз Қауын 2. Қандай? Тәтті,дәмді Пайдалы,шырынды 3.Не істейді? Өседі,өнеді,щіриді Көбейеді,піседі 4.Сөйлем Біз бақшада қарбыз жинадық Қауын шөлді басады 5.Синоним Көкөніс Көкөніс Рефлексия : - Бүгінгі сабақ соңында қандай сезімде болдым?
VI .Үй тапсырмасын беру: 1- топ: «Егер мен қарбыз болсам...» аяқтау.
2-топ: Ертегі бойынша сурет сал.
3- топ: Ертегіні сахналау
VII.Бағалау .Үйге:оқып, мазмұнын айту.