Сабақтың тақырыбы: Адамгершіліктің шуағы сөнбесін!
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік туралы білімдерін жан-жақты кеңейту,оқушыларды инабаттылыққа,кішіге қамқор болуға,адалдыққа,шыншылдыққа,патриот болуға,Отанды сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,гүлдер,шарлар,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
(Жай әуен ойналып тұрады)
Кіріспе. Мұғалім сөзі:
«Тәрбие-тал бесіктен »деп бекер айтылмаған.Қазақ қоғамының қол жеткен табыстары ұшан-теңіз.Тарихымызды түгендеп,мәдени мұраларымызды жинастырудамыз.»Адамгершілік» сөзі қазақ тіліне араб тілінен енген.Адамгершілік дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу,жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу.Адамгершілігі мол адамдар –қоғамның баға жетпес байлығы,әрі мәртебесі.Ол аға ұрпақтан жеткіншек ұрпаққа берілетін, ал жеткіншек ұрпақ оқыып-тоқып,үйреніп,бойына сіңіретін ,рухани ынта мен еңбекті қажет ететін қасиет.»Жаста берген тәрбие ,жас қайыңды игендей»деген сөздердің мағынасы осыған саяды. Олай болса адамгершілік - әлемдегі ізгі қарым-қатынастардың кілті.
Ендеше,адамгершіліктің қарапайым қағидаларын айтып көрелік,не жатады екен. (слайд арқылы көрсетіледі)
Мұғалім: Амандасу.бейбіт пейілдің,достық ықыластың белгісі.қазақ халқында амандасуға айрықша мән беріледі.Олай болса,тақтаға қаралық.
(слайд көрсетіледі)
1-ж: Өмірде жаман адам туылмайды.Барлық жақсы қасиеттер мейірімді,кешірімді,адал,ақылы мол адам бойында болады.Осының бәрі рухтан туындайды.Ал,рух дегеніміз не? Рух дегеніміз - адам бойындағы бір күшті қуат,сезім.Күн адамның рухы болса,,күннің сәулесін ақыл деп алайық. (Күн боп киінген бала шығады)
2-ж: Мына күнге қараңдаршы, Осы жарық күнді біз мейірман шуағын төгетін құдіретті анаға теңейік.Бірақ күніміздің бетін жартылай бұлт басып тұр,яғни бұл ана жүрегіндегі көлеңке сезімі.
1-ж: О ,алтын күн көктегі,
Арманың болар көп тегі
Күн: -Ең әуелі арманым,
Өртенбей еш орманым.
Құты қашып елімнің
Солмаса гүлі жерімнің
Ренжітпей бірін тек
Адамдар жүрсін күлімдеп
Деп төгемін нұрымды
2-ж: Күннің бетіндегі бұлттарды ашып,ана көңілін сергітуіміз керек.Сондықтан күннің өзінен сұрайықшы.
Күн. Менің көңілімді сергіткілерің келсе, «Білегі күшті бірді жығар,білімі күшті мыңды жығар» дегендей ,тақпақ -өлеңдер айтып беріңдер.
о:
Анам маған үлкенді сыйла деген
Сол сөз маған ізгілік қойған ерен
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем
2-о; Ақыл сана біліммен
Өнеріме сенемін
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін
3-о. Еңбек етсем ертеңгі
Бақытыма сенемін
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін
Достық іспен қасты да
Жеңеріме сенемін
4-о: Сабыр деген әр іске шыдамдылық
Қатты керек адамға бұл бір қылық
Қолы жетпей талай жан ызаланар
Осыдан кеп шығады адамшылық
Көрініс: Асыл шөп
1-ж: 1- бұлттан балалардың білімділік ,адамгершілік,сабырлылық қасиеттерін байқадық(бұлт алынады)
2-ші бұлтты алу үшін не істейміз?
«Досыңның жақсы қылықтарын айтып мадақтау»
2-ж: 2- бұлт жақсылықты бағалауға оқушылардың сенімін тудырды.
Күн: 3- бұлтты ашу үшін жанымдағы екі бұлттың астында тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындау үшін , екі бала шықсын.
1-топ: Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы келмейді.Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді.Ал,сен не істер едің?
2-топ: Сенің үлкен ағаң анасына құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп,ал шындыығында ол компьютер клубына ойнауға кетті.Ол жайды сен білесің.Егер анаң сенен сұрай қалған жағдайда не айтар едің?
1-ж: Біз қолайсыз жайлардан түзу жолмен өтерін байқадық.
1-ж: Мінекей балалар күніміз жарқырап шыға келді.Ашылған бұлттың соңында әсем кемпірқосаққа назар аударайық.Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.Осы түстердің өзіндік ерекшеліктері бар.Ендеше сөз кезегін сол түстерге дерейік.
Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар
Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр
Үйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңды,күлдірткеніңді аз да болса,еске түсір.
Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс.бәрінен жақсысы жаныңды жадыратыып,рахатқа бөленесің.
Басқалардыың қажетіне жарай білуге талпын.
Тыныштық сақтай білуге ұйрен.нәзік үнмен биязы сөйлеуге үйрен.
«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»
Күн: Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Жер шарыныың ұл қызыын
Жылытуға жетер қызуым.
Тренинг :»Адамгершілік қасиеттерім»
Оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерді бәйтерекке жазады.Қасиеттер неғұрлым көп болса,бәйтерек биіктей береді.
Қорытынды
Қымбатты оқушылар!Біздің бойымызға адамгершілік қасиеттер ана сүтімен,әже мейіріммімен ,Отан жылуы,махаббатымен тарайды.Олай болса,анамыз аман,еліміз тыныш болсын! Бәйтерегіміз биіктеп ,жайқалып өсе берсін,яғни сендердің бойларыңдағы жақсы қасиет терің де биіктей берсін!