Сайыс Мен қазақ қызымын

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Мен қазақ қызымын» сайыс

Мақсаты: қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет – ғұрыпын, салт – дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен патша көңіл көрермендер! Бүгін біздің «Қызғалдақ» лагерде үлкен мереке. Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өз бағын сынауға дайын.

Қыз сұлу көрінеді қылығымен

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы

Қыз сулу көрінеді білімімен.

Қыз сулу көрінеді шашыменен.

Ай қабақ қиғаш қара қасыменен

Қыз сулу көрінеді толған айдай

Қыз сулу көрінеді өнерімен.

Құпырды мектебімнің арулары

Өткендей сұлулықтың елегінен – дегендей ұйымдастырылып отырған «Мен қазақ қызымын» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатыдай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген, сымбатты аруларымызды ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

Бірінші қыз білімді

Меңгерген бар ілімді.

Екінші қыз елгезек,

Алады тез тіліңді

Үшінші қыз мақпалдай,

Ағарып таң атқандай.

Төртінші қыз үлбіреп,

Қос жанары мөлдіреп.

Бесінші шығады,

Бұрымдары желбіреп.

Алтыншы қыз

Бойында жоқ бір мінің

Жетінші қыз толған – ай,

Айдай көркем болғаны – ай

Жүргізуші:

Ал енді бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтары әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:

Әр қыз өз сандарын таңдайды (жеребие) Әділқазы алқасында сандар жатады,сол сандардан тасңдайды.

Жүргізуші: Жалпы сайысымыздың шартымен таныстырып кетсек.

1.«Сәлемдесу»-Өздерін таныстыру

2.«Мен қазақтың қызымын дара туған»- Көркем сөз оқу

3.«Мен қазақтың қызымын »-Өз өнерлерін көзсету

4.«Сән үлгісі-қазақ қызына тән сән үлгісі

5.Білімді мыңды жығар (сұрақ - жауап)

1.«Сәлемдесу»-Өздерін таныстыру

1. «Сәлемдесу» өзін танысытру. Қыздардың көпшілік өзі- өзі ұстауы, жүріс – тұрысы және де киім киістері, өзін- өзі таныстыруы бағаланады.

Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнер жетер деймін,

Сынға түскен арулар кезектесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Ал, сайысқа қатысушы арулар сіздерге сәттілік тілей отырып, алғашқы сайысымызды бастаймыз.

І - бөлім: «Сәлемдесу»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ - бөлім: «Мен қазақтың қызымын дара туған»- деп аталады. Бұл бөлімде ару
лар көркем сөз оқу
ІІI - бөлім: «Мен қазақтың қызымын дара туған»- «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, домбыра тарту т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
ІV бөлім: «Сән үлгісі»- деп аталады. Бұл бөлімде арулар қазақ халқының сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.
V бөлім:. Білімді мыңды жығар (сұрақ - жауап)
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі
I бөлім «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
ІІ бөлім «Мен қазақ қызымын дара туған»
Бұл бөлімде аруларымыздың дайындаған қазақ қызының бейнесін тамашалайық. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз. Әр қатысушы
көркем сөз оқиды.
( музыкалық сәлем) Әсем ән. орындайтын: Шияп Ризабек

ІІI бөлім: «Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының - деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

( музыкалық сәлем) топпен флешмог.
IV бөлім Бұл бөлімде байқауға қатысушы қазақ халқынына сай сән киім үлгісін көрсетеді.
Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз

V бөлім:. Білімді мыңды жығар (сұрақ - жауап)

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,

Лагердің аруы деп жүрейікші,

Әділқазы алқасына тек әділдікті

Ал аруларға сәттілік тілейікші.

( музыкалық сәлем)

әділқазы алқасы ұпайларын шығарғанша қыздарымыз музыкалық сәлемдемені қабыл алыңыздар.
































4 мектеп жанындағы «Қызғалдақ» жазғы демалыс лагері

II кезек






«Мен қазақ қызымын»






Дайындаған: Кенжегулова С.

Ергебек Ж.

Қойшыбекова Ж.





2016 о.жыл