Конспект на урок Дуниетану

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Дүниетану сабағының жоспары

(өзін-өзі тану сабағымен кіріктірілген)


Мектеп 28 орта мектеп Мерзiм: 21.04.2016 № 15 кабинет

Тақырып: «Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық.

Мұғалiм: Рятова Сәнгүл Сыныбы: 3 а Оқушылар саны 23



Сабақ мақсаты:

Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

а) білімдік:

мейірімділік сезімінің мәнін ашу;

ә) дамытушылық:

табиғатқа қамқорлық жасау, жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

б) тәрбиелілік:

оқушыларды қамқор, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.


Ресурстар: электронды тақта, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, үнтаспа,асық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық ахуал

  3. .Жағымды көңіл күй


4.Үй тапсырмасын тексеру (тест арқылы)

Сабақ барысын талдау:

Әуен ойналады.


«Теңіз түбініне саяхат» тақырыбында мәтін оқылады.


Талқылау.


Жаңа сабақ

Слайд арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі






Дәйексөз.

(оқушыларға топта талқылауға беру)

1-тапсырма Топтастыру

Жануарлар

1- Қандай түрлері бар?

2-Ол туралы не білеміз?

3-Қайда мекендейді?

4-Немен қоректенеді?





Табиғат аң –құсымен ажарлы


Мұғалім сыйы



«Жақсылық пен жамандық» ертегісі.



























































































Мәтін оқылып болғасын

мазмұнын талқылау:



1.Мәтінде қандай іс-әрекеттер (жағымды жағымсыз) болды ? (кандай өнеге алдың)



2.Бала неге жамандықтың айтқанын тыңдамады деп ойлайсың?



3. Егер Сен болсаң не істер едің?






Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда Жақсылық «істе» десе, Жамандық «істеме»деп сыбырлайды екен.Сөйтіп,адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:

-Адам, ана балыққа көмектесіп жібер,-десе, Жамандық:

-Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма,- дейді.

Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутендеп, көмек сұрғандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:

- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді.

Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:

-Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді,-дейді.

Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.

Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:

-Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе?- деп налыған екен.

Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.

Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:

(Әрі карай өз ойларыңмен жалғастырып көріңдер бір ауыз сөзбен) 3 оқушыдан сұрау

(жалғастырып оқу)

-Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  • 1-топ Жануарлар туралы мақал-мәтел жинастыру

  • 2-топ Жануарлар туралы тыйым сөздер топтау.

  • 3-топ Жануарлар туралы қандай (өлең,жыр, әңгіме) шығармалармен таныстық? үзінді айта аласыз ба?

  • 4-топ “Жануарларды қалай қорғап, сақтап қаламыз” тақырыбына өз ұсынысыңыз...


Топпен ән айту

«Балауса» әні

Үй тапсырмасы

Жануарлар туралы дерек іздеу

Соңғы тыныштық сәті


Сабақты қорытындылау

Видеоролик / табиғат тамашалары/ Т. С.


Сіз жан-жануарларға қандай жақсы, игі іс жасадыңыз? Тілек ағашына жапсыру