Тақырыбы: Мектеп. –қа, -ке, -ға, -ге.
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөз байлықтарын молайту. Мектеп туралы жалпы түсініктерін анықтау. Қарапайым сөйлем құрап үйрету. -қа, -ке, -ға, -ге жалғауларын қолданылуын үйрету.
Міндеттері:1. Оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықталады; Жаңа сөздермен танысады, олардың қолдану аясын көреді; үлгілер бойынша сөйлеуге үйренеді; -қа, -ке, -ға, -ге- жалғауларының магынасын түсініп, қолдану ережелерімен танысады.
2. Оқушылар сабақ барысында оқу, жазу дағдыларын дамытады; байқағыштық, логикалық ойлау, ізденістік қызығушылығын дамытады.
3. Өзара жұмыс істеу, бір-бірінің ойын тыңдап, қабылдау және бір-біріне көмектесуді үйренеді
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың типі: топтық жұмыс
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, қарапайымнан күрделіге, сұрақ-жауап, ассациативті топ, интерактивті тәсіл, көрнекілік.
Сабақта қолданылған көрнекіліктер: Суреттер, лото ойыны, қима қағаздар, бағалау фишкалары, интерактивті тақтаны пайдалану.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
2. Өткен сабақтың тақырыбын қайталау – лото ойыны арққылы. 10 мин
3. Жаңа сабаққа кіріспе–ассациативті топ (қызығушылықты ояту) 5 мин
4. Жаңа сабақты түсіндіру-сөздік, сөйлем құрау,
жалғауларды дұрыс жалғау арқылы (презентация арқылы) 17мин
5. Бекіту – жазба жұмыстарын орындау(актив студио арқылы) 8 мин
6. Бағалау –фишка саны арқылы 1 мин
7. Жаңа тақырыпты бекіту 1 мин
[pic]
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сәлемдесу, түгендеу, 3 топқа бөліп отырғызу. «Жемістер», «Жидектер», «Көкеністер».
2.Откен сабақтың тақырыбын .
3 топқа жемістер, жидектер, көкөністер, азық-түліктер суреттерін таратылып беріледі. 1-топ жемістер, 2-топ жидектер, 3-топ көкеністердің суреттерін жеке-жеке теріп себеттке салу керек. Үстелде тек азық-түліктер қалу керек. Тақтаға әр топтан бір-бір оқушы шығып шығып жауап береді, екінші оқушы көрші топтың жауаптарын тексереді (жеке және оқушылармен бірге «иә-жоқ» жауабы арқылы.
3.Жаңа сабаққа кіріспе.
Ауызша ассоциативті топ құрау арқылы сабақтың мақсатын анықтап, жұмыс бағытын белгілейміз.(Мектеп жайлы әңгімелесу және –қа, -ке, -ға, -ге – бағытты білдіретін жалғаулардың қолдануын үйрену). Ассоциативті топ «Мектеп» сзіне құрастырылады.
[pic]
4. Жаңа сабақт ытүсіндіру.
• Жаңа сөздермен танысу.
[pic]
- Суреттегі таныс сөздерді оқушылар атап шығады, ал таныс емес, жаңа сөздерді, жеке, хормен оқып қайталайды.
• Мектеп – мектепке байланысты сөздерді атап шығады;
• Сынып – сыныпқа байланысты сөздерді атап шығады;
• Асхана – асханаға байланысты сөздерді атап шығады;
• Кітапхана- кітапханаға байланысты сөздерді ашығады;
Оқушыларға жаңа сөздер жазылған қима қағаздар таратылып, сөздік-дәптерлеріне желімдеп қояды.
• Осы берілген сөздермен сұрақ-жауап арқылы шағын мәтін құрау
Мынау мектеп. Мынау (кішкентай) үлкен мектеп. Мектепте асхана, кітапхана бар. Мынау менің мектебім.
• Сөйлемді «бар-барамын» сөзімен байланыстырып құрау керек.
«Бар» - «иди» сөзі бағытты білдіретіндігін, оның шартты белгісін( )естеріне түсіреді. Сол арқылы сөйлем құрауға тырысады. «Бар» сөзі –қа, -ке, -ға, -ге жұрнағы жалғанған сөздермен (зат есіммен) қолданатындығы түсіндіріледі.
[pic]
• Сабақ барысында үйренген жалғауларды, жаңа сөздерді пайдаланып өз бетінше сөйлем құрау.
5. Бекіту- жазба жұмыстарын орындау
• Жалғаулардың жуан, жіңішке болатындығын бекітіп, үндестік заңы бойынша жалғанатындығын қайталау және тақтадағы жаттығуларды орындау.
Тапсырма: барыс септігінің жалғауларын үндестік заңы бойынша берілген сөздергедұрыс жалғау керек.
АЛМА, СҮТ, ӘКЕ, МЕКТЕП, КІТАПХАНА...
-Сөздерді дұрыс орналастыру үшін оқушылар ауызша жауап береді – мұғалім тақтамен жұмыс істейді.
• Сөздердегі бос торларға керекті жалғауларды жалғау керек. Әрбір оқушы өз дәптерінде жаттығу жұмысын орындаған соң, топ ішінде өз-өздерін тексеріп таратпа карточканы толтырады. Мұғамімге тапсырады, жұмыстар оқушылармен бірге тексеріледі. Тақтаға дұрыс нұсқасы жазылады.
Мен мектеп... барамын. Мен асхана... барамын. Мен үй... барамын.
6. Бағалау- жиналған житон (суреттер) бойынша қорытындылау.
7. Жаңа тақырыпты бекіту